Астана қаласы
№20 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жүнісова Ардақ Советқызы
I. Сабақтың тақырыбы: Қымыз
II. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қымыз туралы өз ойларын көркем тілмен жеткізе отырып, сөйлеу мәнерін жетілдіру;
2. Дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік беріп, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: оқушының бойына қазақ хақының сүйікті сусыны қымыздың емдік қасиеті мол екенін ұғындыра отырып, бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың әдісі: Дәстүрлі проблемалық әдіс. Дидактикалық ойын әдісі.
V. Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, суреттер, сабақ ережесі, сызба, слайдтар көрсету.
VI. Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Әнұран орындау.
б) Кезекшімен сұхбат
в) Оқу-құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың дайындаған бір ұлттық тағамы туралы әңгімелерін тыңдау.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету. Слайдта: құлынды бие, бие сауу, қымыз дайындайтын күбі, дайын қымыз.
Көрген слайдтары бойынша өздеріне бүгінгі тақырыпты тапқызу.
Сабақтың мақсатын айту.
Сабақтың ережесімен таныстыру: 1. Бірін – бірі тыңдау
2. Ойын ашық айту
3. Сабаққа түгел қатысу
4. Ұйымшыл болу
5. Уақытқа бағыну
Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жаздыру.
Оқушыларға қымыз туралы слайд көрсете отырып, түсіндіру.
1-тапсырмадағы суретке қарап, қымыз туралы әңгімелету. Дайын болған оқушылардың әңгімесін тыңдау.
Интерактивті тақтамен жұмыс: оқушыларды тізбекпен тақтаға шығарып, 7-тапсырманы жаздыру. Сөздерді ретімен құратып, сөйлем мүшесіне талдату.
2-тапсырма. Үлгі бойынша ауызша диалог құрастырыңдар.
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мазмұнын айтып беріңдер.
5-тапсырма. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер.
«Ақ дастарқан» ойыны
Екі топқа бөліп, тағамдардың, сусындардың аттарын жаздырту. Қай топтың дастарқаны мол болады , сол топ жеңеді.
9- тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдату.
Венн диаграммасы арқылы қымыз бен шұбаттың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
VIII. Сабақты бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін «Қымыз» сөзіне ассоциация құрып көрсетеді.
ІX. Бағалау:
X. Үйге тапсырма: 137-бет. Қымыз туралы мәтіннің мазмұнын айтыңдар.