Теңдеу шешу. ІІ-ші сағаты. Тиянақтау

Атырау облысы , Атырау қаласы

Қ.Смағұлов орта мектебінің І санатты

бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы

Пәні:Математика

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу шешу. ІІ-ші сағаты. Тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Құрылымы күрделірек азайту амалымен байланысты теңдеуді құру және оны шығару тәсілін көрсету.Теңдеудің шешуін жазудың және тексерудің үлгісін көрсету.

Дамытушылығы:Есепті түрлендіре отырып, салыстыра білуді дамыту.Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс – әрекеттер орындау.Оқу, жазу және тексерудің үлгісін көрсету.

Тәрбиелілігі:

Жинақылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Құрылымы күрделірек азайту амалымен байланысты теңдеуді құра отырып, оны шығару тәсілін көрсете алады. Есепті түрлендіріп, салыстыра біледі. Қосылғыштардың қосындысын тауып оған кері іс –әрекеттер орындай біледі.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы . Сілтеме: Математика оқулығы, Интербелсенді тақта

Сабақтың әдісі: ой қозғау,кеме құрастыру, тірек схемасы, қима қағаздармен жұмыс,Венн диаграммасы,ойын,практикалық жұмыс .

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,тірек схемасы , қима қағаздар, Венн диаграммасы, кеме құрастыру ойыны,геометриялық фигуралар, Кім шапшаң? ойыны

Сабақтың жүрісі: Үшбұрыш, төртбұрыш және шаршылар арқылы топқа бөлу.

І. Ұйымдастыру .Кеме құрастыру.Құрастырған кемемен саяхатқа шығу.

ІІ.Жаңа сабақ. Ой қозғау .Өтілген материалға шолу жасау мақсатында сұрақтарға жауап алу. Формативті бағалау.

Өтілген материалды қима қағаздар арқылы еске түсіру .

Оқулықпен жұмыс .

Сынап көру әдісі арқылы қарапайым теңдеу мен құрылымы күрделі

теңдеуді шешу. І – ші тапсырма. ІV – ші тапсырма

“Кеме құрастыру“ ойыны арқылы оқулық бетіндегі тапсырмаларды орындау .

Формативті бағалау (жұлдызшалар арқылы)

Геометриялық фигуралармен жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Төртбұрыштар сызу .

Формативті бағалау .

Тақтамен жұмыс .

Сергіту сәті (Қос қарлығаш әніне қосыла отырып, би қимылдарын жасау)

5 есеп .

Жеңіл машинаға – 40 л

Жүк машинаға – ? 20 л.арт

1 . 40 + 20 = 60 л.

Жауабы: жүк машинасына 60 л.бинзин

2 . (40 + 20) + 40 =100 л.

Жауабы: екеуіне 100 л.

6. 6 + 6 + 6 = 18 18 – 6 – 6 – 6 = 0

18 – 3 – 3 – 3 – 3 – 3 –3 = 0 Шығармашылық тапсырма орындау

“ Кім шапшаң ? ” ойыны .

( 8 + 7 ) – 10 = 5

( 8 – 7 ) + 4 = 5

Сабақты қорыту мақсатында Венн диаграммасын пайдалану:

Х + 45 = 90 + 7

күрделі теңдеу

Х + 45 = 97

қарапайым теңдеу

Ауызша теңдеулер шешумен сабақты аяқтау . Ережелер .

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше