Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар оқулық» өлеңі н оқыту
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Орынбаева Ақмарал
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар оқулық» өлеңін оқыту.
Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту Ы.Алтынсарин туралы түсіндіру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіруой-өрісін дамыту. Өз ойларын анық жеткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұқыпты, таза жазуға дағдыландыру.
Тәрбилік: оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай суреті, жыл мезгілдерінің суреттері сызбалары.
Әдістері: оқу мен жазудың сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сөздік, сұрақ-жауап.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.
ә) Топқа бөлу.
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем
– Көктем айларына қандай айлар жатады?
– Наурыз, сәуір, мамыр.
– Осы үш айды оқушылар кезекпен айтып шығады.
– Балалар, қазір көктем мезгілінің қай айы.
– Сәуір
– Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
(оқушылар өз ойын айтады?)
- Өткен сабақты еске түсіру.
Тапсырмалар.
І-топ. 1. Кім? кімдер? сұрақтары жауап беретін сөздерді айтыңдар?
ІІ-топ. 2. Не? нелер? сұрақтары жауап беретін сөздерді айтыңдар?
3. Суретте не бейнеленгенін атап сұрақ қою.
4. Суретте заттарға қандай сұрақтар қойылады?
(оқушылар жауап айтады)
- Үй тапсырмасын сұрау.
Ш.Ахметовтың «Жаз келді», бұл қай кезде болды? Өлеңін оқыту. Т.Айбергеновтың «Жаз келді», өлеңін мәнерлеп оқыту. Ізденушілік деңгейдегі 118-жаттығуды оқыту. Берілген сұрақтарға жауап алу. Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелету.
- Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін біз Ы.Алтынсаринның «Кел балалар оқылық» өлеңін оқып танысамыз.
Мұғалімнің түсінігі. Ы. Алтынсарин кім? Ыбырай Алтынсарин 2 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Қазақ балаларының оқып білім алдын қалаған ол өнер-білімге шақырып, «Өнер-білім бар жұрттар», «Кел балалар оқылық» т.б. өлеңдер жазып қалдырған. Сондай-ақ қысқа да тәрбиелік мәні зор әңгімелері мен аудармалары бар.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді бірінші өзім оқып беремін өлеңнің мазмұнын айтып өтемін.
- Оқушыларға іштей оқыту.
- Дауыстап тізбектен оқыту.
- Өлеңмен жұмыс.
- Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?
- Оқу не үшін қажет екен?
- Өзің қалай оқып жүрсің?
(оқушылар өз жеке пікірлерін айтады)
Өнер-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Оқушыларға мақалдың мағынасын айтып, түсіндіру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл демалып аламыз.
123-жаттығу.
- Әр сөздің тұсына қарсы мағыналы сөз тауып, көшіріп жаздыру.
Үлкен – кіші биік – аласа
Ұзын – қысқа қалың – жұқа
- Сөздерге сұрақ қойыңдар.
- Сабақты қорыту:
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Балалар Ыбырай атамыз «Кел балалар оқылық» деп айтқандай, білімге, өнерге, оқуға құштар болыңдар.
- Үйге тапсырма беру:
Өлеңді оқып, жаттау. 124-жаттығуды орындау.
- Бағалау.
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Орынбаева Ақмарал
