Қазақ әдебиеті

М.Жұмабаев-поэзиясының хас шебері

Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

 

   1) Білімділік мақсаты:оқушыларды қазақ халқының ұлтжанды  ақыны

М.Жұмабаевтың шығармашылығымен таныстыру.

2)Дамытушылық мақсаты:оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3)Тәрбиелік мақсаты:оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін,отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:магнитафон таспасы,кітап көрмесі,плакат,дулыға,жебе,садақ.

Сабақтың түрі: конференция сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылармен сәлемдесу; ә) сабаққа даярлығын тексеру.

ХIХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басында өмір сүріп,қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен,өлмес әдеби мұрасымен,бай сезімімен,сыршылдығымен келген

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен танысу,оқып үйрену өте

маңызды. Өйткені Мағжан шығармаларының өнеге-өрнегі өзгеше сипатқа

ие.Ж.Айтмауытов Мағжан  ақындығына былай баға береді: «Мағжан алдымен сыршыл ақын.Ол жүректің қобызын  шерте біледі Мағжан не жазса

да  сырлы,көркем,сәнді жазады».

М.Жұмабаев шығармашылығын кең ауқымда  шолу жасап оқушылардың

өз бетімен  ізденуі мақсатында  конференцияға қатысатын тарихшы, мағжантанушы,өнертанушы және ақындар оқушылар тарапынан сайланды.

Жетекші. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар? деп поэзия әлемінде

еркеше  із  қалдырған,өзіндік үлкен өнер,өрнек тудырған,терең сырға,

М.Жұмабаевтың шығармашылығымен танысу үшін алғашқы сөзді

тарихшымызға берейік.

Тарихшы.Мағжан Бекенұлы  Жұмабаев 1893жылы қазіргі Солтүстік

Қазақстан  облысы  , Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген.

Мағжантанушы.Мағжанның тәңірдей талантының ,дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінеді.Мағжан Абай дәстүрін өсіруші,өрбітуші.Үлкен азаматтық сарындағы Мағжан  өлеңдерінің іші-сырты да бірдей сұлу,жарасымды болып,тек ұйқас ,ырғақ мінсіздігімен ғана

емес,айтар ой-сезімге байланысты аса қонымды  өлшеммен де түзіледі…

Өнертанушы.Ақын «Сен сұлу»әнін сүйікті жары Зылиха арнаған.

Өмірден ерте кеткен өнерпаз Жәнібек Кәрменов   «Япырай»,  «Сағындым»,

«Дайдидау» әндері  де Мағжандікі деп жазған болатын.

1993 жылы  «Қазақфильм »киностудиясында  «Батыр Баян»толық

Метражды фильмі  түсірілді  («Дайдидау» әні орындалады).

Ақын.М.Жұмабаев әр қилы  тақырыпта  көлемді  поэмалар жазуда

өнімді еңбек еткен. «Қорқыт», «Оқжетпістің қиясында», «Жүсіпхан»,

«Тоқсанның тобы» сияқты поэмалары кезінде баспа жүзін көрген.

Осылардың  ішіндегі күрделісі,көркемдік тұтастығы жағынан да,сюжет

желісі  мен  сұлулығы жағынан асып тұрған- «Батыр Баян».

Жетекші.Енді осы «Батыр Баян» поэмасынан  үзінді тамашалаңыздар

(Батыр Баянның  інісі  Ноян мен қалмақ қызын өз қолымен алты алаштың  намысы  үшін өлтіргені жайлы сахналық көрініс).

Оқушылар М.Жұмабаевтың өлеңдеріне талдау жасап,өз пікірлерін

Айтады.

Жетекші. Сіздерден М.Жұмабаев шығармашылығы мен өмірі туралы

көңілге тоқығандарыңыз  бен білімдеріңізді байқау мақсатында төмендегі

сұрақтарға  жауап берулеріңізді сұраймын.

  1. Ақынның «Әлди-әлди,ақ бөпем,ақ бесіккі жат бөпем»деп

басталатын өлеңінің аты(Жұбату).

2.1923-24 жылдары өлеңдерінің басты бөлігі  жарияланып тұрған газет

( «Ақжол»).

3.Омбы  мұғалімдер семинариясында жүргенде  ұйымдастырып

Шығарып тұрған қолжазба журналы ( «Балапан»).

  1. Ақынның Қазан  қаласында шыққан алғашқы жыр жинағы (Шолпан).
  2. Атақты дастанның басты кейіпкері (Баян).

6.Ақынның анасы(Гүлсім).

7.Аңыз негізінде жазылған көлемді дастаны (Қорқыт).

8.1917 жылдары абақтыға қамалуына себеп болған партия (Үш жүз).

9.Ақынға бір қыс бойы орыс тілін үйреткен  ұстазы(М.Дулатов).

10.Жыл басы туралы жазылған мақаласының  тақырыбы(Наурыз).

Қорытынды сөз.Мағжан шығармалары қазақ әдебиетінің  биік шыңы,

маржаны. Тағылымы мол,суреті қанық,сөзі жігерлі  туындыларының  маңызы

ерекше зор.

Сабақты қорыту. Конференцияға арнайы дайындалып келген өнертанушы ,тарихшы,мағжантанушы,ақын болған оқушыларға,

сұрақтарға жауап беріп,ақын өлеңдерін талдауға өзіндік пікір айтқан.

Үй тапсырмасы: «Мағжан-қазақ халқының алдаспан ақыны»

тақырыбында шығарма жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.