Қазақ әдебиеті

Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (әңгімелерінен үзінділер)

«Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мажинова Гүлүзім Боранбайқызы

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы: 19 қазан 2012 жыл

4.Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (әңгімелерінен үзінділер)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ортағасырлық ақын Сәйф Сараидің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Түркіше Гүлстан» поэмасынан алынған үзінділермен таныстыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке шақыру, оқу-өнерді насихаттау.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық,талдау, әңгімелеу,СТО элементтері

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

1.Қызығушылықты ояту.

А) Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? ( оқушылар жауабы)

Ә) Сабаққа қандай мақсатпен келіп отырсыңдар?( оқушылар жауабы)

Б) Бүгінгі күнге бір-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?( оқушылар жауабы)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Рабғузидің (ХІVғ) өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат.

2.Қиссаларын әңгімелеу:

1)«Қарлығаштың адамға достығы»

2)«Лұқман Хакім»

3. Оқулықтан 36-40-беттерді оқу.

ІІІ. Жаңа сабақты игерту.

2. Мағынаны тану.

Сәйф Сараи туралы әдеби білім беру.

Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты» деген жұрт, менің туған елім еді»,-дейді. «Қамысты» аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сондықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.

Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки) атты кітап жазған. Бұл- парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж) түркі тіліндегі аударма нұсқасы.

Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тараулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері» т.б. деп аталады.

Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.

ІV. Кітаппен жұмыс:

«Кубизм» әдісі бойынша әңгімелерін топтарға бөлу.

І топ- үшінші, бесінші әңгімелері

ІІ топ- төртінші,бірінші әңгімелері

ІІІ топ- екінші, алтыншы әңгімелері

ІVтоп- сегізінші, жетінші әңгімелері

Оқушылар өздіктерімен әңгімелерін оқып,келесі топтарға әңгіменің мазмұнымен таныстырады.

V. Ой-толғаныс.

1.Бестік диктант «Түркіше Гүлстан» тақырыбына жазып жіберейікші,балалар.

Мысалы: Сөз – Ақылды

Сөйлем – Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі.

Сұрақ – Ақылды адам, сенің ойыңша, қандай адам?

Жауап – Ақылды адам саналы, тәрбиелі, ақылына көркі сай адам.

Мәтін – Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі. Ақылды адам саналы, тәрбиелі, ақылына көркі сай адам.

( Бір-екі оқушыға оқытып, талдау жасаймыз. Бұл Қ.О. Бітібаеваның әдісі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады )

2. Пәнаралық байланыс қазақ тілі болғандықтан, диктантта жазған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.( Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі.)

VІ.Сабақты қорытындылау.

«Түркіше Гүлстан» әңгімелеріне модель жасау, қорғау.

VІІ. Үйге тапсырма. «Түркіше Гүлстан» поэмасынан үзінді жаттау.

VІІІ. Бағалау.

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Өзін-өзі» бағалау технологиясын қолдану.

 

Рет саны

Оқушының аты-жөні

Топ басшысының бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға

1.

Малғаждарова Айнагүл

5

5

5

2.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.