Қазақ әдебиеті

Аңдар 2-класс

Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз
Утежанова Риза  Максимовна

 

Сабақ тақырыбы Аңдар, 2-класс

Мақсаты : 1. Аңдар туралы мәлімет беру. .

Олардың қазақ тілінде атауларын үйрену;

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу, оқу, жазу дағдысын қалыптастыру. Суретпен жұмыс арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту;

3.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, ертегіге керек құралдар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

2.Үй жұмысын тексеру.

Үй құстары. Ауызша және жазбаша қайталау.

Сұрақ-жауап. Бұл не? -Қандай құс? -Балапан не істеді? т.б.

Жұмбақ шешу Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Түлкі-жабайы жануар, яғни, аң-аңдар-зверь-звери.

3.Жаңа сабақ.

1)Аңдар. Оқылым.

Қасқыр. Түлкі. Жолбарыс. Арыстан. Кірпі. Тиін. Қоян. Маймыл. Аю. Піл.

-Мұғалім мәнерлеп оқиды;

-Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды;

-Оқушылар тізбектеп оқиды.

2)Сурет бойынша жұмыс. Тілдесім.

Сұрақ-жауап

3) Жазылым. Дәптермен жұмыс . Тапсырма Суретті сөзбен жаз.

4. Сергіту Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық,

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып қалайық.

5. Айтылым. Тапсырма «Әрі оқу- әрі ойын»

Смех-күлкі

6. Ертегіде қонақта «Арыстан мен түлкі» (Сахналау)

7.Бекіту Ойыншықтар дүкенінде

1.Аң патшасы-не?

2. Көктем айларын ата

3. Үлкен жануарларды ата

4.Кішкентай аңдарды ата

5.Үй құстары мен аңдар сөзінің орысша баламасы қалай?

6.Үй жануарларын ата.

8. Үй тапсырмасы. Бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.