Жұдырықтай жүрегімде мың сарбазға орын бар
Тар құрсағын кеңітіп, түн ұйқысын төрт бөлген перзентіне деген ана махаббаты қашан да ыстық. Ол мейлі бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайған жас өрен болсын, тіпті қару асынып ел тыныштығын күзеткен жауынгер болсын ана жүрегінде әлі де сәбидей аңғал кейпінде қала бермек.
