«Күз – мереке, күз – береке»

ОҚО, Сарыағаш ауданы №106 Д.А. Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің директордың орынбасары
Сманова Манзура Абдіхайымқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Күз – мереке, күз – береке»

Тәрбие сағаттарының мақсаттары:

1.Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.

2. Оқушының өзін еркін ұстауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.

3. Өз беттерінше ерінбей еңбек етуге үйрету және өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Табиғат қызықтары жайында суреттер, қанатты нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, шарлар, күз тақырыбы бойынша сурет көрмесі, табиғи жапырақтар. «Күз – мереке, күз – береке» атты плакат.

Тәрбие сағаттың барысы: Мұғалімнің құтықтау сөзі.

Міне, қараша айы жетіп, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспанда бұлттар қаптап, жаңбыр да жауады. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Егіншілердің бәрі астықтарын жинап қамбаға толтырады. Олар қысқа дайындалады. Анда – санда қатты салқын болып қойады. Маса, шыбын, құрт құмырсқада жоқ болып кетті. Құстар жылы жақа ұшып кетті. Аспанда тырналар тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр. Айналаның бәрі сары- қызыл жапырақтарға толы.

«Күз» А. Құнанбаев.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойған ба, таңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарыықан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулап.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырлған ағаш қурай.

Хор: « Менің Қазақстан» әні

  1. бала: Буырқанды күзгі дем,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

  1. бала: Асықпаңдар,саспаңдар.

Сыналатын кезең бұл.

Күз маусымын бастаңдар,

Ырыс болып деді жыл.

3- бала: Берекелі күз келді,

Мерекелі күз келді.

Күз жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

4-бала: Қалың астық жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Хор: Менің Отаным

5- бала: Артты құт пен береке

Астық толы қоймамыз.

Салтымыз той мереке

Алтын күзді тойлаймыз!

6-бала: Өнімді үйіп тастадың,

Өзің оқу бастадың.

Астық толсын алтын күз!

Ашық болсын аспаның!

7-бала: Әй, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Сары жібек көйлектей.

8-бала: Сары алтындай Алтын күз.

Алтын сары, қызыл, көк.

Күзгі бақта күлімдеп,

Алтын күзді тойлаймыз.

Хор: «Мұғалім ол біздің»

9-бала: Алтын күз әсем айналам.

Қараймын көзім талғанша,

Сары алтындай алтын күз.

Қоштасамыз ендеше.

10-бала: Тербеледі сары алма

Дәмі ғажап тәтті алма.

Қауын біткен сап – сары

Дәмі аузынан кетпейді.

11-бала: Күз келді де, ауа райы салқындап,

Жапырақтар ұшып жатыр қалқылдап.

Шуылдайды тал – терек,

Жапырағын жұлғызып.

12-бала: Күз де міне келіп қалды,

Алтын қадам басады.

Басқан сайын өткен жерді ,

Сары алтынға бояйды.

Хор: «Жаса Қазақстан»

13-бала: Сарғаяды жапырақтар

Сары тон киеді ағаштар.

Жүздеріңде күлкі жайнап,

Мектепке барар балалар.

14-бала: Кеше ғана қар еді,

Бүгін міне,күз келді.

Сары алтындай күзбенен,

Қоштасамыз біз енді.

Ән: «Ана тілегі»

Ортаға күз айлары шығады.

Қыркүйек:Бірінші қыркүйек,

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанда.

Қазан: Жаңартқан ғаламды,

Жаңбырлы ғажап ай.

Осынау заманда,

Орнатқан қазан – ай.

Қараша: Мол байлық тергені,

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі,

Қараша ән салып.

15-бала: Туған жерім тамаша !

О алақай туған жер!

Жақсы – ау бақша – бауларың.

16-бала: Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын,

Қызғалдақтай терейік.

17-бала: Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

18-бала: Егін терін жиналып

Қамбаларға толады.

Әр көңілге нұр дарып

Әр үйде той болады.

19-бала: Жылы жаққа бағыт ап,

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап,

Жердің төсін құшады.

Ән: «Кеш жарық»

Ортаға жемістер шығады.

Өрік:Бақта өскен сәні бар,

Гүлі майда көрікті.

Жемісі бар дәмі бал,

Жақсы көрем өрікті.

Алма:Күздік апорт алмамыз,

Күннен қуат алғаммыз.

Жұмыр жерден нәр жиып,

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Шие: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Шабдалы: Жемістердің қауыны

Қарап тұрсаң шабдалы.

Қауын сынды оның да

Уылжыған дәмі бар.

Жүзім: Моншақтай жүзімдер

Шетінен үзіндер.

Моншақ қып тізіңдер.

Қауын:Білесіңдер ауылды,

Ауылда өскен қауынды.

Қауын деген сары алтын,

Еңбекпенен табылған.

Ән: «Қошақаным» әні

Би: «Ақбозат » биі

Көрініс: Нан қадірі.

Автор: Нан дастархан құты. Нан – тоқтық нан – байлық. Бірақосы асыл тағамның қасиетін кейбір балалар түсінбейді.

Бірде Сәкен мектептен келе жатыр екен. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып лақтырып тастады. Сонда арқасында келе жатқан ата.

Ата: Ай балам – ай, нанның қадірін білмейсіңдер. Мына біз бүкіл ауыл азаматтары егін жайда астық үшін арпалысып жүрміз. Ал сендер аппақ нанды үзіп жұлып жеп, қалғаның жерге тастайсыңдар – деді ренжіп. Ол үндемей келе жатыр.

Сәкен: – Кешіріңіз ата! Енді нанды жерге тастамаймын – деп артына қарай жүріп, жаңағы тастаған нанды алды.

Қымбатты балалар, халқымыз үшін нан қашанда қастерлі. «Нан – ел ырысы, өмір азығы». Елдің дәулеті дастарханымен өлшенеді. Ал дастарқан сәні наннан басталады. Міне, осы дастарқан сәні, тіршіліктің нәрі туралы біздің балаларымыздың дайындаған. «Нан қадірі » атты көрінісін көрдіңіздер.

Ән: «Анашым» әні

Би: «Домбыра» биі

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше