ҚР БҒМ - МОН РК

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Ересектердің құзыреттілігін бағалаудың халықаралық PIAAC бағдарламасының нәтижелерін жария ету жөніндегі брифинг

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасы (PIAAC) үкіметтерге елдің ересек тұрғындарының негізгі дағдыларын бағалауға және оларды халықтың әртүрлі топтары арасында қарастыруға мүмкіндік беретін ірі зерттеу болып табылады.

Ағымдағы жылдың 18 қарашасындаҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қатысуымен ересектердің құзыреттілігін бағалаудың халықаралық PIAAC бағдарламасының нәтижелерін жариялау бойынша брифинг өтеді. Бұл бағдарлама 16-65 жастағы ересек тұрғындардың оқу, математикалық сауаттылық және цифрлық ортадағы тапсырмаларды орындау дағдыларын бағалайды. Аталған дағдылар «ақпаратты өңдеу бойынша негізгі құзыреттер» болып саналады және кез келген адам үшін күнделікті өмірде де, еңбек қызметінде де маңызды. Бұл дағдылар еңбек нарығына және әлеуметтік өмірге тиімді кірігу және қатысу үшін қажет.

2019 жылғы 15 қарашада ЭЫДҰ ересектердіңқұзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) үшінші раундының халықаралық нәтижелерін ресми жария етті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында PIAAC зерттеу нәтижелері ұлттық адами капиталды нығайту бойынша сапалы өзгерістерге негіз болмақ.

Өткізілетін орны мен уақыты: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/23, С-4.4 павильон. АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросы,
2019 жылғы 18 қараша, сағ. 10.30.

Анықтама ретінде.Негізгі зерттеу деректерін жинау 2017 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. PIAAC зерттеуіне барлығы 39 мемлекет пен аймақ қатысты. Зерттеу туралы толық ақпаратты ЭЫДҰ ресми сайтынан () және Қазақстандағы PIAAC сайтынан () табуға болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.