Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагоги калық инновациялық технологияларды пайдалану
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектеп
І санатты тарих пәнінің оқытушысы
Далеуова Зауреш Асауовна
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл – ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, “жалпыға білім беру” моделін “әр адамға таңдау бойынша білім беру” моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және тағыда басқалары – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми – техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан – дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың оқушылары – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой – өрісі кең, жан – дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі – сапалы білімде. Өйткені сапалы білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан оқушыларды тек шәкірт ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – оқушыларға іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс – тәсілдерін білуге, өзін – өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез – келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды игеру міндетіміз.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән – мағынасы, сипаты мен бағыт – бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
• ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама – қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін – өзі басқару, өзін – өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс – әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінін нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт – бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін – өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін – өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін – өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
• қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
• әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
• оқушының өз бетінше іс – әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
• параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
• мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы т.б.
Демек, 1 – 11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);
• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);
• түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);
• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
• іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);
• оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);
• ойын әдістемесі және оны қабылдау;
• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буын:
• проблемалық оқыту;
• іздену, зерттеу әдістері;
• топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);
• оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);
• нәтижелі технологиялар;
• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);
• өзіндік жұмыс әдістері;
• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
• оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);
• дискуссиялық әдіс;
• дидактикалық ойындар.
Жоғары сыныптар:
• оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
• өзіндік жұмыстың әдістемесі;
• іздену, зерттеу әдістері;
• нәтижелі технология, жобалау әдісі;
• даралап (жекеше) оқыту, “мектеп-парк” моделін қабылдау (М.А.Балабан);
• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
• “өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы” адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;
• бағдарламалы оқыту;
• әлеуметтік – педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
• профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
• тірек конспектісін қолдану;
• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;
• модульдік технология;
• семинар-сынақ түрлері;
• өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).
Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата – анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты;
Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі – ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл – ой, сана – сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру. Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан – жақты болғанына не жетсін. Елбасы 2050 жылға арналған бағдарламасында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы – жасұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым. Ұлы данышпан Әл – Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім – ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбилеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата – бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру – басты міндет.
Қазіргі таңда Қазақстанның мыңдаған мектептері педогогика ғылымының докторы Ж.А.Қараевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында қолданып келеді. Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының басты ерекшелігі: Алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады.
Технологияның ерекшеліктерін атап кететін болсақ:
білім, стандартына сай толық нәтиже береді;
мақсатты диагностикаға қарай ден қоюға және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;
дидактикалық үрдістің тұтастығы;
оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын (профессор Ж.А.Қараев) жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс – әрекеттерін меңгертуге талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады, өз бетімен оқуына, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Осы технология әдісінің ерекшелігі – сабақ барысында оқушы бірнеше деңгейде жұмыс жасай алады. Бұл технологияның басты мақсаты оқушыларды жікке бөлуді болдырмау. Сабақта барлық оқушы оқу қабілетіне қарамастан жұмысты бірінші деңгейден бастайды және оны орындауға міндетті, одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Егер нашар оқитын оқушы берілген деңгейлік тапсырмаларды сабақта орындай алмай жатса, үйден орындауға беруге болады.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінің құндылығы:
– жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
– оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесін де қолданылатын рейтинг ұпай жинау әдісіне баулиды;
Деңгейлік тапсырмалардың ұпай жинау әдісімен бағалануы, оқушының деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберілген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне талдау жасай алады. Оқушы келесі сабақтарда көбірек ұпай жинау мақсатында ізденіп, қосымша материалдардан білім жинайды. Оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына қарай жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі пайдалану төмендегідей нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:
оқушы оқу іс – әрекетін жоспарлауға, нәтижелерін өз беттерімен бағалауға белсене қатысады;
оқыту процесінде кері байланыс процесі жүзеге асырылады;
оқушы қабілеті мен бейімділігіне қарай білімін деңгейлеп көтеруге мүмкіндік алады;
оқу процесінде оқушының белсенділігі, өз бетімен танымдық қызмет атқаруы үшін ынталандыру процесі жүреді;
оқыту оқушылардың өзіндік іс – әрекеті мен тәжірибесі әркім үшін дара өткізіледі өйткені деңгейлік тапсырмаларды орындау жеке дара жүреді;
оқушылардың білімін бақылау тұрақты және жүйелі түрде әр түрлі диагностика түрлерін қолдану арқылы жүзеге асады.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі дәстүрлі оқытудағы кейбір олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі оқыту әдісінде:
1. Жаңа тақырыпты өткенде мұғалім әрбір оқушының үй тапсырмасын орындағанда, оқу материалын қаншалықты дұрыс деңгейде түсініп, меңгергендігін байқамайды.
2. Әрбір оқушыны жеке тексере алмайды.
3. Сабақ барысында кері байланыс процесі болса да, мұғалім барлық оқушымен жұмыс жасап, қателерін түзетуге мүмкіндігі болмайды.
4. Қабілетті оқушылардың шығармашылық потенциалын одан әрі ашып дамытуға мүмкіндігі аз.
5. Оқушылар біліміндегі кейбір олқылықтарды жоюға уақыт жетпейді.
6. Барлық оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім алуға, білімін текскругем үйрете алмайды.
7. Оқушы оқу іс – әрекетінде қабілетіне қарай танымдық жұмыс жасай алмайды.
Ал «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінде осы олқылықтарды жоюға көп көңіл бөлінген. Бұл технологияда белсенді роль оқушыға беріледі. Оқыту процесінің белсенділігі артады және оқушы өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мол мүмкіндік алады. Сонымен қатар оқушыға тигізетін маңызы өте зор.
оқушының білім сапасының көтерілуіне
шығармашылықпен жұмыс жасауына
өз қабілетіне, болашағына сенуіне,
ынталандыруға
оқушы мен оқытушының қарым-қатынас достығына
өз білімін өзі бағалай білуіне, баға әділдігіне
білім көтерудің әділ сайысына түсуіне мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі:
1. Міндетті деңгей. Репродуктивтік деңгей
Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады. Бұл тапсырманы кез –келген оқушы орындай алуы тиіс.
2. Алгоритмдік деңгей
Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға тырысады. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан. Мұнда оқушы мұғалімінің түсіндіріуімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей
Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.
Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. Сондықтан оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындауға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алуы тиіс.
Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Ойлау дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан. Берілген тапсырмаға өз бетімен мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің тарих пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтар бар.
Біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.
Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін – өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез – құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге, өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады.
Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының іздемпаздылығы, шығармашылығы дамиды.
Үлгі:
Қазақстан тарихы 7 – сынып
Модуль №1
ІІ – нұсқа
Тақырыбы: Түркеш қағанатының құрылуы
І – деңгей
1. Түркеш қағанаты ________________________________________________
2. Түркеш қағанатының орталығы ____________________________________
3. Түркештер туралы алғашқа дерек ___________________________________
4. Түркеш тайпалары VІ ғ қай аймақта мекендеген ______________________
5. Түркештердің 2 түрін ата __________________________________________
ІІ – деңгей Тарихи ұғымдардың мәнін ашу
Күнгіт –
Үшлік –
Соғдылар –
Рубасы –
Семсер –
ІІІ – деңгей
І-тапсырма “Блиц турнир”ойыны
715 – 738 ж
704 – 766 ж
603 ж
630 ж
704 ж
ІІ-тапсырма “ Қас қағым сәт”
1. Түркеш қағанатының үлкен ордасы
А) Суяб В) Сығанақ С) Сарай Берке
2. Түркештің кіші ордасы
А) Жент В) Күнгіт С) Саудакент
3. Қағанат неше әкімшілік аймаққа бөлінген
А) 8 В) 10 С) 20
4. Аймақтар қанша әскер жинады
А) 5 мың В) 7 мың С) 9 мың
5. Сұлу қағанның көшірген ордасы
А) Самарқан В) Мерке С) Тараз/Талас/
ІV – деңгей
І – тапсырма Тарихи сынақхат
Түркештер және мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен ________________________
ХІ –____ ғ өмір сүрген ғұлама ғалым_______________________ “соғдылардың ішінде _______________сөйлейтіндері жоқ“ деп жазды.
ІІ – тапсырма Түркештер туралы деректер жазу
Түйіндеме Далеуова З.А..docx
Баяндама Далеуова З.А.docx
Мақала Далеуова З.А..docx
Слайд Далеуова З.А..pptx
