Алматыда «ALMATY THEATRE FEST» республикалық театр фестивалі өтеді

2026 жылғы 15–20 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «ALMATY THEATRE FEST» республикалық театр фестивалі өтеді. Мәдени шара театрдың 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің 15–20 қараша күндеріне арналған бағдарламасы
«ALMATY THEATRE FEST» республикалық театр фестивалінің бағдарламасы, 15–20 қараша 2026 жыл.

Алты күнге созылатын өнер мерекесінде Қазақстанның кәсіби театрлары ұсынған үздік 10 спектакль көрермен назарына ұсынылады. Қойылымдарды Қазақстан Театр сыншыларының бірлестігі жанынан құрылған Сараптамалық кеңес іріктеген.

Фестивальдің басты ерекшелігі – бәсекеден гөрі өнер құндылығына басымдық берілуі

Биылғы фестиваль конкурстық емес форматта ұйымдастырылады. Сондықтан жүлделі орындар мен арнайы аталымдар қарастырылмаған. Ұйымдастырушылар спектакльдердің көркемдік құндылығы мен эстетикалық мазмұнына басымдық беруді көздейді.

Фестиваль бағдарламасы спектакль көрсетілімдерімен ғана шектелмейді. Әр қойылымнан кейін еліміздің беделді театртанушылары мен театр сыншыларының қатысуымен кәсіби талқылаулар ұйымдастырылады.

Фестиваль бағдарламасы

15 қараша
15:00 – БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы.
16:00 – фестивальдің ашылуы.
17:00 – «Мәмлүк» (soundrama).

16 қараша
11:00 – «Войцек» (трагедия).
18:30 – «Сәйгүлік» (муздарама).

17 қараша
11:00 – «She is Aiel» (soundrama).
18:30 – «Жабайы алма» (драма).

18 қараша
11:00 – «Найзағай» (драма).
15:00 – «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция.
18:30 – «Қорғансыз» (трилогия).

19 қараша
11:00 – «Томирис» (performance).
15:00 – «Өртеке» (storytelling).
18:30 – «Ромео мен Джульетта» (soundrama).

20 қараша
11:00 – «Гүлге ұмтылған екеу» (драма).
17:00 – фестивальдің жабылуы.

Театр – қоғамның рухани айнасы

Театр өнері – адам мен қоғамды, тарих пен бүгінді, арман мен ақиқатты байланыстыратын ерекше рухани кеңістік. Сахнадағы әрбір кейіпкердің тағдыры көрерменді ойлануға, өмірге басқа қырынан қарауға жетелейді.

«ALMATY THEATRE FEST» фестивалі отандық театр өнерінің бүгінгі тынысын танытып, шығармашылық ортада кәсіби диалог қалыптастыруға және көрерменнің театр мәдениетіне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Фестиваль аясындағы барлық спектакльге кіру тегін. Алайда көрермен орындарының саны шектеулі.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент ықшамауданы, 6, «Алатау» дәстүрлі өнер театры.
Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 15–20 қараша.

Ақпарат көзі: фестивальдің баспасөз релизі.

Пікір қалдыру

Электрондық поштаңыз жарияланбайды.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.