Кәсіп түбі – нәсіп
Каргина Гулимжан Тлепбергеновна
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі,
Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы.
Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі таңда білім мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазір әрбір оқушы өз отбасының үміті болса, ертең ол Қазақстанның үміті екендігі ақиқат.
Кәсіптік орта арнаулы білім ордаларында кәсіби шеберлігін шыңдаған жастар, еліміздің кәсіпорындарын білікті орта буын мамандармен толықтыра алары сөзсіз. Осы орайда, біраз жылдар назардан тыс қалып, қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда. Өйткені, ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.
«… Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»-, деп нақтылап көрсеткен, алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытовтың ұлағатты сөзі, осы бүгінгі күнге арналғандай. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.
Қай елді де білімді адамдар ғана өркендете алады. Болашақтың бүгіннен басталатынын білетін әр жасқа тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға бар білімін, бар білігін жұмсайтындай етіп тәрбиелеу ұстаздардың алдына тұрған жауапты міндет.
Адам Смит айтқандай: “көрінбейтін қол” әлемді басқарады, сондықтан да нарықтық экономика құламауда, себебі бәсеке бәрін өз орнына қояды және тек өзінің қажетіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатын адамдар қоғамның игілігіне жұмыс істейді. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес, ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі. Шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі таңда ең маңызді мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту арқылы біз өз экономикамызды дамыта аламыз. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында бұл тақырыпқа басты назар аударады. Өз кәсібің болса, оны өз балаларыңа мұра етіп қалдыра алсаң, олардың да жұмыссыз болмайтындығының кепілі емес пе. Әлемдік бұл шаруашылық жүйеде, Бірікен ұлттар ұйымы мәліметтері бойынша, шағын және орта кәсіпорындар еңбекке қабілетті халықтың 50%-на дерлік жұмыс беруші болып табылады. Жапония, Италия, Швейцария сияқты елдерде шағын кәсіпорындарды жұмыс күшінің көп бөлігі шоғырланған. Шағын кәсіпкерлік секторы жылдамдылығымен инновациялық белсенділігі, икемділігі және тез арадағы жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын құру қабілеттілігімен және т.б. ерекшеленеді. Мысалға, Америка Құрама Штаттының (АҚШ) шағын шағын кәсіпкерлік секторында соңғы он жыл ішінде шамамен барлық инновацияның 55% және 75%-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Сөз қадірін білетін ата-бабаларымыз «Кәсіп түбі – нәсіп» деп бекер айтпаған. Оқушыларды кәсіпті меңгертіп қана қоймай, табыс табудың мың сан жолының тауып пайда жолдарын көрсетуде техникалық және кәсіптік білімі алар орны зор екені сөзсіз.Қазіргі кезде зор сұранысқа ие болып, халық шаруашылығының негізгі саласында барлығына қажет кәсіптің бірі – дәнекерлеу ісі. Батыс Қазақстан индустриалды колледжін де осы дәнекерлеу ісінің аргонды, газ және электрмен дәнекерлеу түрлері бойынша мамандар дайындайды. Болашақ маманның табысты еңбек етумен қатар, кәсібін ел жұрттың игілігіне айналдыра білетін жан етіп тәрбиелеу ұстаздар алдында жауапты іс.
Дәнекерлеу өндірісі зор табыс көзі. Шыңдығында, әр оқушы ешқашанда өз бетінше, «дәнекерлеу» қалай өзіне тұрақты әрі қомақты кіріс алып келетінің аңғармауы мүмкін. Арнайы пәндер оқытушылары дәнекерлеу туралы жан-жақты білім берсе, нарықтық экономика негіздері пәні оқытушысы меңгерген білімі арқылы қалай табысқа жетуді үйретеді. Зор табысқа жетудің жолы-шағын бизнес. Халқымыз «Төзе алмасаң бейнетке, қолың жетпес зейнетке» деп бекер айтпаған ғой. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та жұмыс істеуге, кәсіп ашуға барынша мүмкіндік жасап отырғаны белгілі. Елбасы тірлік жасап, мемлекетке пайда келтіруді үнемі айтып жүр. Шын пейілмен қолға алған істің сөзсіз игілігі болады. Бүгінде бизнеске белді бекем буған азаматтарға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылуда. Соны пайдаланып, белді бекем буып, іске кіріспеу – азаматқа сын болар.
Дәнекерлеу бизнесі, бірнеше бағытта дамытуға болады, біріншіден – дәнекерлеу қызметін көрсету, екіншіден дәнекерленген конструкция жасау (металдан жасалған бұйымдар) Дәнекерлеу мен байланысты бизнес, өте табысты бірақ оңай шаруа емес. Көп нәрсе дәнекерлеу жұмысын жасайтын маманның біліктілігіне байланысты. Бір ғана қателіктен қымбат тұратын арнайы материал бүлініп, қоқысқа кетеді. Бизестің табыстылығы тікелей дәнекерлеу тігістеріне байланысты, ал бұл дәнекерлеу техникасы сонымен қатар, шикізаттың сапасына және пайдаланатын материалға байланысты. Бизнестің табысты және тиімді дамуы үшін алдын-ала міндетті бизнес жоспар құрылуы керек. Бизнес-план – бұл кіші, орта, иа болмаса ірі бизнес құру идеясы, бұнда бизнесті дамыту стратегиясы, макро (жеткізушілер, банкілер) және микро (жұмысшылар, жұмыс орны) стуктуралары, құрылатын өндірістің немесе фирманың логотипі, сонымен бірге атауы көрсетіледі.
Көзге көрінбейтін еңбектен көрінетін биік басталады. Әр адам өзінің отбасы қажеттіктерін қамтуы тиіс. Еңбек күнкөріс көзі ғана емес, адам өмірінің мәні. «Бір кісі қазған құдықтан мың адам су ішеді» деген сөз еріксіз еске түседі екен. Осындай істің басында жүріп, он бес шақты адамға жұмыс беріп жүрген «СК СтройСтандарт» ЖСС директоры Пальчиков Александр Вальерович. Александр Вальерович 2009 жылы дәнекерлеу және көрік соғу цехын ашып он бес адамды жұмыспен қамтып отыр. Колледжде оқушыларды мамандықпен таныстыру және қызығушылығын арттыру мақсатында зауыттарға саяхатқа бару дәстүрге айналған. Ал кәсіпкерлікті қалай ұйымдастыруға болады?-деген сұраққа жауап іздеп, «СК СтройСтандарт» ЖСС-нің дәнекерлеу және көрік соғу цехына бардық. Бізді осы цех меңгерушісі Азамат Маратұлы қарсы алып таныстырды. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл цех өнімдерімен негізінен Батыс Қазақстан олысы, Атырау және Ақсай қаласын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар соңғы кездері Ресейдің Самара қаласынан сұраныстар келіп түскенін айтты. «Табысты қалай қол жеткізуге болады?»-деген сұраққа, өз ісіне ұқыпты, жауапты болу және үнемі ізденісте болу керек-деп жауап берді. «Жұмыс орнында өз еңбегіменен үлкен беделге, абыройға ие бола білгенде ғана ондай адамдар қоғамға да өз үлесін қоса алады. Демек адамдар өз еңбегі арқылы ел алдында танылады, ұжымында құрметті бола алады. Мұндай нәтижеге тек еңбек еткен адам ғана жете алады.» – деп тілек білдірді.
Жас шыбықты қалай исең, солай бой түзейтіні секілді, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеудің маңызы қай кезде де басымдыққа ие болатыны даусыз. Әр ата-ана өз ұрпағының ертеңі жарқын болғанын, Отанының өркендеуіне үлес қосатындай саналы азамат болып өскенін қалайды. Жастардың келешегінен қоғам да мол үміт күтеді.
