Сабақтың тақырыбы: Күй тартыс туралы ұғым. АШЫҚ С АБАҚ
«№185 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Дайындаған: Музыка пәні мұғалімі Амантаева Рыскуль
Сабақтың тақырыбы: Күй тартыс туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күй тартыс туралы ұғымды еткізе білу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Музыкалық шығармаларды тыңдауға, көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың тыңдаушылық, орындаушылық қабілеттерін, ұлттық өнер негізінде шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ музыкасы мен өнерін құрметтейтін, халқымыздың мәдени асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа әрі қарай жалғастырушы азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: шығармашылық.
Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас, ойын зерттеуі.
Қолданылатын көрнекіліктер:электронды оқулықан бейнекөріністер, үнтаспа, домбыра, асатаяқ, ұрмалы аспаптар түрі: асықтар, мүйіз, музыкалық аспаптар суреті, буклет, кроссворд, алты бағытты диаграмма.
Музыкалық сауаттылық:тыңдаушылық, орындаушылық, еске сақтау.
Музыкалық шығармалар: «Ақ мамам» -әні, «Наурызым – нақыл жыр» – әні, «Әгугәй, домбыра» -әні. Күй: Құрманғазының «Бұлбұлдың құрғыры» -күйі.
