Қазақ әдебиеті

Мұртаза Шерхан «Бала Тұрар» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Опорный орта    мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жолдаскали Молдир

Сыныбы: 6 — сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұртаза Шерхан «Бала Тұрар» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

          Білімділік: Шығарма мазмұнын меңгере отырып, бала Тұрар бейнесін ашу.

          Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа, халқын, ұлтын сүюге баулу

         Дамытушылық:  Оқушыларды шығармашылыққа,өз ойын ашық айта білуге,  пікір алмаса білуге баулу.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, талдау,Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі:  Жазушы портреті, кітаптары.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру

  Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Берілген сұрақтар бойынша шығарма мазмұнын еске түсіру.

1.      Шығарма қандай оқиғамен басталады? Басты кейіпкер кім?

2.      Приходько мырза кім? Оның Тұрар өміріне қатысы қандай?

3.      Наташаның Тұрар өміріне ықпалы қандай болды?

4.      Шіркеу жанынан  өткенде Приходько балаларға және Тұрарға не істеуді тапсырды?

5.      Аркаша қандай бала?

6.      Надзирательден Тұрар қандай жәбір көрді? Көмектескен кім?

7.      Тұрар  әкесімен қалай қоштасты?  Қоштасар түні әкесі Тұрарға ұандай тілек айтты?

8.      Қырғызбай ақсақалдың үйіне қалай тап болды?

9.      Тұрар мектепке кім атымен келді? Не себепті?

10.  Тұрар қандай оқушы болды? Оның себебі өміріне ықпал етті ме?

11.  Тұрар куәлігін әкесінің атына жазып алды? Неге?

12.  Ұстазы қандай бата берді?

13.  Тұрар мақсатына жеттіме?

ІІІ .  Оқушыларға көрініс қойғызамын. ( Атамырза бейнесін талдау.)

ІҮ. Сызба бойынша Тұрар бейнесін ашу. Тұрар қандай бала?

 

 ТҰРАР

 

                                                                   

Ү. Төменгі сыныптарда өтілген шығармалардағы бала Абай, бала Шоқан бейнелерімен бала Тұрар бейнесін салыстыру.

              Тұрар
Кедей баласы. Жастайынан қиындық көрген. Ауылда оқыған
             Шоқан
Бай баласы.Қиындық көрмеген.Қалада оқыған
                  Абай
Бай баласы. Қиындық көрмеген.Қалада оқыған

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.