Тау жыныстары туралы түсінік.
ШҚО Семей қаласы Шақаман ауылы
Шақаман ЖОББМ
Муканова Гульнара Тургалиевна
19.11.2014 жыл
Дүниетану, 3-сынып
| Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары туралы түсінік | |||||
| Мақсаты | Педагог қызметі | Оқушы қызметі | Ұйымдастыру формасы | Күтілетін нәтиже | Бағалау формасы |
| Білімділік
(тау жыныстары туралы білімдерін анықтау) |
Ой қозғау
1.Тау жынысы дегеніміз не? 2.Қалай ойлайсың, сұйық тау жынысы бола ма? |
Сұраққа жауап береді. | Топтық жұмыс | Қызығушылық пайда болады | Өзіндік баға |
| Түсіну
(тау жыныстары туралы түсінік қалыптастыру) |
Үлестірмелі материал даярлау
(оқулықтағы мәтінді негізге алып тау жыныстарының анықтамасы мен түрлерін сипаттау) |
Мәтінді оқып өз білімін толықтырады, тау жыныстары мен түрлері туралы мағұлмат алады | Мәтінмен жұмыс | Танымдық белсенділігі, ойы артады | Бірін–бірі бағалайды (мәтінді түсінгендерін біріне-бірі мазмұндайды) |
| Пайдалану
(тау жыныстарының шығу тегіне байланысты бөліну түрлерімен таныстыру) |
Тау жыныстарының шығу тегіне қарай бөліну топтарынан мағұлмат беру
(слайд, ақпарат) |
Мағұлматты түсінуге іскерлігін көрсетеді, алған ақпаратын пайдаланып «сәйкестендір» тапсырмасын орындайды | Қосымша ақпаратпен жұмыс | Тау жыныстарының түрлерін ажырата білуі | Мұғалім бағалайды |
| Сергіту жаттығуы | Мынау менің – жүрегім, бәрі осыдан басталған.
Мынау – ақылды басым, бәрін осы басқарған. Мынау – менің оң қолым, мынау – менің сол қолым, Барлық істі атқарған. |
||||
| Талдау
(тау жыныстарын қолдануы туралы білу) |
Тау жыныстарын тарату | Топта талқылай отырып, кестені толтырады | Топпен жұмыс | Алдарындағы тау жыныстарын сипаттай отырып түрлерін ажыратады, қайда қолданатынын нақтылайды | Топ жетекшісі бағалайды |
| Жинақтау
(сабақта алған білімдерін тиянақтау) |
Таратпа материалды үлестіреді | Түсіп қалған сөздерді толықтырады | Өздік жұмыс | Өз білімін бағалайды | Өзіндік қорытынды баға |
| Бағалау | Әр кезеңде алған ұпай санын жинақтап қорытынды баға шығарылады. | ||||
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Ой қозғау. Сұрақ-жауап. (әр дұрыс жауап 1 ұпай)
ІҮ. Мәтінмен жұмыс. (мәтінді біріне-бірі мазмұндайды; бірін-бірі бағалайды; 1-3 ұпай аралығында)
Ү. Қосымша ақпаратпен жұмыс. «Сәйкестендір» тапсырмасын орындау. (мұғалім бағалайды; 1-3 ұпай)
ҮІ. Тау жыныстарын адамның қолдануы. Кестені толтыру. (1-6 ұпай)
ҮІІ. Геодиктант. Түсіп қалған сөздерді толықтыру. (1-6 ұпай)
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. (66-67 бет, оқу, мазмұндау)
ІХ. Бағалау
| Ұпай саны | Баға |
| 0-5 | 2 |
| 6-10 | 3 |
| 11-15 | 4 |
| 16-20 | 5 |
Пайдаланылған материалдар:
І. Жердің қатты қабатын – жер қыртысы дейді. Жер қыртысын құраушы толтырып жатқан денелерді тау жынысы деп атайды. Тау жыныстары дегеніміз – жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ денелер жиынтығы. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын қарапайым түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді. Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы денелер қатарына, яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады. Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Тау жыныстарының түрлері 1000-ға жуық.
ІІ.Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:
- магмалық тaу жыныстaры
- шөгінді тау жыныстары
- метаморфтық тау жыныстaры.
Жер астынан балқып шыққан тас заттардан, яғни магмадан қатайып пайда болған тау жыныстарын магмалық деп атайды. . Магма қатты күйге дейін суыған кезде, магмалық тау жыныстары пайда болады Магмалық тау жыныстарына: гранит, базальт, жанартаулық туф, пемза т.б. жатады.
Тау жыныстарының ұсақ кесек, қиыршық құмдарынан, саздарынан, судағы химиялық ерітінділер тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктер қалдығынан құралған тау жыныстарын шөгінді тау жыныстары дейді. Мысалы, кұм, құмтас, тұздар, саздар, бор, көмір т. б
Метаморфоза — өзгеру деген сез. Тау жынысы өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналса, оны метаморфтық тау жынысы дейді. Мысалы, бор жер астының қысым күшіне және ыстық температурасына ұшыраса, ол тығыздалып кристалды ізбестасқа немесе мраморға айналады. Метаморфоздық тау жыныстарына гнейс, кристалды тақтатас, кварцит т.б. жатады.
ІІІ.Сәйкестендір
| Метаморфты | сыртқы күштердің әсерінен үгіліп, бұзылуынан пайда болады |
| Шөгінді | жанартаудың әсерінен пайда болады. |
| Магмалық | жоғары температура мен қысымның әрекет етуінен болады |
ІҮ.Кестені толтыр
| Тау жынысының аты | Түрі | Қайда қолданады |
Ү. Геодиктант .
1. Тау жыныстары үш ірі топқа бөлінеді: ………….., ……………. және …………. .
2. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы жинақталып, топталған жағдайда органикалық …………………… тау жыныстары түзіледі.
3. ……………… өзгеру деген мағынаны береді.
4. Гранит, базальт, жанартаулық туф …………….. жатады.
5. Бор, көмір, құмтас ……………. жатады.
6. Гнейс, мрамор, кристалды тақтатас ……………… жатады.
