Малта

Кадырбаева Айпаршын Серікбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің

Сабақтың тақырыбы:Малта

Ілияс Жансүгіров
Мақсаты: Оқушыларды бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.

І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

« Малта» сөзінің мағынасын ұғындыру

Көрнекілігі: тест, суреттер, парақшалар,
І. Жансүгіровтың портреті..
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, еңбекке баулу, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, « Балық аулау» ойыны.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
– Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Тест шешу

1.Нан неден пайда болады?

  1. Егіннен ә)жемнен б) көкөністен

2. Қай тақырып ертегі?

а) Күздің кереметі ә)Егінші мен қасқыр б) Қатқан нан

3. Егінді немен орады?

а) трактор ә) комбайн б) нан

4. Ас атасы не?

а) ет ә) қымыз б) машина

5. Егінді қай кезде орады?

а) күзде ә) жаз б) көктем
ІІ. Сөзжұмбақ

М Ы С Ы Қ
А Й Р А Н
Л А Қ
Т А У Ы Қ
А Н А

25:5=5

30:6=5

27:9=3

20:4=5

9:3=3

1.Тышқанның жауы

2.Сүт тағамдары

3. Ешкі төлі

4. үй құсы 5. Ең мейірімді жан

ІІІ. «Малта» Интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.
Суреттер бойынша жүргізіледі. (күбі, қазан, сөре, ананың суреті, сүзілген қаптағы құрт)
«Малта» сөзін естігендерің бар ма? Мына суреттерден не түсінуге болады?

деген сұраққа жауап алынады.
Сергіту сәті.
1, 2, 3, 4,
Жан сергітіп, қуандық.
Ал жүзейік бірлесе,
Қолды былай сермесе.
Дельфиндерше сап түзеп,
Жағаға қадам аттадық,
Үйімізге аттандық.
Мәтінмен жұмыс жасалады. Тақтаға кезектесіп жазып отырады.
Не болады деп ойлайсың? Оған дәлел Не болды?
Мәтінді бөліп – бөліп оқимын. Оқушылар әр шумақты оқыған соң не

болғанын түсініп, келесі шумақтарда не болатынын болжап, оған дәлелдерін айтып отырады. Осылайша мәтін мазмұны меңгертіледі.
Тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.
Жұмыршақ – кедір – бұдыры жоқ, жұп – жұмыр.
Сөре – бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре – құрт, ірімшік, жеміс – жидек, т. б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
Шым- шым су – ыстық су.
Сыбану – жеңін түру.
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
Сөздік жұмыс.

Суретпен жұмыс.

Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Малта өлеңін мәнерлеп оқу және сүттен тағы нелер жасалатынын біліп келу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше