Жас мамандар мектебі

ШҚО Семей қаласы Шақаман ауылы

Шақаман ЖОББМ

Муканова Гульнара Тургалиевна

Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,

оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.

Г.Галилей

Абайдың білім-ғылым жөніндегі «… білім-ғылымды үйгенгенде ақиқат мақсатпен үйрену керек, … білім-ғылымды үйренуге адамның ішінде екі қару бар: бірі ойласу, пікір алысу, екіншісі сақтау, қорғау» деген отыз екінші сөзі; қайрат, ақыл, жүрекке қатысты айтылған, «әуелі өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек…» деген он жетінші сөзі, «… күллі адамды қор қылатын надандық, еріншектік, залымдық…» деген отыз сегізінші сөздері ақиқаттың айғағын, оған жету жолдарын көрсетеді. Немесе Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?» деген сұрағы төңірегіндегі:

«Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай, Ар сақта оны біл…» деген ой толғамы адамның тіршілік тынысының мәнін айқын көрсетіп тұр деп ойлаймыз.

Мектеп Мұғалімнен басталады. Мұғаліммен даңқы шығады, Мұғалімге арқа сүйейді. Мектептің артықшылықтары мен табысты жетістіктері шығармашыл педагогикалық ұжым арқылы іске асады. Мұндай ұжым мамандарды дұрыс таңдай білетін, ары қарай дұрыс тәрбиелеп бағыттай алатын басшыға байланысты. Жас маманның болашақ дұрыс дамуы мектептің қалыпты қызметін жалғастырып, жаңалықтар енгізуге ауадай қажет.

Бірінші жұмыс күні Болашақ әріптеске мектептің басты құндылықтарын, білім беру ұйымының дәстүрлерін, оқу-тәрбие үрдісінің басты ерекшеліктерін айту. Мектеп жарғысымен, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің лауазымдық нұсқаулықтарымен таныстыру.
Екінші жұмыс күні Мектеп кітапханасындағы мұғалім бұрышымен таныстырып, әдістемелік құралдар ұсыну.
Үшінші жұмыс күні Психологтың әңгімелесуі.
Төртінші жұмыс күні Мектептің материалдық-техникалық қорымен, әдістемелік бірлестік мүшелерімен, тәлімгерімен таныстырылады.

Бекітемін

Мектеп директоры:

__________________ Шақабаев Қ.Н

2014-2015 оқу жылына арналған жас мамандармен

жұмыс жоспары

№ Қызмет бағыттары Іс-шаралар мазмұны Мерзімі Жауапты Шығуы
1 Ақпараттық-сараптамалық -жас мамандармен әңгімелесу, тәлімгерлерді тағайындау;

-жас мамандардың коммуникативтік ынтасы мен іскерлігін анықтау.

қыркүйек Мектеп директоры

орынбасарлар

мектеп психологы

Бұйрық анықтама
2 Нормативтік-құқықтық құжаттар қоры -жас мамандарды педагогтық лауазымдық қызметтік міндеттерімен таныстыру;

-жас мамандарды педагогтың кәсіби өсу картасы құрылымы мен өзіндік бағалау картасымен таныстыру;

-жас мамандарды нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру.

қыркүйек Мектеп директоры

ОТІО

тәлімгерлер

әңгімелесу

жадынамалар

3 Әдістемелік көмек -жас мамандар мектебі отырыстарының жоспарын құру;

-тәлімгерлер мен жас ұстаздар арасындағы байланыс, жұмыс жоспарлары;

-өзара сабаққа қатысу;

-«Білікті жас ұстаз» сайысын ұйымдастыру.

қыркүйек

жыл бойы

сәуір

ОТІО

тәлімгерлер

жоспар

отырыс жұмыстары

ӘК

дәптер

анықтама

4 ЖММ жұмысын бақылау -ӘБ жұмыс жоспарында және мектептің оқу-тәрбие жұмысы;

-жас маман сабақ беретін сыныптарда пәндік сынамалар жүргізу, сауалнамалар алу.

тоқсан сайын Әкімшілік

ӘБ жетекшілері

жоспар

ДЖО

анықтама

5 Қорытынды кезең -тәлімгерлер мен жас мамандар есебі;

-бірлескен жұмыс, сабақ жоспарларын ақпараттандыру;

-оқушы жұмыстарын насихаттау;

-«шығармашыл тәлімгерден-ізденімпаз маманға» атты апталық.

наурыз

сәуір-мамыр

сәуір

тәлімгерлер

жас мамандар

ӘК

баспасөз

апталық

Бекітемін

Мектеп директоры:

__________________ Шақабаев Қ.Н

«Жас мамандар мектебі» орталығының жұмыс жоспары

Мақсаты: жас мамандарға оқыту мен тәрбиелеу, дамыту салалары бойынша теориялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, ізденіске жетелеу, жас мұғалімдерді ұжымға бейімдеу.

р/с Жүргізілетін жұмыстар Мерзімдері Жауапты
1- отырыс
Сабақ және оған қойылатын талаптар жөнінде түсініктер беру:
1 Сабақ типологиясы. Сабақтың құрылымы. Қыркүйек Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 Сабақты жоспарлау жолдары.
3 Сабақ үстінде оқушылар қызметін ұйымдастыру жолдары
2- отырыс
Оқушылардың білім, білік қабілеттерін есепке ала отырып жұмыс жүргізу жолдары:
1 Зерттеу әдістері Қазан Жумаханова Ғ.А

Тәлімгерлер

2 Зерттеу әдістерінің түрлері
3 – отырыс
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері
1 Дарынды бала туралы түсінік Қараша Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 Дарынды оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары
3 Оқушыларды ғылымға баулу, ғылыми жұмыстарға жетелеудегі мұғалім қызметі
4-отырыс
Ынтасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері
1 Ынтасы төмен оқушыларды зерттеу жолдары Желтоқсан Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 Ынтасы төмен оқушылармен жұмыс папкасын жүргізу
5-отырыс
Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік
1 Инновациялық қызмет, ерекшеліктері Қаңтар Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 Инновациялық қызметтің құрамдас бөлімдері
6- отырыс
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту жолдары мен технологиялары жөнінде жалпы түсінік
1 Білім беру технологиялары туралы әдебиеттер мен басылымдарға шолу жасау Ақпан Тәлімгерлер
2 Білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары
7-отырыс
Мұғалім құзырлығы және оған қойылатын талаптар
1 Мұғалім құзырлығы жайлы түсінік Наурыз Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 ХХІ ғасыр мұғалімі қызметін үлгілеу (іскерлік ойын)
8-отырыс
Шығармашыл мұғалім және оның оқушы шығармашылығына ықпалы
1 Шығармашылық еңбек жайлы түсінік, қойылатын талаптар Сәуір Муканова Г.Т

Тәлімгерлер

2 Оқушы шығармашылығын қалыптастыруға мұғалім шығармашылығының ықпалы
3 Апталық жоспарын құру

Ескерту: осы жоспар бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері, іс-шаралар, тәлімгерлер мен жас мамандар есебі жоспар бойынша ӘК-те, ДЖО-да тыңдалады.

ЖММ отырысы әр айдың 4-ші жұмасы сағат 18.00-де өткізіледі.

Адамдарға ұнаудың ережелері

1.Басқа адамға шынайы қызығушылық танытыңыз.

2.Қай тілде болмасын адамның аты ол үшін ең тәтті, ең маңызды дыбыс екенін ұмытпаңыз.

3.Жақсы тыңдарман болыңыз. Басқалардың өзі туралы айтуын кеңейтіңіз.

4.Әңгімелесіп отырған адамды қызықтыратын жайттар туралы айтыңыз.

5.Әңгімелесушіңіздің өзіне лайықты, маңызды түсінігіне шынайы түрде ықпал ете біліңіз.

6.Басқаға ұқсамаңыз. Өзіңізді табыңыз, өзіңізбен өзіңіз болыңыз.

7.Сізге лимон тапсырса, сіз оны лимонадқа айналдырыңыз.

8.Айналадағыларға көңіл бөліп, қызығушылық танытып, өзіңізді ұмытпаңыз. Басқаның жүзіне күлкі үйіретіндей әр күн қайырымдылық істеңіз.

І. Пән мұғалімінде міндетті жүйелі жүргізілетін жұмыс папкалары және тексерілу жүйесі.

№ Құжат атаулары Тексеру жүйелілігі
1 Сынып журналдары. Ай сайын
2 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Жарты жылда бір рет/басында/
3 Сабақ жоспары Сабақ сайын
4 Мониторинг Тоқсанына бір рет
5 Нормативтік-құқықтық құжаттары Жарты жылда бір рет/басында/
6 Дарынды оқушылармен жұмыс Тоқсанына бір рет
7 Ынтасы төмен оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс Тоқсанына бір рет
8 Оқушы дәптерлері /жұмыс, бақылау/ Ай сайын /кесте бойынша/
9 Өзара сабаққа қатысу дәптері Ай сайын
10 Өзіндік білім жетілдіру папкасы Жарты жылда бір рет/басында/

ІІ. Пән мұғалімдерінің нормативтік-құқықтық қоры:

1)ҚР Конституциясы ( 1995 жылдың 30 тамыз референдумында қабылданған, 02.02.2011 жылы енгізілген өзгерістер)

2)11 шілде 1997 жылы қабылданған №151-1 «ҚР-дағы Тілдер туралы» ҚР Заңы (10.07.2012 жылы өзгерістерімен)

3)ҚР «Білім туралы» Заңы (10.07.2012 жылы өзгерістер енгізіліп, толықтырылған)

4)ҚР жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты ( 23.08.2012 жылғы №1080)

5)Пән бойынша оқу бағдарламалары

6)«2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хаты, Астана 2013 жыл

7)Педагог қызметкерлерін аттестаттау ережесі (07.08.2013 жылғы № 323 бұйрық, Астана)

8)2011-2020 бағдарламасы (07.12.2010 жылғы №1118 Жарғысы)

9) «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Жолдауы

10)2012-2016 Ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР Үкіметінің 25.06.2012 жылғы №832 Қаулысы)

11)Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

12)Оқушылардың пән бойынша үлгерімі мен білім сапасы.Мониторинг (соңғы 3 жылға талдамалы сараптама)

13)Сынып журналының талапқа сай толтырылуы

14)Мұғалімнің оқушы дәптерін жүргізуі, нормаға сай жүйелі тексерілуі

15)Пән мұғалімінің ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық жоспары, орындалуы, жетістіктері, сараптама (соңғы 3 жылға)

16)Оқу- әдістемелік, дидактикалық көрнекі құралдармен оқу кабинетінің толықтырылуы. Оқу кабинетінің паспорты

17)Қауіпсіздік іс-шаралары

18)Дарынды оқушылармен жұмыс: пән олимпиадаларының, ғылыми жұмыстар қорытындысы

19)Жаңа технологиялар папкасы

20)Өзіндік білім жетілдіру

ІІІ. Жас педагогтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мұғалімнің негізге алатын құжаты болып табылады. Ол жыл сайын жасалады. Жоспар пән бойынша ( «тақырыптық» деп аталуы осыдан) оқу жылының апталарына, айларына бөлінген ( «күнтізбелік» деп аталуы сондықтан) оқу бағдарламаларының тізбесі түрінде болады. Бағдарламаның оқытылатын тараулары, сағат саны, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Күнтізбелік-тақырыптық титул парағы А-4 форматты параққа рәсімделеді.

Пайдалы кеңестер

-күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау кезіндегі ең маңызды нәрсе-оның бағдарламалық-әдістемелік жарақтандырылуына сәйкестігі және тақырыптардың оқу уақытына сәйкес баламалы түрде бөлінуі болып табылады;

-күнтізбелік-тақырыптық жоспарды электронды түрде әзірлеген дұрыс. Бұл жаңа жағдайларға байланысты түзетулер ендіріп отыруға мүмкіндік береді және оны жыл сайын қайта әзірлеуден босатады;

-күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген бақылау жұмыстары (диктант, шығарма, мазмұндама, зертханалық, практикалық ) мерзімі журнал мен дәптерде сәйкес және бағалау сол мерзімге сай болуы қажет.

Сабақ жоспарын жазу схемасы : әдістемелік әдебиеттерде сабақ жоспарының бірыңғай үлгісі жоқ, бірақ сабақ жоспарына тән мазмұндық бөлім құрылымының әдістемелік принциптері бар.

Сабақ тақырыбы:

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Сабақ типі:

Өткізу формасы:

Дидактикалық материалдар мен жабдықтар:

Сабақ жоспары:

-Сабақ кезеңі (кезеңнің аты көрсетіледі)

Маңызды жайт! Сабақ сапасы алға қойған мақсаттың, оқу материалы мазмұнының, оқыту әдістемелерінің танымдық қызметті ұйымдастыру формаларының, сабақ кезеңдерін тәртіптеп реттеу логикасының үйлесімдік деңгейіне байланысты.

Сынып журналы әрбір білім беру ұйымында қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленетін нұсқаулық бойынша толтырылады. Сынып журналы мемлекеттік құжат, оны талапқа сай жүргізу әр мұғалім мен әр сынып жетекшісі үшін міндетті, сондықтан өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді.

Сынып журналы бойынша жұмыс жүргізудің негізгі ережелері

-барлық жазбалар бір түсті қаламмен айқын, мұқият, ешбір түзетусіз жазылады;

-мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеріп /әр оқушы кем дегенде 3-4 сабақта бір рет/, сабақ сайын қатыспағандарды белгілеп отыру керек;

-оқушы қанағаттанғысыз баға алған жағдайда мұғалім оның білімін келесі сабақта қалыпқа келтіруге, сөйтіп оң баға қоюға тырысуы қажет;

-жазбаша жұмыс түрлерінің бағасы сол күнге қойылады /бағаны басқа күндерге қоюға тыйым салынады/;

-баға қоюға арналған тор көзге бір ғана символ ғана түсіріледі. Журналға нүкте немесе басқа символ қоюға тыйым салынады;

-журналдың сол жақ бетіне мерзімі мен баға, оң жағына мерзімі мен тақырыбы жазылады, күндер сәйкес болуы керек, тоқсандық баға шығарылғаннан кейін тор қалдырмай келесі жазу бірден жалғастырылады;

-үй тапсырмасы бағанына мөлшері нақты көрсетіледі;

-жазулар әр бағаннан аспай толтырылуы қажет.

ІҮ. Өзіндік білім жетілдіру жұмыс жоспары.

І. Мұғалім туралы қысқаша ақпарат.

ІІ. Мектептің, ӘБ-тің және пән мұғалімінің өзекті тақырыбы, мақсаты мен міндеттері.

ІІІ. Өзіндік білім жетілдірудің технологиялық картасы.

Тақырып бойынша жұмысқа берілген уақыт Өзіндік білім жетілдірудің мақсаты мен міндеттері Зерттеу нысаны Әдістемелік деңгейді көтеру Педагогикалық қабілет пен тәжірибені дамыту Жалпы мәдени деңгейді көтеру

ІҮ. Педагогика мен психология саласында.

№ Оқып-үйренетін негізгі сұрақтар Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер Озық іс-тәжірибелерді оқып үйрену Өз іс-тәжірибесін насихаттау, тарату Мерзімі

Ү. Оқыту мен тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әдістеме саласы.

№ Оқып-үйренетін негізгі сұрақтар Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер Озық іс-тәжірибелерді оқып үйрену Өз іс-тәжірибесін насихаттау, тарату Мерзімі

ҮІ. Теориялық және кәсіби дайындығын жетілдіру.

№ Оқып-үйренетін негізгі сұрақтар Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер Өз іс-тәжірибесін насихаттау, тарату Мерзімі

ҮІІ. Жалпы мәдени көзқарасы мен сауаттылық деңгейін көтеру.

№ Оқып-үйренетін негізгі сұрақтар Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер Өз іс-тәжірибесін насихаттау, тарату Мерзімі

ҮІІІ. Сабақтан тыс дамытушылық қызмет.

№ Жұмыстың мазмұны Атқарылу мерзімі Атқарылғаны туралы мәлімет

ІХ. Ата-анамен бірлескен жұмыс.

№ Жұмыстың мазмұны Атқарылу мерзімі Атқарылғаны туралы мәлімет

Х. Тәжірибе алмасу.

№ Жұмыстың мазмұны Атқарылу мерзімі Атқарылғаны туралы мәлімет

ХІ. Біліктілікті көтеру.

№ Жұмыстың мазмұны Атқарылу мерзімі Атқарылғаны туралы мәлімет

ХІІ. Үкімет құжаттарын, мемлекеттік Заңдар, нұсқаулық хаттар мен бұйрықтарды оқып үйрену.

№ Нені оқып-үйрену қажет Мерзімі Атқарылғаны туралы мәлімет

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше