Мектеп оқушыларын еңбекке баулу
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінің техналогия пәнінін мұғалімі Байбатшанов С.Қ
Технология пәнін оқытуда- еңбек етудің алғы шаттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
