Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«Болашақ» колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы
Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы
Мақсаты: Шешім қабылдау ұғымын түсіне отырып, жеке дара және іскерлік шешімдер қабылдауда тиімді әдістер қолдануды үйрену. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Сабақтың презентация нұсқасын көшіріп алу: Басқарудағы шешім қабылдау. Презентация