Өнер алды – қызыл тіл
БҚО.Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы.
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің
қосымша білім беру педагогі
Султанова Нурия Амантаевна
Сайыстың тақырыбы: « Өнер алды – қызыл тіл »
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру. Ана тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой – қабілетіне әсер ету, сайыс арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту. Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.
