Ұмытылмас студенттік шақтың куәсі ҚазҰУ

Білім алу – әр адамның парызы. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп»,- деп, Абай атамыз айтқандай, он бір жылдық мектепті бітіріп, әрі қарай білім ізденісін жалғастыратын әрбір түлек үлкен білім ордасын іздейтіні анық.

Алты жыл бұрын біз де білім қуып үлкен білім ордасының, қара шаңырақ аталып кеткен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің табалдырығынан аттаған сәттен бастап, таулармен таласқан университеттің көрінісі жүрегімді бірден тебірентті.

Сол күннен бері осы білім ордасына түскеніме ешқашан өкінбедім. Әдемі көрінісі үшін емес, әсілінде ол білікті де білімді ұстаздардың арқасы, университет қабырғасындағы қайнаған студенттік өмір, әр түрлі ұйымдар барлығы бірге ұмытылмас естеліктер қалдырды.

Қазіргі таңда мен биология және биотехнология факультетінің, биотехнология кафедрасының екінші курс магистрантымын. Бакалавриатты да биотехнология мамандығы бойынша осы қара шаңырақтан аяқтадым. Осы алты жыл бойғы білім қабырғасында ерекше атап өткім келетіні-ол білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарым. Себебі шәкірт көзіндегі білімге деген қызығушылық пен құштарлық отын сөндіріп алмай, сүйіспеншілік пен талапшылдықты баланста ұстай отырып, шәкірттерге бірдей қарап, әділдікпен бағалай отырып, білім беру кез келген ұстаздың қолынан келмейтіні рас.

Нәзік жанды ұстаздарымыздың бойынан қайтпас қайсарлық, мықты ерік-жігер көріп, жігерленіп алатыным бар.
Тағы да ерекше атап өткім келетіні факультет көлемінде жұмыс жасап жатқан студенттік ұйымдар, соның бірі Әл-Фараби атамыздың қайырымды қала тұрғындары концепциясына сай «Көмек» Қоғамдық қоры. «Көмек» – бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде құрылған халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына көмек көрсету мақсатындағы еріктілер жұмысынның ұйымдастырылуымен айналысатын студенттер қауымы. Жобаның негізі: Біздің болашағымыз – жастардың қолында. Қоғамның қалыптасуына жас ұрпақтың маңызы зор. Еріктілік жұмыс – бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін танытатын, әлеуметтік жауапкершілікке, патриотизмге, көшбасшылық қасиеттерге, студенттерді бірін-бірі түсінушілікке және қолдауға тәрбиелейтін кең ауқымды қызмет түрі. Ұйымның мақсатымы жастар энергиясын өздерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғам пайдасына бағыттау. Бұл жоба жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, түзету мектебіндегі және науқасқа шалдыққан балаларға, сонымен қатар еріктілік көмекке мұқтаж қарттарға еріктілік көмек ұйымдастыруға негізделген. Сондықтан біздің университетіміздің және басқа да ЖОО-ның студенттері бұл жұмысқа ат салыса алады. Тұрақты жұмыс жасайтын студенттік жастардан құралған біздің жобамыз көптеген балалар үйін қамти алады. Ал ең бастысы, көптеген балаларға өмірде өз жолын табуға көмектеседі!
«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді»,- деген Қаныш Сәтбаев атамыздың сөзімен аяқтағым келіп отыр.
ҚазҰУ-білім мен өмірдің қайнаған тұсы.

ҚазҰУ-нің биология және биотехнология
факультетінің магистранттары: Сисимова А. Әбілда А.
Ғылыми жетекшілері: Уалиева П.С., Абдиева Г.Ж,. Мәлік А.М.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше