Бейнелеу.Теңіз астына саяхат

Атырау облысы , Атырау қаласы

Қ.Смағұлов орта мектебінің І санатты

бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы

Пәні: Бейнелеу

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Теңіз астына саяхат.( Мүсін, рельеф )

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Теңіз астындағы ғажайып тіршілікпен танысу.Теңіз астын

бейнелеу, балықты мүсіндеу, рельеф туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:Оқушылардың ой – қиялын дамыту.Өз бетімен сурет салу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі:“ Тіршілік көзі – су “ екенін ұғынып, оған қамқор бола жүруге тәрбиелеу.

Сілтеме: Бейнелеу оқулығы 2 сынып,ғаламтор материалдары

Сабақтың жабдықтары:

Тақта , бор, сүрткіш, маркерлі тақта, магнитті тақта, сурет

дәптерлер,қарындаш,түрлі-түсті қарындаштар мен өшіргіштер,

пластилин.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,Қазақстан картасы,теңіз асты бейнеленген суреттер, түрлі балықтар мен теңіз асты өсімдіктері бейнеленген буклеттер.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, топтық жұмыс, картамен жұмыс.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй жұмысын тексеріп, бағалау. Икебана туралы түсінік айту.

3.Жаңа сабақ.

Теңіз астымен танысу үшін алдымен теңізші болып көрейік.

С.Жиенбаев ағамыздың “ Теңізші болғым келеді “ өлеңімен танысу.

Мәнерлеп оқу.

4 шумақ , 16 тармақ.

Шағала турады білетіндерін ортаға салу.

Шағала – теңіз құсы. Үстеме түсінік. Ол көлдер мен өзендерді де

мекендейді.Ол негізінен балықпен қоректенеді. Дегенмен,шегіртке

сияқты зиянды жәндіктермен жеп пайда келтіреді.Шағалалар жақсы

ұшады, жақсы жүзеді және су бетінде ұйықтайды.Олар 1 – 4 жұмыртқа салады.

Рельеф туралы түсінік беру.Мүсін.

Картамен жұмыс.

Қазақстан картасынан Каспий және Арал теңіздерін табу.Каспий мен

Жайық өзенінің қосылар тұсын табу.Онда кездесетін теңіз балықтарын атау.

Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

1 – ші топ 2 – ші топ
Теңіз астын бейнелеу. Балықты мүсіндеу.
Теңіз астында кездесетін жануар –

мен өсімдіктерге тоқтау

Балықты мүсіндеуді кезеңдер –

( 1, 2 , 3 ) орындау.

Сұрақтарға жауап алу.

Тапсырманы орындау , бағалау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше