ҚР БҒМ - МОН РК

Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ақпаратты пай далану

2019 жылдың 21-22 қараша күндері Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі (БДТ) қызметінде тиімді қатысу үшін тұрақты түрде әлеуетін арттыру бойынша ЮНЕП-ГЭФ жобасын іске асыру аясындағы «Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі қызметінің орталық порталында қолжетімді ақпаратты пайдалану» тақырыбындағы Үшінші ұлттық семинар өтеді.

Семинар Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы бойынша міндеттемелерін Қазақстан Республикасының орындауы аясындағы Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі қызметінің әлеуетін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында, генетикалық модифицирленген ағзалардың (ГМА) айналымын, тасымалдауды және пайдалануды мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысатын негізгі мүдделі тараптар үшін, сондай-ақ оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін арналған.

Бұл семинарды өткізу 2016 жылы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика және Энергетика министрліктері бірлескен бұйрықпен бекіткен генетикалық модифицирленген объектілердің айналымын реттеу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуі бойынша Жол картасының іс-шараларына сай келеді.

Семинарға қатысушылар БДТ сайтында қолжетімді ақпараттар туралы түсініктеме алады, БДТ оқу материалдарымен танысады, оны пайдалану мүмкіндіктері және оны қолданудың практикалық машықтары туралы айтылады.

Бұл семинардың маңызды міндеттерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді тарту арқылы биоқауіпсіздік және ГМА айналымы мәселелері жөніндегі ақпаратты халық арасында тарату болып табылады.

Семинар 2019 жылдың 21-22 қараша күндері ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК базасында, Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тасжолы 13/5, конференц-зал, 2-қабат мекен-жайы бойынша өтеді. Семинардың басталуы сағат 09:30.

Анықтама үшін телефондар: +7 (717)-2 70-75-25: 70-75-26.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.