Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Баяхметова Бакыткул Карагуловна
Математика пәнінің мұғалімі,
Жалпы білім беретін Амангелді орта мектебі,
Қостанай облысы,Амангелді ауданы,Амангелді селосы
Сабақтың атауы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сілтеме: Математика 5 сынып, Т. А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов , слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты: Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,
- Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу. Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру
Мұғалім үшін оқу нәтижелері: Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау
Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
Оқушылар алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан анықтайды, талдайды, сипаттайды
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері: Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жай бөлшектерді қосу және азайту,көбейту және бөлуге арналған есептерді толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жай бөлшекті толығымен меңгереді;
Оқушылар жеке,топпен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесіндеоқушылар топтағы жұмыстарын көрсете алады,әроқушы өз білімін толықтырады.
Қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Ресурстар: тапсырмалар, құрастыру графикалық диктант, Блум таксономиясы бойынша бағалау парақтары
| Сабақ кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі
3 мин |
Сәлемдесу . “Шаттық шеңберде”
«Тізбектелген тілек» ойыны. Әр оқушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады . Топтастыру. Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді ала отырып, сол түстер бойынша топтарға бөліну Оқушыларды әр түрлі гүлдердің суреті арқылы сыныпты 2 топқа бөлу Бағалау критерийлері
Топ ережесін құру,топ басшысын сайлау,бағалау парақшасын беру |
Сәлемдеседі. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. Оқушылар өздеріне ұнаған түстерін алады
Әр түрлі гүлдердің суретін жинап, дыбыссыз қадаммен 2 топқа бөліну. |
| Үй тапсырмасын сұрау
3 мин |
«Құрастыру» стратегиясы арқылы сұраладыЖүк машинасы кірпіш әкелді. Жүк машинасындағы сан-кірпіштерді пайдаланып бөлшектер құрастырып жазыңдар. Дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшектерді ажыратыңда | Тақтадағы жазылған сұрақтарға оқушылар жауап береді |
| Білу
4 мин |
«Қайталау – оқу айнасы»
Постер қорғау Топтарға жай бөлшектер тарауы бойынша толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды. 1 топ «Жай бөлшек» Жайбөлшектерді қосу және азайтудегеніміз не? 2 топ «Бұрыс бөлшек» Жайбөлшектерді көбейту және бөлу дегеніміз не? |
Әр топ өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады |
| Түсіну
10 мин |
Жұппен,Топпен жұмыс | Әр топ өз міндеттерін орындайдыбір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды,есеп шығарады,сурет Құрастырады |
| Қолдану
3мин |
Бізге көмектесіңдер.Қай жәндіктің мұрты ұзын? Теңдеуді шешсеңдер қай жәндіктің мұрты аяғынан ұзын екенін білесіңдер
Х-1/6-3/8 |
Топ мүшелері теңдеуді шешеді. |
| Талдау
10мин |
1деңгей
а)12/25*35/36 Ә)1/5:2/3 б)34/15:17/5 2 деңгей А)2*6 ә)1*6 б)3*2/7 г)3/7*9 3деңгей 6-2+8-1 |
Деңгейлік тапсырмаларды тақтаға орындайды.
Әр топтан үш оқушыдан шығады |
| Сергіту
3 мин |
Суреттен жасырылған санды табады? | Әр топ ақылдасып, топтар кезек кезек интербелсенді тақтаға шығып дұрыс жауабын таңдайды |
| Жинақтау
5мин |
Графикалық диктант —Иә, / жоқ
1.Өзара тең бөліктер үлестер деп аталады? 2.6/24*3/18қысқартылмайтын бөлшектер. 3.Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады. 4.15 минут сағаттың ¼ бөлігі 5.Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе1санының оң жағында орналасады. 6.Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші. 7.25/44 бөлшегі бұрыс бөлшек. 8.Бұрыс бөлшек 1ге тең немесе бірден үлкен. 9.2/5 бөлшегі координаталық сәуледе 4/5 бөлшегінің оң жағында жазылады. 10.Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады. |
Оқушылар өздерінің білімдерін графикалық диктант арқылы қорытындылайды. |
| Бағалау
2мин |
Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау. Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
Оқушыларға бағаны бағалаушы қойған бағалары арқылы талдап бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қою. |
Топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды. Бағалаушы топ мүшелерінің сабақ барысында жинаған барлық ұпайларын қосып бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды. Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. |
| Рефлексия
2мин |
Білім ағашы.
«Білім» ағашында өзіңіздің орналасқан деңгейіңізді пайымдап беріңіз. Сабак сонында оқушы сабакта озiн калай ұстады, кандай дарежеде өз бiлiмiн корсете алды, агаштан өзiн тауып бояп кояды. Жұппен жаксы жұмыс iстесе құшактасып отырган екi адамды белгiлейдi. Сабаққа араласпаса жерде бұртиып жаткан баланы бояп кояды.т.с.с. Неліктен Сіз солай есептейсіз? |
Ұсынылған суреттегі білім ағашына өздерін белгілейді
Топ басшысы топты бағалайды |
| Үйгетапсырма
1 мин |
«Жай бөлшектер» тақырыбына 3 есеп құрастырып келу керек. | Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |
