Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы
«С.Сейфуллин атындағы гимназия» ММК
Химия және биология пәнінің мұғалімі
Байсалбаева Кульназия Жаканшиновна
8 сынып химия.
Оттек. Жану. Тотығу. Бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты: Оттектің адам өміріндегі маңыздылығын көрсете отырып, оның қасиеттерін дәлелдейтін теңдеулерді жазып, есеп шығару, формула құрастыру, атау қабілеттіліктерін бекіту
Сабақтың барысы:
Ертеде «Оттек» елінде «оксидтер» деген халық тұрыпты. Басты көшелерінің бірі « Жану» және
«Тотығу» болыпты.(Жану мен тотығудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?)
Осы екі үлкен көшенің қиылысында үлкен алаңңбар. Осы алаңда түрлі қосылыстан оттекті ал
жұмыстары жүргізіледі.(№1 тапсырманы орындау).
№ 1
Лабораторияда оттегіні қандай қослыстардан алады? Атауларын атап, оттекті алу теңдеулерін жазыңдар
Алынған оттекті түрлі заттарды тотықтыруға жұмсайды екен(№2 тапсырманы орындау).
№ 2
Мына қосылыстардың оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар: S , H2 , CH4 , MgS
Осы алаңда балалар түрлі ойындар ойнайды .Мысалы :«Ұтымды жолдар» ойыны(№
тапсырма)
№ 3
Ұтымды жол: оксидтер
Ұтымды жолдардағы оксидтерді алу реакция теңдеулерін жазыңдар.
FeS CO CaO H2O SO2 HNO3 H2S CO2 FeO
MgO CuO P2O5 CaСO3 Al2O3 NaOH SO2 SiO2 H2SO4
HCl MgCl2 KOH AgNO3 Fe2O3 ZnO Na2O NaNO3 K2СO3
Оксидтерді теріп жазып алып оларды атаңдар.
Ұмытылған сөздер(№7 тапсырма)
№ 7
Сөйлемді толықтыр
1.Оттекті сақтайтын балондар ……. түске боялған
2.Оттек барлық қосылыстарда тұрақты ….. валенттілік көрсетеді.
3.Ауаның құрамында оттек ….. …… күйінде кездеседі
4.Тотығу реакциясы кезінде ……. түзіледі.
5. Озон оттектің ………. түр өзгерісі.
6.Оксидтердің жалпы формуласы ….. .
7.Ауаның …. оттек құрайды
Осы алаңда балалар есеп шығарып, жұбақтарды
шешіп(№ 4,5,6,8 тапсырмалар) өздерінің ой өрістерін,білім біліктілігін дамыту үшін, ой күші
сынаққа салу үшін келеді екен.
№ 4
90 г судан тұрақты токты өткізгенде қанша грамм оттекті алуға болады
№ 5
80 г оттекті алу үшін қанша грамм бертолле тұзы айырылу реакциясына түсуі қажет?
№ 6
16г оттекте неше грамм магний жанады?
№ 8
Теңдеуді аяқтап, теңестірідер
А) KClO3 = KCl + ?
Б) C4H8 + ? = CO2 + H2O
В) H2O2 = ? + ?
Г) Zn + ? = Zn
Қай теңдеу тотығу реакциясына жатады, қайсысы оттегіні алу реакциясына жатады
Тест сұрақтары:
1.Оттектің аллотрориялық түр өзгерісі
A) азот B) озон C) су D) дұрыс жауап жоқ
2.Оттектің салыстырмалы молекулалық салмағы… тең
A) 16 B) 36 C) 34 D) 32
3.Оксидтің формуласын тап:
A) B) C) D)
4.СН4 жанғанда түзілетін оксидтер саны:
A) 2 B) 3 C) 4 D) 1
5.Оксидтің құрамында
A) элемент және оттек болады B) тек қана оттек болады C) оттек құрамында жоқ D) жауаптардың барлығы дұрыс
6.Ауаның құрамында оттектің үлесі:
A) 16% B) 20% C) 78% D) 0,03
Мінекей бүгін сол елдіің қонағы болып өз күшімізді сынаққ
түсірдік
үйге тапсырма:
Оттек. Жану. Тотығу. Тарауын қайталау.