
Өткізілу күні: 2026 жылғы 26 қараша
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік бейбітшілік пен даму жолындағы ғылым күніне орай «Жаһандық коммуникация: өркениеттік дамудың ұлттық ақпараттық моделі және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен VI дәстүрлі Кенжалин оқулары өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты
Жаһандық коммуникация кеңістігіндегі заманауи үдерістерді, ұлттық ақпараттық модельдің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, жасанды интеллект технологияларының журналистика және коммуникация саласына ықпалын ғылыми тұрғыдан зерделеу, сондай-ақ осы бағыттардағы өзекті мәселелерді талқылау және ғылыми тәжірибе алмасу.
Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары
- Жаһандық коммуникацияның қазіргі даму үрдістері және ақпараттық кеңістіктің трансформациясы.
- Ұлттық ақпараттық модель: қалыптасуы, даму ерекшеліктері және өркениеттік маңызы.
- Жасанды интеллект және журналистиканың жаңа технологиялық мүмкіндіктері.
- Цифрлық медиа, медиасауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері.
- Қазіргі журналистикадағы инновациялар, кәсіби құзыреттілік және этикалық жауапкершілік.
- Қоғамдық коммуникация, ұлттық құндылықтар және ақпараттық саясат.
- Кенжалин оқулары аясындағы журналистика мен бұқаралық коммуникацияның өзекті мәселелері.
Конференцияға Біріккен Ұлттар Ұйымының және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдері, Қытай, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстанның ғалымдары және еліміздің танымал медиа мамандары мен өкілдері қатысады.
Конференцияның жинағы жарияланады (мақала жариялау тегін).
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы.
Ұйымдастыру комитетімен байланыс
Жетпісбаева Мейіркүл Сәрсенбайқызы – ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Телефон: +7 707 208 49 00
Электрондық пошта: meirkul.7668@gmail.com
Конференция материалдарын рәсімдеу және жіберу талаптары
Конференцияға қатысу үшін авторлар ғылыми баяндаманың 1,5 бет көлеміндегі тезисін 2026 жылғы 20 қарашаға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберуі қажет: meirkul.7668@gmail.com.
Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Қағаз форматы – А4;
- Қаріп – Times New Roman;
- Қаріп өлшемі – 14 pt;
- Жоларалық интервал – 1,0;
- Бет жиектері – барлық жағынан 2 см;
- Мәтін ені бойынша туралануы тиіс;
- Тезис көлемі – 1,5 бет;
- Файл форматы – Microsoft Word (.doc немесе .docx).
Тезистің құрылымы
- Ғылыми жұмыстың атауы – бас әріптермен, қалың қаріппен, ортаға тураланып жазылады.
- Автордың аты-жөні – ғылыми дәрежесі мен атауы (бар болса), қызметі және жұмыс орны көрсетіледі.
- Байланыс электрондық поштасы.
- Тезистің негізгі мәтіні – зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, негізгі тұжырымдары, зерттеу нәтижелері мен қорытындысы қамтылуы тиіс.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – мәтін соңында беріледі. Мәтін ішіндегі әдебиеттерге сілтемелер төртбұрышты жақшада көрсетіледі: [1, 15-б.].
Ескерту: Тезистердің конференция тақырыбы мен ғылыми бағыттарына сәйкестігі, мазмұндық және техникалық талаптарға сай рәсімделуі ескеріледі. Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Тезистерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 қарашаға дейін.
Материалдарды қабылдау және байланыс электрондық поштасы: meirkul.7668@gmail.com.
Қазақша қысқаша түсіндірме
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2026 жылғы 26 қарашада жаһандық коммуникация, ұлттық ақпараттық модель және жасанды интеллекттің журналистикаға ықпалы талқыланатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен VI дәстүрлі Кенжалин оқулары өтеді. Іс-шараға БҰҰ және ЮНЕСКО өкілдері, шетелдік ғалымдар мен отандық медиа мамандары қатысады.
English summary
An international scientific and practical conference on global communication, the national information model and the impact of artificial intelligence on journalism, together with the 6th traditional Kenzhalin Readings, will take place at Al-Farabi Kazakh National University on 26 November 2026. Representatives of the United Nations and UNESCO, international scholars and media professionals from Kazakhstan are expected to participate.
Пайдалы сілтемелер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты · ЮНЕСКО-ның ресми сайты · Конференция ұйымдастыру комитетіне хат жазу
Кілтсөздер
жаһандық коммуникация, жасанды интеллект, журналистика, ҚазҰУ, Кенжалин оқулары, ұлттық ақпараттық модель, цифрлық медиа, медиасауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік, халықаралық конференция.