Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«Болашақ» колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы
Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы
«Қазақстан тәуелсіз, бейбітсүйгіш, егеменді мемлекет» апталығында Экономика-04 және Экономика-05 топтарының арасында Нарық – қоғам дамуы үшiн тиiмдi, Нарық – қоғам дамуы үшiн тиiмдi емес тақырыбында парламенттік дебат өтті.
Мақсаты: 1. Студенттерге нарықтық экономика қоғамның экономикалық және саяси-әлеуметтiк жүйесiне әсерiн, оның тиiмдi және тиiмсiз жақтарын көрсете отырып, қорытынды сабақ өткiзу арқылы студенттің танымдық қабiлетiн арттыру; 2. Қосымша ақпарат көздерi арқылы студенттің теорияны практикамен ұштастыра бiлуiне, iзденуiне қарама — қайшылыққа қорытынды жасай бiлуге үйрету; 3. Шешендiкке, тапқырлыққа баулу, өз жерiнiң, елiнң мүддесiн жоғары қоюға, отаншылдыққа баулу;
Сабақ көрнекiлiгi:
- Тақырып сигналдық белгi бойынша үлкен етiп жазылған;
- Қарама — қарсы аргументтер көрнекi түрде жазылған.
- Макроэкономикалық диаграмма көрсеткiшi.
- Маңғыстау нарық жылдарында.
Сабақ жаңаша әдiстiң бiрi — пiкiрталас, формат сақталмайды.
Ұкiмет пен оппозиция парламент мүшелерi оқушылар 3 топқа бөлiнедi.
1-шi топ Ұкiмет — 3 оқушыдан:
¨ Айнұр
¨ Амангүл
¨ Ләззат
2-шi қарсы топ оппозиция
¨ Асылхан
¨ Нағима
¨ Жансая
3. Төрешілер:
¨ Нұрғалиев Горький Нығметович
¨ Сүйіндік Бекайдар Тасымович
Егер уақыт болса, қатысушылар пiкiрiн тыңдауға болады.
Пiкiрталас жүрiсi
Мұғалiм – төрешiнi қысқаша таныстырды.
Кiрiспесi
Нарық — өнiм шығарушылар мен өнiмдi тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныс арасындағы қатынас.
Қоғам — адамдардың материалдық және рухани өмiрiн диалектикалық бiрлiкте өзара байланыста көрсететiн категория.
Даму — өсу, үздiксiз iлгерiлеу
тиiмдi-яғни, дұрыс жол.
тиiмсiз-зиянды, қажетсiз жол.
Ұкiмет басшысы сөз алады, төмендегi аргументтердi ұсынады:
¨ Нарық-экономиканы реттейдi.
¨ Жекешелендiру экономикалық реформа.
¨ Бәсеке-қоғам үшiн пайдалы.
1-шi аргумент бойынша нарықтық өндiрiстi реттеушi екендiгiн және тауар өндiрушiлердiң дербестiгi, тәуелсiздiгi, сұраным мен ұсыныстың арта түсуiн реттеп отыратындығы айтылады, оған дәлел ҚР-ның 1997 жылғы қаңтар-қазанында басқа елдер мен сыртқы сауда айналымы экспорт 54,6%; импорт 45,4%.
Екiншi дәлел қазiргi кезде өндiрiс көлемi құрылыста, көлiкте, байланыста сауда да, мұнай өндiруде, кейбiр шетел тауарларын айырбастайтын салалар да өстi. Инфляция деңгейi тұрақты төмендеуде. 1998 жылы 11,2% болды.
Ендеше, жоғарыда көрсетiлген дәлелдер нарық экономиканы өзi реттей алатындығын көрсетедi, бұл халықтық болашағын гүлденту, дамыту үшiн iстелiп отырған жол.
2-шi аргумент.
Бәсеке қоғам үшiн пайдалы. Нарыққа тән қасиет — тауар өндiрушiлер арасындағы тауарды шығару және өткiзiлудiң тиiмдiлiгi үшiн бәсеке. Бәсекелестiктердiң арқасында тиiмдi жұмыс iстеуге ынта күшейедi. Тауар өндiрушiлер әрi өзiне, әрi қоғамға пайда келтiредi.
1-шi дәлел.
Бiздiң елiмiзде жұмыс iстеп отырған 60 жуық банктердiң iшiнде 10 шақты iрi банк көзге түседi. Соның iшiнде Нұрбанк те бар. Қазiргi кезде көптеген қалаларда өз филиалдарын ашып үлгердi. Салымшылары күннен-күнге көбеюде. Банк қазiр дүниежүзiлiк виза жүйесiне енiп отыр.
2-шi дәлел.
Алматы облысының » Еңбекшi қазақ » ауданында » Ақбұлақ » АҚ мен американдық ОТRI компаниясы арасындағы келiсiм – шарт бойынша құрылған » Фудмастер » компаниясы сүт өнiмдерiн өндiруден өзге компаниялардан алдыңғы орында болу мен бiрге ауыл шаруашылығын жандандыруды қолға алды.
Американдық » Шеврон » корпорациясымен Атырау облысындағы мұнайды бiрiгiп өндiруден түсетiн пайда бөлiнiс процентiн мейлiнше үкiмет төмендетiп отыр.
Бұл бiздiң мамандардың айтуы бойынша елiмiзге өте қолайлы.
Жоғарыда көрсетiлген аргументтер мен дәлелдердi бере отырып, қоғам дамуы үшiн — нарықтық бiрден-бiр дұрыс жол екендiгiн дәлелдедiм деп ойлаймын.
Ұкiмет басшысына сұрақтар берiледi:
- Жұмыссыздық пен бағаның өсуi — нарық құбылысы. Бұл болып отырғанда қоғамға пайда келе ме?
- Қазiргi кезде халықтың 60%-i кедей, оған не дәлел айта аласыз? 25%-i жұмыссыз, батыс елдерiнiң әдiсiмен есептегенде.
- Экономика жоғарыласа халық жағдайы әлi төмен. Нелiктен? (халық тұрмысының 5%-ке көтерiлгенi) айтылды. АҚШ.
- 1997 жылғы макроэкономикалық сәттi көрсеткiштер 1970-1972 жылдар деңгейiнде. Бұған қандай уәж айтылады?
- Теңге доллардан неге әлсiз?
Сұрақтарға жауап берiлдi, сұрақтың бiраз бөлiгi аралас жүргiзiлдi.
III. Оппозиция өкiлi сөз кезегiн ала отырып, сұрақтарға берiлген жауаптарды
» көпiр » ретiнде пайдалана, қарсы жақты — өкiметтi жоққа шығаруға
тырысты. әрi қарай өз пiкiрiн жалғастырды, өз позициясын жақтады.
Нарық қоғам үшiн тиiмсiз жол
Нарық — өнiм шығарушылар мен өнiм тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байланысы.
Бiздiң аргументтерiмiз.
- Еңбек нарығындағы бәсекелестiк жұмыссыздыққа әкелiп соқтырады.
- Ауыл шаруашылығындағы жекешелендiру қоғамға зиян.
- Нарық экономикадағы тұрақсыздыққа әкеледi.
1. Еңбек нарығындағы бәсекелестiк жұмыссыздыққа әкелiп соқгырады.
Әр мекеме мүмкiндiгiнше iстi бiлетiн тәжiрибелi, iскер мамандарды iрiктеуге тырысатын болады. Бұл да нарықтың талабы. Жоғары оқу орнын бiтiрушiлердің жыл сайын көбейюi, ал, сұраныстың аздығы, бiрiншiден, еңбек нарығындағы бәсекелестi одан да күшейте түссе, екiншiден дипломды жұмыссыздар санын көбейте бермек. Соңғы мәлiметтер бойынша, бiр Ақмола облысында 17826 адам жұмыссыз болып отыр. Не себептi?
Бiрiншiден, мемлекет барлық жоғары бiлiмдi маманды еңбекпен қамти алатын қуатты еңбек рыногын қалыптастыра алған жоқ.
Екiншiден, әртүрлi меншiктегi жоғары оқу орындары, техникум, колледж, лицейлер ашылғанымен, олар еңбек рыногына қажеттi мамандар сұранысын зерттемегендiктен, бiтiрушiлер ешкiмге керексiз болып қалуы мүмкiн.
Жұмыссыздық кедейшiлiкке әкеледi.
Деректерге сүйiнсек, Ақмола облысының 44 мың 669 адам нағыз таршылықтың тауқыметiн көрiп отыр.
3. Ауыл шаруашылығындағы жекешелендiру қоғамға зиян.
Жекешелендiрудiң » құрбаны » болған Жезқазған, Торғай, Семей өңiрлерiнде кезiнде мыңдаған жылқы, қой, сиыр өсiрген кең — шарларда мiнерге көлiк қалмады. Мәселен, бiр шаруашылық 30-40 шаруа қожалығына бөлiндi. Мал да, техника да таратылды. Мұны дұрыс делiк. Ал оның артын ойлаған кiм бар? әлгi 2 трактор, 1 сиыр, 15 қой алғандардың 2 жылдан кейiн » белi шойырылып» шыға келдi. өйткенi мемлекет тарапынан кепiлдiк беретiндей тiрек болмады. Банк жүйесi кепiлдiк бермедi. Осыдан барып ауылдың әлеуметтiк жағдайы құлдырады, жекеменшiкке шыққандардың жолы болмады. Ел үшiн кедейшiлiк жайлады.
- 4. Нарық экономикадағы тұрақсыздыққа әкеледi.
Корея мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы биыл 42,6%-ке төмендеп, 32,3 млн. долларды құрады. Оның 14,4 млн. доллары экспорты да, ал 17,9 млн. доллары, яғни басым бөлiгi импорт үлесiнде. Ал, бiз Кореяға не беремiз және не аламыз десеңiзшi?! Қазақстанның әзiрге ұсынатыны — минерады ресурстар, қымбат металдар мен тастар, терi шикiзаты. Ол жақтан тек қана дайын бұйымдар тасымалданады. Содан қаншалықты пайда түсiрiп отырғанын бағамдай берiңiз.
Қазiргi кезде сыртқы жақтармен сауда айналымының көбеюiне байланысты отандық товардың қысқаруына әкелiп соқтырады. Қашанға дейiн бiз шетелдiк товарларды тұтынамыз? Сондықтан экономикалық саясатта протекционизмдi ұсынамын. Протекционизм-мемлекеттiң ұлттық экономиканы қолдап, дамыту мақсатындағы экономикалық саясаты. Ол шетелден „ келiнетiн товарларға баж салығын салу, кейбiр товарларды әкелуге шек қою не тыйым салу, ұлттық өнеркәсiпке жәрдем ақша беру, өнеркәсiп товарларын экспортқа шығаруға ынталандыру жолымен жүзеге асырылады. Протекционизм суверендi жас мемлекеттiң экономикалық тәуелсiздiкке жетуiне жәрдем бередi. Жапония 20-25 жыл бұрын бұл бағытқа көштi. Соның есесiнен ол тез дамып, экономикасы жоғары дамыған елдердiң қатарында тұр.
Сондықтан нарық-қоғам дамуы үшiн тиiмсiз жол деп есептеймiн.
Берiлген сұрақтар:
1. Жекеменшiк тиiмдi ме, әлде мемлекеттiк меншiк тиiмдi ме?
2. Әкiмшiлдiкке негiзделген экономика мен нарықтық экономиканың қайсысын таңдаған болар едiңiз?
3. Қиындықтан шығуға бағдарламаңыз бар ма?
Бұл сұрақтар сөйлеу барысында берiледi де жауаптар уақытында берiлдi.
IV. Үкiмет мүшесi.
4. Инвестицияны тарту — экономикалық өсуге мүмкiндiк бередi.
¨ Интеллектуалды меншiкке жол ашады.
¨ Өмiрдi демократияландырады.
4 аргумент бойынша қазiргi кездегi инвестицияны тарту экономиканың өсуiне мүмкiндiктер бередi, оны жергiлiктi жерлердегi дәлелдемелер келтiремiз.
Маңғыстаудағы ТЕХАСО компаниясы мұнай өндiруде Қарашығанақта Ақтау қаласындағы пластмасса зауыты француз технологиясымен орнатылған одақ кезiндегi шикiзатты Кола түбегiнен, газды Куйбышевтен алған. Сонда сұранысы мол полистрол шығарған. Қазiр оның бiрi жоқ, сондықтан тоқтаған. Ендi оны Татарстан iске қосып, жұмысқа адам қабылдайды, яғни бұл қазiргi нарық заңына байланысты. Таяу күндерде жұмысқа 2000
адам қабылданып, жергiлiктi халық арасында жұмыссыздық азда болса азаяды, екiншiден өндiрiстен өлке халқы үшiн пайда түседi, мұның бәрi жоғарыдағы аргументiмiздi дәлелдейдi. Сонымен бiрге елiмiздiң экономикасы 1998 жылға қарағанда 3%-ке өскен, халықаралық валюта қорының мамандарының пiкiрi бойынша 2001 жылы 4%-ке жетедi.
Бұл бiздiң қоғамымыздағы нарықтық экономиканың бiрден — бiр дґрыс жол екендiгiн дәлелдейдi. Өнер, ғылым адамдарының интеллектiне жол ашады.
Берiлген сұрақгар:
- Капитал нарығы әлсiз, теңге доллардан неге әлсiз?
- Инвистиция мен несиенiң қайсысы тиiмдi деп ойлайсыз?
Жауап:
Екеуiнiң де тиiмсiз жағы бар. Шетел инвестициясы келсе, елдiң iшкi жағдайына байланысты емес, өзi қалаған кез — келген салаға келедi. Бұл бiздiң аңсап жатырған экономикамызды көтеруге мүмкiндiк бермейдi. Ал несие % пен берудi қажет етедi. Қазiр несие беруге ұмтылады.
( Бұл-төрешi мұғалiм жауабы.)
V. Оппозиция өкiлi. Берiлген сұрақтар негiзiнде қарсы топты даттайды.
Аргумент.
5. Қоғамда келеңсөздiк көбейедi.
6. Халық жiкке бөлiнедi.
Қоғамымыздағы жұмыссыздықтың көбеюi көптеген келеңсiздiктердi көбейттi. Нашақорлық, ұрлық, тонау, есiрткi тасымалдау, коррупция т.б.
VI. Үкiмет мүшесi қарсы оппозиция жағын даттай келе нарықтық
экономика жетiстiктерiмен қорытындылауды ұмытқан жоқ. 1999 жылы Өзенмұнайгаз бен Маңғыстаумұнайгаз ауылдың 160 млн. теңге қарызын жапты. 82,8 млн. теңге балаларға жәрдем ақы берiлдi.
Алдында айтылған жұмыссыздықпен де келiспейтiндiгiн айтты. Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 48,1 мың адам жұмыссыз едi, қазiр 35,8 мың адамға азайды. Өткен жылы 14 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.
Кедейшiлiкке қарсы күресу жолдары туралы айта келе өз сөзiн қорытындылап, өз аргументтерiнiң дұрыстығын дәлелдеп, » Нарық қоғам дамуы үшiн тиiмдi» екенiн дәлелдедi.
VII. Оппозиция мүшесi де өз мүшелерiнiң сөзiн қуаттап, жоғары да келтiрiлген дәйектер арқылы » Нарық жолының тиiмсiз » екендiгiн дәлелдеуге тырысты.
Оқушылар парламент мүшелерi үкiметтi және оппозицияны жақтап өз ойларын бөлiстi.
XI. Төрешi қорытындылауы.
Екі топ бір-бірімен тең түскендігін төреші айта кетіп, алайда Экономика-04 студенттерінің басым екендігін мәлімдеді.
Соңынан студенттерге ескерткіш-сыйлықтар тапсырылды.
XII. Дауысқа салу-эксперттер.
Қорытынды информация 10%-к деңгейде
Қазiр ауыл шаруашылығының көтерiлу мүмкiндiгi бар. Бiздiң Маңғыстау бойынша мал басының кемуi тоқтаған.
Каспийдегi мұнай қоры, шағын бизнестi қорғау 2030 бағдарламасында көрсетiлген сыртқа дайын өнiм шығару мүмкiндiгi бар. Медикаменттердiң 8% сыртқа шығарылады.
АКПО қызметi нарық — қоғамды дамыту мүмкiндiгi бар.