ҚР БҒМ - МОН РК

Оқыту курстарын ұйымдастыру мәселесін белсенді пысықтау қажет

«Жаңа экономикалық саясатты өрістету жоғары тәртіптегі дағдыларға ие адам ресурстарынсыз жүзеге асырыла алмайды. Бұл дегеніміз, Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, озық білімі мен технологияларын игерген азамат атану. PIAAC бүгінгі таңда білікті кадрлар арасында қандай айырмашылық бар екенін көрсетті». Бұл туралы PIAAC халықаралық зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша ұйымдастырылған брифингте Білім және ғылым вице-министрі
Ш. Каринова мәлім етті.

ЭЫДҰ елдеріндегі квалификацияланбаған мамандардың машықтары Қазақстандық мамандардыкімен бірдей болғандықтан, статистикалық айырмашылығы аса көп емес. Алайда ЭЫДҰ елдерінің азаматтары квалификация иеленіп, білікті мамандардан 16 есе алда жылжығанда айырмашылық еселене түседі.

Бұл ретте, Қазақстандағы квалификацияланған және квалификацияланбаған қызметкерлердің ара қатынасы ЭДЫҰ елдерімен салыстырғанда үш есе кем. Себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бәлкім Қазақстанда біліктілікті арттыру курстары, түрлі тренингтер мен ресми емес білім беру құралдары құзіреттіліктің артуына мүмкіндік бермей, әлсіз жұмыс жасауда. Немесе еліміздің үлкен жастағы азаматтары өз қабілеттірін дамытуға ынталы емес, болмаса оны дамытуға мүмкіндіктері жоқ.

Сөзін түйіндей келе, министр, бұл контексте ересектер еңбегінің ерекшелігін ескеру қажет деді. Мысалға, ЭЫДҰ-ның халықаралық зерттеуі көрсеткендей, TALIS оқытуы және дағдылауы бойынша соңғы жылы мұғалімдердің 90% — дан астамы білікті арттыру курстарынан өтті.

  • Аталмыш контексте халық үшін озық тәжірибе мен дағдылардың тарау нүктесі ретінде ЖОО рөлінің артқандығы көрінеді. Оқыту курстарының ұйымдастыру және мазмұндық мәселесін белсенді түрде талқылау қажет. Ол үшін оларда барлық қажет дүние бар, — деп Білім және ғылым вице-министрі атап өтті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.