Бесік жыры. Несіпбек Айтов. «Қабанбай Батыр» аңы зынан үзінді

Орал қаласы № 30 орта жалпы білім беретін мектеп

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Амантаева Данагул Сарсенбаевна

Сыныбы: 3 «Г» Күні 28.04.17ж
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры. Несіпбек Айтов. «Қабанбай Батыр» аңызынан үзінді
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу. Бесік жырының маңызын ұғындыру. Салт – дәстүрді жалғастыра білуге, ананы қадірлеуге, сыйлауға,адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
«Бесік жыры» үзіндісінің мәнін ашу.
Күтілетін нәтижелер: А.Тақырыпты аша алады.

Б.Жырдың қай заманда жазылғанын дәлелдей алады.

С.Өлең құрастыра алады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Шаңырақ,үнтаспа, бесік, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар
Сабақ барысы:
Сабақкезеңдері Уақыты Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 5 мин «Шаңырақ» тренингі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Шаңырақ — киіз үйдің негізгі бөліктерінің бірі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі.

– Әрбір адам ?

– Туысым, досым, жұрағат

– Әрбір сабақ ?

– Үйрену, ұғу, ұлағат.

– Әрбір ісім ?

– Тірек, тірлік, адамдық.

– Әрбір сөзім ?

– Шындық, бірлік, адалдық.

Үй тапсырмасы

Тарауды қайталауға арналған тест жұмысы.

1.Отамалы мәнітінің авторы кім?

А)Ы.Алтынсарин Б)А.Құнанбаев В)М.Әуезов

2. «Жасын» сөзінің мағынасы

А)Жаңбыр Б) Найзағай В)Қосшы

3. Жайлау күні кім үшін біресе қысқа, біресе ұзақ болды?

А) ҚұрмашБ)ЖұмашВ) Болат

4. Тараудағы атқа мұңын шаққан қайсысы?

А)МойнақБ)ЕсекВ)Қаңбақ

5. Пейзаж дегеніміз-

А)белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі.

Б) адамның бейнесін суреттеу

В) қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі

тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер,

тағамдарды бейнелеу.

6. Жұмбақты шеш

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?

А)КүзБ)ЖазВ)Көктем

7. Кемпірқосақ қай уақытта пайда болады?

А)Жаңбырдан кейінБ)Жаңбырың алдындаВ) түнде

8. Мақалды жалғастыр

Сәуір болса күн күркірер,

…………………көк дүркірер

А) көк күркісеБ) күн күркісеВ) аспан күркісе

9.Қай өлең шумақтарынан алынған?

Жауын жауып өткенде,

Көрсең, шіркін, жерімді

Қызыл,

Жасыл, Көкпеңбек………

А)БұршақБ) Кемпірқосақ

В) Көктем

10. Төрт мезгілді аңсаған ақын кім?

А) Қ.Тұрманов Б) Ж.Кәрбозин

В) Ы.Алтынсарин

Ортаға шығып шаңырақтың уықтарын ұстап киіз үй бейнесін келтіреді. Жылы лебіз сөздерін айтады. Уық түстері арқылы топқа бөлінеді. (қызыл,жасыл,көк)

Оқушылар тарауды қайталауға арналған тест тапсырмаларын орындайды.

Тұсау

кесер

5 мин Ой қозғау

Бқеқсқіқк

(ф әрпін сызып тастасаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыптары шығады)

Ү.Балалар, бесік сөзін естігенде немесе қағаз бетінен көре қалдық делік, сонда ойымызға қандай сөздер келеді.

(постер жасап, қорғайды)

Баланы

бөлейді

Жылы

Ыңғайлы

Таза

Тербеледі

Ағаштан жасалған

Үнтаспадан «Бесік жырын» тыңдату.

– Біз қандай жырды тыңдадық?

– Бұл жырды қай кезде айтады?

– Бесікке жатқан бала бар ма?
– Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
– Бесік- бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша , қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.

– Балалар, «Сарқылмас қазына» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа , атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».

Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді.

Постерге топтастыру жұмысын жүргізеді.

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу.

Негізгі бөлім:

Қорытынды:

30 мин

5 мин

Оқулықтағы «Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқу.

. Басты мұралардың бірі – «Бесік

жыры». (Мақсат қою)

«Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі рқылы жаңа сабаққа көпір жасау.

–

Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?

-Ендеше, бүгін біз талай жыр поэзияларымен бүгінде қуантып жүрген қазақтың ақыны Несіпбек Айтұлының «Қабанбай батыр» аңызынан үзінді Бесік жырымен танысамыз.

Оқулығымыздың 101 бетін ашып, жұптасып екі шумақтан тізбектей отыра оқып шығайық. Түсініксіз сөздер кездессе түртіп алып отырайық. (Несіпбек Айтов туралы слайд арқылы мағлұмат беру)

Авторы кім ? Ол турлы не білеміз?

Бесік жырын айтып отырған кім? Апасы сәбиіне қандай жақсы тілектер айтты?

-Бала дүниеге келгеннен кейін тағы қандай салт-дәстүрді өткізіледі? осындай жағдай сенің өміріңде болды ма?

Оқулықпен жұмыс

Ұлтарақтай деген салыстыруды қалай түсінесің.

Топтық жұмыс. “Галерия әдісі ”арқылы постер қорғау.
1 топ.«Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»

2 топ .Бесіктің пайдасы мен зияны
3 топ.Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
*Бүгінгі алған деректерді пайдаланып, бізге бесікке бөлеу рәсімін рөлдерге бөліп ойнап көріңдерші.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс: Батыр ғой, жата ғой, бата ғой, түс көріп, рақатқа сөздерін пайдаланып бір шумақ өлең құрастыр.

Бес жолды өлең құрау.

Не? Бесік

Қандай? 2 сөз

Не істеді? 3 сөз

Сөйлем.4 сөз

Синоним сөз

Рефлексия: Бүгінгі сабақ бойынша өзіңізге ұнады ма (өзінің ойларын уыктарға жазып, шаңыраққа іледі.

Үй жұмысы: Бесік жырының жаттап келу.

Оқушылар топтарда өлеңді оқып, бірге талқылайды, алдына қойылған сұрақтарға жауап береді, сол сұрақтар төңірегінде ойларын бөліседі.

Оқушылар өз бетімен постер құрастырып жұмыстанады, жұпта, топта жұмыс түрлерін өткізеді.

Жауаптардың сәйкестік деңгейін тексереді және төмендегі критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды.

Бесік жыры туралы ойларын түйіндеп, топтастыруды аяқтайды.

СТО әдісін қолданып 5 жолды өлең құрайды.

Сабаққа рефлексия жасайды смайлик, басбармақ, от шашу арқылы бағалайды.

Сабақтан алған әсерлерін жазып,шаңырақ құрады.

Үй тапсырмасын жазып алады.

амантаева.pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше