Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл – дәм сезу мүшесі .Тері сипапсезу мүшесі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы Шардара қаласы
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Қожықова Ақмарал
Тақырыбы: Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл – дәм сезу мүшесі .Тері сипапсезу мүшесі.
Мақсаты:
Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:Аралассабақ.
Көрнекілігі:Сезім мүшелерінің суреттері,плакаттар, интерактивтік тақта
Ұйымдастырукезеңі:
а) Қызығушылықтарын ояту 1. Адамның сезім мүшелеріне жеке-жеке тоқталып, олардың қызметі туралы түсінік беру; адамның сезім мүшелеріне құлақ-есту қызметі туралы, мұрын-иіс мүшесі туралы түсінік беру;тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; білімін, тілін дамыту.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Тәсілі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта, үлестірмелер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
мұғалімнің іс – әрекеті: оқушылармен сәлемдесу, көңіл – күйлерін сұрау;
«Шаттық шеңбер»- білім кілтін ұсыну арқылы бір – біріне тілек білдіреді.
Мұғалім:
Балалар гүлім менің,
Балалар-күйім менің.
Балалар нұр сыйсыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің
оқушылар:
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!Оқушыларды топқа бөлу,топтың атын қою,топ басшысын сайлау,топтың ұраны.
1-топ «Болашақ» ұраны Болашақтың ұл-қызымыз,
Көркейтеміз елді біз
2-топ «Шамшырақ» ұраны Шамшырақтай жарқыраймыз,
Жер жаһанның бәріне.
3-топ «Күншуақ» ұраны Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау:
1.көзді күту ережелерін ата
2.көздің қорғанышы
3.құлақты күту ережелерін ата
4.құлақ қалқаны дегеніміз не?
Жұмбақтар
Жолдың екі жағында тұратын екі ағайынды бірін-бірі көрмейді.
(көз)
Көз-қандаймүше?
Көз –көру мүшесі.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл дәм сезу мүшесі.Тері сипап сезу мүшесі.
2.Сезім мүшелерінің қызметі жайлы айтып түсіндіру.
топтарға тапсырмалар беру
3. Оқулық бойынша жұмыс:тізбектеп оқыту.
Постермен жұмыс
«Болашақ»тобы Сарамандық жұмыс.
«Шамшырақ тобы» шығармашылық жұмыс
«Күншуақ»тобы жағымды,жағымсыз иістер туралы мағлұмат беру
ІҮ. Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Ү.ребусты шешу
ребустың шешуі: дүниетану
ҮІ.Көңілді жаттығулар.
1. Құмырсқаның туған күні болады. 1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді.Асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады. Секіріп 2 шегіртке келді.
Шай ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп, дастарханға жайғасады.
Сұрақ
Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?
Жауабы:Құмырсқаның туған күніне 7 қонақ келді
2.Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығыңдар, аралар бәріңе бал таратады,-дейді
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
Үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра әкеледі.
Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.
Сұрақ
1. Қоян несінші келді?
2. Ең кіші ыдыс кімдікі?
3. Ең үлкен ыдыс кімдікі?
Жауабы: үшінші қоян келеді,ақтиіннің ыдысы ең кішісі (кесе)
ең үлкен ыдыс аюдікі
3.Орманда бір үйшікте тату –тәттіаңдартұрып жатыпты. Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.
-өзі қу, жүрген жері шу (түлкі)
-көзі қитар,құлағы ұзын және қорқақ(қоян)
-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар. Үнем іарқасында тасып жүрген инесі бар. (кірпі)
-түсісұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты(қасқыр)
-қорбаңдаған, епсіз, өзі балды сондай жақсы көреді.(аю)
VII. Бекіту кезеңі: Бүгін біз не білдік? Не үйрендік?
Қорытындылау екі тілек ,бір жұлдыз
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 46-48 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.
