«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Модельді ауыл кітапханасы: тұрғындарға қызмет к өрсетудің жаңа сапасы мен мүмкіндіктері

БҚО, Ақжайық ауданы ,Мерген ауылы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы

Қай дәуірде де қоғамның мәдени өмірінің,мәдени тарихының бірден-бір көрсеткіші-кітапхана.Мемлекет мәдениетін танытатын да-кітапхана.Өткен тарихты өшірмей,ұлт жадын мәңгілік сақтайтын мекен де кітапхана.

Олай болса,Мерген модельді ауылдық кітапханасы 2007 жылдың маусым айында «Модельді кітапхана» мәртебесіне ие болды.Мұнда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі,оқырмандар залы,ақпараттық –библиографиялық бөлім,әдіскерлік бөлімдері жұмыс жасауда.

Кітапхананың жеке сайты бар ғаламтордағы жеке сайты

Интернет желісі арқылы да оқырмандарға көмек көрсетіліп,сұранысы толық қанағаттандарылды.

Кітапхана 2007 жылдан бастап автоматтандырылған кітапханалық жүйе «Кабис» модулі орнатылып электронды каталог бойынша жұмыс жасап келеді.2008 жылдан өлкетану материалдарын цифрлау жұмыстары жүргізіле бастады.

Кітапханадағы кітап қорыларын толықтыру да-маңызды орынға ие.Кітапханадағы қазіргі кітап қоры-18217.Оқырман саны 940

Кітап қоры үнемі жергілікті және атақты ақын-жазушылардың жаңа кітаптарымен, салалық әдебиеттермен толықтырылып тұрады. Кітаптың ауыл өміріндегі орнының өзгеруіне байланысты бүгінгі күні кітапхана тұрғындарды кітап оқуға тартумен қатар,ақпаратқа еркін қол жеткізуін де қамтамасыз етеді.

Кітап пен оқуды алға жылжытуға бағытталған ірі жобалар іске асуда,жаңа технологиялар мен оқырмандарға қызмет көрсету түрлері енуде.

Тұрғындарға құқықтық ақпарат ұсыну-бүгінгі ауыл кітапхансының ең маңызды жұмыс бағыты.Осы орайда,өлкетану бойынша электронды мәліметтер базасын,толық мәтінді құқықтық мәліметтер базасын құрастыру базаларын ұйымдастырылды.

Оқырмандардың өлкетану ақпараттарына деген сұранысы өсіп келеді.Өлке тарихына,ауыл,село,көше тарихына байланысты көптеген деректер жинақталды.

2008 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Ауыл энциклопедиясы» атты сайыс жарияланған болатын. «Ауыл энциклопедиясын» әзірлеу барысында өз ауылының көне тарихын іздестіруде көптеген жұмыстар жүргізілді. Бұған ауыл тұрғындар да атсалысып,көнекөз қариялардан шежірелер жазылып алынды.Ауылдың кешегісі мен бүгінгісі байланыстырылып,ауыл келбеті айқын көрініс тапты. Осы «Ауыл энциклопедиясы»сайысы нәтижесінде мазмұнды,тарихты терең қамтыған ауылдың энциклопедиясы жоғары бағаланды,ауданның әзірлеген бағалы сыйлығына ие болып,бұл «Ауыл энциклопедиясы» ғаламторға жіберілді. «Ауыл энциклопедиясын» жазудағы мақсат-туған өлке тарихын,мәдени мұрасын.өлке шежіресін зерттеп,көпшілікке ұсыну. 2009 жылдың ақпан айында Ақжайық ауданының 80 жылдығына арнап«Ақжайық аудандық тарихи – танымдық анықтамалықтың» авторы Қоспаев Бақтығали Дінішұлымен кездесу кеші болып өтті.

2008 жылы қазан айында жерлес ақынымыз Хамза Есенжановтың 100 жылдығына арнап «Туған жердің адал перзенті» тақырыбындағы байқауға қатысып, үздік әдістемелік көмек құралын дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2009 жылдың қазан айында «Бір ауыл – бір кітап» акциясы аясында Сағынғали Сейітовтың дайындалып 2-ші орын,

2010 жылы Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығына арнап

«Ел жадынан өшпейтін Жұбан ақын» тақырыбында әдістемелік көмек құралы дайындалып 2-ші орындарға ие болып,бағалы сыйлықтармен марапатталды

2010 жылдың қазан айында ауылымыздың әуесқой сазгері,күйші, Батыс Қазақстан күйлерін насихаттаушы Аманғали Қайсағалиевтың

«Ой — өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарына ауданаралық тұсаукесер кеші болып өтті.

Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырылған 2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты тақырыптағы шараға сценарий мен әдістемелік көмек құралы дайындалып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Ақпараттық технологиялардың дамуы ауыл кітапханаларын да алға басуға ынталандырады,қазіргі күнгі ауылдық кітапханасы заманауи жабдықталған ауыл тұрғындарының ақпараттық көшбасшысы болып табылады.Жаңа жұмыс тәсілдерімен таныстыру,ауыл тұрғындары арасында кітапхананың беделін арттыру мақсатында біршама жұмыс атқарылып келеді.Ол үшін оқырмандарға қызмет көрсету жұмысының инновациялық әдістері бойынша кітап көрмелерін ұйымдастыру,негізгі кітапханалық құжаттарды жүргізу,өлкетану материалдарын цифрлау,оқырмандарды тартудың жаңа әдістері,кітапхананың тақырыптық,шығармашылық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Ауылдың көркеюі,ауыл тұрғындарының ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы осы шағын ауыл кітапханасынан бастау алады.Шағын кітапхананы ауылдағы мәртебелі орынға айналдырып отырған ауыл кітапханашыларының еңбегі қөзге көріне бермейтін ұсақ жұмыстардан тұрады Осы жұмысты өз мәнінде жүргізе білу әр кітапханашының жеке қабілетіне,ой-өрісінің кеңдігіне,іскерлігіне тікелей байланысты. Модельді ауылдық кітапхананың мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта әлі де ауқымды жұмыстар атқаруға міндеттенеді.

«Мұхтар Әуезовты оқимыз» атты халықаралық акциясы шеңберінде өткен «Ең үздік иллюстратор» тақырыбындағы облыстық байқауына Сақтай Нұрлыбек қатысып Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешеваның алғыс хатымен марапатталды.

2013 жылдың 28 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана кешенінде ұйымдастырылған «Ақжайық-өлкем,ғажайып көркем!»атты шараға ауылымыздың әуесқой сазгері, Батыс Қазақстан өлкесі домбырашы-күйшілердің шығармаларын орындаушы және насихаттаушы,«Қарттарым-қазынам» облыстық байқаудың бас жүлдегері,«Ой өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарының авторы Аманғали Қайсағалиевтің «Өнер жолы үлгі болар жастарға»атты әдеби сазды қонақжай көрсетілді.Мұнда оның «сегіз қырлы,бір сырлы» екенін дәлелдейтін бейнетаспамен көрсетіліп, «Ой-өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарының ролі насихатталды.Сонымен қатар ағамыздың «Келіңіз көріңіз…» бесасық ойынының қыр-сырын ұғындырып,бұл шараның жастар ғана емес ересек жандардың өзін қызықтырды. Кеш соңынан ағамыздың өзі шығарған бірнеше әндері орындалды.

Осы жылдың 28 қарашасында «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі ауыл кітапханаларының келбеті» атты облыстық конференция ұйымдастырылып, оған «Ақпарат әлеміне қолжетімділік» тақырыбымен озық тәжірбие көрсетіп Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Р.Ж.Исатаеваның алғыс хатымен Ермуханова Л.Б марапатталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.