Табиғат – әсемдік әлемі
Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы
№7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Абилкасимова Аякоз Нарботаевна
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 1 мектеп-гимназия Мерзiм 27.07.2016 ж № 28
Тақырып: Табиғат – әсемдік әлемі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық, мейірімділік, қамқорлық
Мұғалiм: Абилкасимова А.Н.Cынып: 2 Оқушылар саны: 20
| Сабақ мақсаты: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру туралы түсініктерін кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: табиғат сұлулығының мәнін түсіндіру 2.Дамытушылық: табиғаттағы тірі ағзаларға деген мейрімділік сезімдерін дамыту |
Ресурстар:
Интербелсенді тақта, электронды оқулық, бейнеролик, плакат, бояулар |
Сабақ барысы:
Тыныштық сәті. №4 «Орманға ойша саяхат» 3мин.
Дәптердегі тапсырманы орындау.Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың суреттерін салыңдар. – Бұл дастарқанға кімдерді қонаққа шақырар едің? |
Сабақ барысын талқылау:
Балалармен сәлемдесу. Құралдарын тексеру. |
| Дәйек сөз.3мин.
«Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде, Сән түзеп көрік берсін жер бетіне» Рысбай Сәтімбеков Сұрақ: Жер бетінің көріктенуіне не қажет деп ойлайсыңдар? Рысбай Сәтімбеков – ұстаз, профессор, биолог-ғалым. Мамандығы биолог болғанымен, ол әдебиетке жақын болған. Өлең, мақала жазған. |
Дәйек сөз тақтаға жазылады. 2 рет ұлдарға, 2 ретқыздарға айтқызу. Барлығы бірге айту. Дәптерге жазу. Мағынасын ашу. |
Автор туралы мәлімет. Балтабай Әділов – Алматы облысы, Қастек ауылында дүниеге келген. Театр және кино актері. Көптеген рөлдерді сомдады. «Жүрегім ашық жақсыға» атты кітаптың авторы. «Табиғат сәні» Балтабай Әділов Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді. -Жар салдыр, дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын! Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті. -Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. – Табиғат сәні неде? – Жасыл желек -дедіАқбөкен. -Тоғай- деді Қоян. – Тау мен тас –деді Арқар. -Дала, – деді Қасқыр. – Орман, – деді Түлкі. – Су, – деді Бұғы. – Жер, – деді Піл. – Тас, – деді Аю. – Көкжиек,- деді Керік. – Шөп, -деді Борсық. – Күн, – деді Қодас. – Құс, – деді Саршұнақ. Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін үнсіз отырған елікке қадады. -Сен неге үндемейсің? Елік лып етіп орнынан тұрды да, Арыстанның алдына келіп: – Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, табиғаттың сәні шығады. Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты. Сұрақтар: 1. Арыстан аңдарды не себепті жинады? 2. Аңдардың жауаптары неге әр түрлі болды? 3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы қандай? 4.Қалай ойлайсың, табиғаттың сәні неде? Бейнеролик«Табиғат – адамзатқа аманат»3мин. Сұрақ: -Осы табиғатты қалай сақтай аламыз?1мин |
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Рөлге бөліп оқу. Бейнеролик тамашалау. |
1топ. (5 бала)Түсіп қалған сөздерді қойып, өлеңді толықтыр. 1.Табиғат ол анамыз, Табиғатқа баламыз …………… ойнаймыз, ………. саламыз. 2.Жазда аралап тауында, ………… шомылып, ………. жауында, Барамыз біз бауына. 2-топ. (5 бала)Бурабай өлкесі бейнеленген мозайканы құрастыру. 3-топ (5 бала), 4 топ(5 бала) «Мен табиғатты қалай қорғар едім?» тақырыбына жоба жасау. (көлік, зат т.б.) Әр топ өз жұмысын ортаға шығып қорғайды. Пікір алмасады. Дәптермен жұмыс.3мин.
Дәптерде берілген суреттің тиісті бөлігін бояйды. |
Қима қағаздар таратылады.
Мозайка, плакат, бояулар беріледі. |
«Табиғат» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу. |
|
«Көктем келді» Сөзі мен әні: Б.Бейсенова Көктем келді, көктем келді сағынта, Бүршік атты алма ағаштар бағымда, Біздің үйге ұя салды, алақай! Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да. Қ-сы: Дала гүлге оранады Түрлі түске боянады. Нұрлы көктем келген кезде Табиғат та оянады. Көктем келді, көктем келді далама, Қуанып жүр адамдар да, бала да, Қарымыз еріп, жылғалардан су ағып, Үйрек-қаздар жайылып жүр далада. |
Электронды оқулық, 2-сынып, 4-тарау.
Әнді барлық оқушылар бірге орындайды. |
| 7. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады. (3мин)
– Қазір көзімізді жұмайық,бүгінгі сабақты ойша еске түсірейік. Айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді жүрегіміздің түбіне орнықтырайық! – Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабағымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңа рахмет! |
Сабақты қорытындылау. |
