Тәрбие сағатының тақырыбы: ” Рахмет саған, ӘЛІППЕ !»
Жунусова Жамал
Алатау ауданы. №114 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасында оқып жиып ал,
Тепкілесең кетпейді, – деп Өтебай Тұрманжанов айтқандай, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен соды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен – бұл алғаш рет қолдарына ұстатқан кітаптары «Әліппе» екені бәрімізге мәлім.
* Ендеше «Рахмет саған, Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңдер
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған шығар баршаңызда
Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық
1 «А» сынып бүлдіршіндерін ортамызға.
Қол үзе алмай қызығының бақшаның,
Тауыса алмай сәбиліктің жақсы әнін.
Қош келдіңдер ортасына білімнің,
Қадамдарың құтты болсын, достарым!
