«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

«Болашақты бірге жасаймыз»

БҚО, Ақжайық ауданы ,Мерген ауылы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында — кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.

Біз бастауыш буындарды кітаптың асыл да , қымбат қазына екенін бойларына сіңіруіміз керек деп ойлаймын. Өйткені өскелен ұрпақ , ертеңгі ел тірегі. Біз болашақты мына өсіп жетіліп келе жатырған бүлдіршіндердің арман қиялдарымен көреміз. Сондықтан балаларымыз білікті де , білімді болсын десек оларды кітапқа дос етіп тәрбиелеуіміз керек. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша — мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету.

Бастауыш сынып ұстаздары алдарында отырған бүлдіршіндерді 1- сыныптан бастап кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып отыруы тиіс. Мектеп кітапхансымен, қала берсе ауылдық кітапханасымен тығыз байланыста болуы керек. Әр сабақтарда оқушының қандай қосымша кітаптарды оқыдың? Оның мазмұнын айтқызып сыныптастарының алдында мені мына оқушы әдеби кітаптарды көп оқиды өйткені сөздік қоры молайған деп мадақтап отырсақ , ертесіне қасындағы құрбылары да өзінің қандай кітап оқып жүргенін айтып отырады. Балаларға әр кез сіздер ертегі немесе басқа да қосымша кітаптарды оқысаңдар тілдерің жатығып, сөздік қорларың молаяды деп айта отыру керек. Кітап оқыған да сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады.Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап.Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса,енді біреулерді жүйесіз,ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.

Оқу дегеніміз — бұл кітап мазмұнымен танысып, автордың кітаптағы ойын ұғыну,Оқу — бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген көзқарас қалыптастырудан, оқырманнан кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне пайда ойлауға тырысуынан басталады.Басқаша айтқанда,оқырман кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес,өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн.

Кітап — ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып,рухани қолдау береді.Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет.Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.

Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады. Міне сонда ғана біз болашықты бірге жасауға өз үлесімізді қоса аламыз. Өйткені болшақ мына өскелең ұрпақ, бүлдіршіндеріміз сауатты , білімді, білікті болса еліміздің алдыңғы қатарда болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.