Экономика

Бухгалтерлік баланс

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«Болашақ» колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы
Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы

Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс.
Мақсаттары:     а) білімділігі:     Оқушыларға бухгалтерлік баланс туралы түсіндіріп, оларға ұғындыру.  ә) тәрбиелілігі:   Оқушылардың білім-білік дағдыларын  қалыптастыруда  оқушының рухани даму  деңгейі жоғары тұлға ретінде  жетілуіне жағдай туғызу.  б) дамытушылығы:   Оқушыларға бухгалтерлік баланс туралы таныстырып және олардың қызметі, міндетін үйрете отырып  олардың  ақыл-ойын, рухани дүниетанымын дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.    Пәнаралық байланыс: экономикалық теория, математика.

Сабақты жоспарлау: 1. Ұйымдастыру

2. Сабақ тақырыбы

3. Сабақтың барысы

4. Сұрақтар тiзбесi

5. Сергiту ойыны

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма беру

Сабақтың көрнекіліктері:  Сызбалар, тірек сызбалар, тірек сөздер,

кроссворд, балық аулау ойыны,  т.б.

Сабақтың барысы:

         Жаңа сабақ «Бухгалтерлік баланс» тақырыбын түсіндіру. Содан кейін оқушыларға өткен тақырып бойынша әр түрлі тапсырмалар беру.

Баланс – бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі

элементтерінің бірі. Біріншісі – актив, екіншісі – пассив (меншікті капитал және міндеттемелер) деп аталады.

Баланс 5 бөліктен тұрады:

  1. Ұзақ мерзімді активтер.
  2. Ағымдағы активтер.
  3. Меншікті капитал.
  4. Ұзақ мерзімдік міндеттемелер.
  5. Қысқа мерзімдік міндеттемелер.

МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады.

Активтер = міндеттемелер + меншікті капитал

Бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесінде бұл теңдеу баланстық теңдеу деп аталынады. Оның екі бөлігі де өзара тең болуы тиіс.

1. Балық аулау.        

Аулаған балығындағы тапсырманы орындауы керек.

№1

Бухгалтерлік есептің әдістері.

 

№2

Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтерін ата?

 

№3

Баланстың активі нешеге бөлінеді және қандай?

 

№4

Меншікті капитал дегеніміз не?

 

№5

Ағымдағы активтерді ата?

 

№6

Баланс дегеніміз не?

№7

Ұзақ мерзімді активтердің мәні?

 

2. Сөзжұмбақ шешу

 

  1. Белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. (Бағалау)
  2. Баланстың бір бөлімі. (Актив)
  3. Бухгалтерлік есепті жүргізуші субъект. (Бухгалтер)
  4. Ұзақ мерзімдік міндеттемелер. (Салықтар)
  5. Баланстық теңдеу: Активтер = … + меншікті капитал. (Міндеттемелер)
  6. Еңбектік өлшеуішке жататын бірлік түрі. (Сағат)

 

3 “Аламан бәйге” ойыны.

 

Бұл ойынды 3 қатар жарысып ойнайды. Үш қатардан үш оқушы тақтаға шығып ереже айтып жарысады. Тапсырмалар карточкаға жазылып плакат бетіне ілінеді. Тақтаға ойынға қатысушы оқушы сұраққа жауап берсе, өзінің атын алға жылжытып отырады да, қай қатар мәреге бірінші жетсе сол қатар жеңген болып есептелінеді.

  1. Шоттар дегеніміз не?
  2. Калькуляция дегеніміз не?
  3. Қосарлы жазба дегеніміз не?
  4. Есеп беру дегеніміз не?
  5. Бағалау.
  6. Түгендеу түсінігі.
  7. Құжаттама түсінігі.
  8. Бухгалтерлік есеп
  9. Статистикалық есеп
  10. Жедел есеп
  11. Дебиторлық борыш
  12. Резервтік капитал
  13. Жарғылық капитал
  14. Бөлінбеген табыс дегеніміз не?
  15. Баланс баптары дегеніміз не?

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Бухгалтерлік баланс» тақырыбын оқып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.