Жаңа сабақтар

Адырбек Сопыбеков. Сапар мен парта

Атырау қаласы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қабдол Зайгуль

Сабақ тақырыбы: Адырбек Сопыбеков. Сапар мен парта.

Презентация: https://45minut.biz/wp-content/uploads/2019/10/сапар-мен-парта.pptx

Сабақтың тақырыбы: Адырбек Сопыбеков. Сапар мен парта. Мұғалімнің аты-жөні: Қабдол Зайгуль

Күні: 20.11.18

СЫНЫП: 2 Қатысқан оқушылар саны: 29 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.5.1 — өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.2.1 — мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.3.3.1 — шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : ресустар
Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Сатамын, сатып аламын»

Мақсаты: жақсы,жаман қасиеттерді теріп айту

Нұсқаулық: Өз бойындағы жаман қасиетін айтып, досының бойындағы жақсы қасиеттерді өзіне алады.

Топтарға бөлу.

Слайдтан сандарды таңдап, ортаға 5 оқушы ортаға шығарылып , сол оқушылар өздері таңдау бойынша топ жинайды.Жұмбақтар шешіп, топ атын табу.

1-топ: Оқулықтар 4-топ: Қаламдар

2-топ: Дәптерлер 5- топ: Қарындаштар

3-топ: Суреттер

«Сатамын, сатып аламын»

Тренинг.

Топқа бөлу. Оқу құралдары арқылы

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Үштік» әдісі

(Әрбір топ ішінен 3 оқушыдан бөлініп, үй тапсырмасын айтады.1- оқушы түсінігін айтады. 2- оқушы негізгі ойды түйіндейді. 3- оқушы сұрақ қояды.)

Кретерий бойынша бағалау.

Дискриптор:1. Әңгімені түсінікті етіп айта алуы.

2. Дауыс ырғағымен баяндай алды.

3. Сұраққа жауап бере алды

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

Қолдану;

Ойға шабуыл:

— Жиһаз неден жасалады деп ойлайсыңдар?

— Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсындар?

Сабақта ол туралы қандай мәлімет білгілерін келеді?

Бүгінгі сабағымызда «Сапар мен Парта» мысалын оқимыз. Адырбек Сопыбеков – балалар ақыны.

Суретте кім бейнеленген?

Оқушылар автор қысқаша өмірбаянымен таныстырады.

Бүгін тағы жаңа ақын,жазушы Адырбек Сопыбеков ағамызбен танысамыз.

Міне, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалы. Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген.Оның балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан.

Адырбек ағаның «Сапар мен парта» деген алғашқы өлеңі осыдан 57 жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарияланды. Бұл республикалық баспасөзде тұңғыш жарияланған өлеңі болатын-ды. Содан бастап осы газеттің белсенді авторларының бірі және штаттан тыс тілшісі болды. Балаларға арналған өлеңдері 60-тан аса топтама жинақтарға енсе, соңғы 50 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын үзбей.

Мәнерлеп оқу

Талдау – табыс кілті

Тапсырма 4. (Ж, Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасату.

1-әрекет. «Бетпе-бет»

Мысалды әр топтан 2 оқушы ортаға шығып оқиды

1-оқушы мәнерлеп оқиды, 2- оқушы мазмұнын

түсіндіреді.

Бес қадам:

1. Өлеңнің мысалға жататынын қалай аңғаруға болады?

2. Парта Сапарға неліктен ренжіді.

Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Мұндай сөйлесуді — монолог дейміз.

Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?

3. Сапардың өз кінәсін мойындаған жерін тауып оқы.

4. Сенің өміріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?

5.Сапардың орнында болсаң не істер едің?

2-әрекет. (ФБ). Түсінгендерін «Сұхбаттасатын жұп» арқылы бағалайды. Жұбыңызбен 3 үйренген нәрсе:

— Не оңай болды?

— Не қиын болды?

— Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз.

Тапсырма 5. (Ж) Оқулықтан және берілген мәтіннен тірек сөздерді жазғызу.

Ойлан

▪ Парта неден жасалады?

▪ Емен ағашы туралы не білеміз?

▪ Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Мұны білген жөн

Гигиеналық талаптар

1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара — қашықтығы келесідей болуы керек:

а) парталар қатарының арасы – 60 см;

ә) екі парта арасы – 50 см

б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы – 70 см

в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м

г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 — 2, 7 м

ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см

д) тақтаның жерден биіктігі – 80 — 90 см

Кабинет жабдықтарының өлшемі мен белгілері

Ой толғаныс

Алтын ереже

• Мектеп мүлкін күтіп ұста

• Партаны сызба

• Партаны бүлдірме

• Орындықты ырғыма

• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап

• Кабинет есігін қатты жаппа

• Партаны күтіп ұста

• Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.
Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті видеожазба
«Ақылдың 6 қалпағы».

Мәтінге байланысты негізгі ойды қарастырады.

Ақ қалпақ — эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?

Сары қалпақ – айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.

Қара қалпақ – сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ – сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Көк қалпақ – ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.

— Мектепте қандай ережелерді сақтауымыз керек?

«Алтын ереже» кемпірқосақ әдісі

• Мектеп мүлкін күтіп ұста

• Партаны сызба

• Партаны бүлдірме,партаны күтіп ұста

• Орындықты ырғыма

• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап

• Кабинет есігін қатты жаппа

• Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.

«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.
Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушының аты-жөні Балл

«қыздың бет әлпеті бойынша» әдісі

Бағалау парақшасы

«Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы.

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. РАФТ әдісі.

1-топ. Парта — Сапар — хат — «Менің мүшкіл халім» (Парта Сапарға хат жазады)

2-топ. Сапар — Сынып жетекші — Түсініктеме — «Түзелуге сөз беру.» (Сапар сынып жетекшісіне түсініктеме жазады)

3-топ. Сынып жетекші – Ата-анаға — Эл.почтаға -«Сапардың тәртібі» (Сынып жетекші Сапардың ата-анасына электрондық хат жазады)

(РАФТ әдісі бойынша оқушылар хат, түсініктеме, электрондық хат жазады.)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.