Діни экстремизмсіз ынтымақтастық аясында

ОҚО Сарыағаш ауданы

№106 Д.А. Қонаев атындағы жалпы орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі

Сапарбек Куватбеков

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:Діни экстремизмсіз ынтымақтастық аясында!

Жалпы мақсаты мен күтілетін нәтиже: қазіргі таңдағы әлем елдері мен Қазақстан Республикасының және жалпы қоғам алдындағы ең үлкен проблемалардың бірі діни экстермизм мен терроризм тақырыптарының мәнін ашу, оған қарсы күресудің және экстремизмнің алдын алу мәселелері туралы түсініктер беру мен топта талқылауға салу. Тақырыпты талқылау арқылы балалардың рухани адамгершілік қасиеттері мен діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы пікірлер қалыптастыру.

Оқытудың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер (оқушы мен оқушы арасындағы, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты дамыту). Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану (АКТ). Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Оқытудың ресурсы: Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. Газеттер. АКТ арқылы видеороликтер. Плакаттар. Қосымша материалдар.

Оқытудың негізгі мазмұны:

1. Экстремизм дегеніміз не?

2. Діни экстремизм дегеніміз не?

3. Экстремизмге қарсы іс-қимыл

4. Экстремизмнің алдын алу

5. Экстремизмге қарсы іс-қимылдардың негізгі міндеттері

6. Лаңкестік қызметтерге қатысқаны үшін азаматтардың жауапкершілігі

7. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін қандай іс-шараларды қарастыру қажет?

Ой қозғау бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығына көз жеткізу.

Топқа бөлу: 9-10-11 сыныптар. Әр сынып 6-7 оқушыдан тұратын бір топты құрады

Мотивациясын ояту: Көрілім («Жетістікке жеткің келсе» деп аталатын бейне көріністі көрсету арқылы топтық жұмыстағы оқушылардың белсенділігін арттыруға итермелеу).

Психологиялық дайындық: Көрілім (елімізде жасалған өзге діни ағым иелерінің экстремистік және террористік әрекеттері).

Көрсетілген бейне көріністердегі оқиғаларды топта талдауға ұсыну. (Диалог, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету).

Мағынаны тану бөлімі

Білімдерді актуализациялау:

Жаңа білім: Топтық сұхбаттасу (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)

Оқылым: Топтық тапсырмалар беру

Оқушыларға сұрақ: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар экстремизм және діни экстремизм дегеніміз не? (Миға шабуыл әдісі).

Оқушылар білдірген пікірлерді жалпылама талқылап дұрыс пікір білдіруге бағыттап отыру. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)

Мұғалімнің түсіндірмесі🙁 Оқытудағы басқару және көшбасшылық) Экстремизм-қоғам өмірін тұрақсыздандыратын және мемлекет дамуының орнықтылығын бұзатын факторлардың бірі. Көп ұлтты және көпконфессиялы Қазақстан үшін діни және этникалық негіздерге бағытталған экстремизм ерекше қауіпті.

Діни экстремизм –дәстүрлі дінге жат, ойдан шығарылған діни сенім-нанымдар арқылы адамдардың сана сезімін жаулап алу жолымен өз мақсат-мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылған белгілі экстремистік топтардың жұмысының нәтижесі.

Оқушыларға сұрақ: Экстремизмге қарсы іс-қимыл, алдын алу бағытында қандай шаралар жүйесін ұсынар едіңдер? (Миға шабуыл әдісі). Экстремизмге белгілі бір қарсы іс-шаралар жүйесін жасауға, пікірлер ұсынуға, ашық сұрақтар арқылы итермелеу.

Оқушылар білдірген пікірлерді жалпылама талқылап дұрыс пікір білдіруге бағыттап отыру. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)

Мұғалімнің түсіндірмесі: (Оқытудағы басқару және көшбасшылық) Ел тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экстремизмді анықтауға, болғызбауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, экстремизмді жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға. Сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар жүйесін жасау.

Оқушыларға сұрақ: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар! Экстремизмге қарсы іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен лаңкестік қызметтерге қатысқаны үшін азаматтарға жауапкершіліктің қандай түрлерін жүктеуге болады? (Оқушыларды зерттеушілік әңгімеге тарту).

Оқушылар білдірген пікірлерді жалпылама талқылап дұрыс пікір білдіруге бағыттап отыру. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)

Мұғалімнің түсіндірмесі: (Оқытудағы басқару және көшбасшылық) Экстремизмнің көрініс беру нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу.

Экстремизмді жүзеге асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауды болғызбау.

Азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Қ.Р.Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Лаңкестік қызметтерге қатысқан тұлғалар Қ.Р. Қылмыстық кодексімен белгіленген жауаптылықта болады.

Оқушыларға сұрақ: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар! Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін қандай іс-шараларды қарастыру қажет? (Оқушыларды зерттеушілік әңгімеге тарту).

Оқушылар білдірген пікірлерді жалпылама талқылап дұрыс пікір білдіруге бағыттап отыру. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)

Мұғалімнің түсіндірмесі: (Оқытудағы басқару және көшбасшылық)

1. Тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2. Радикалды идеологияға бейім, сондай-ақ оған ұшыраған адамдардың арасында мақсатты алдын –алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

3. Еліміздің жастары үшін бос уақытты тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

4. Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдардан өзімізді аулақ ұстау және қарсы шаралар қолдануымыз керек.

Толғаныс бөлімі

Оқушылардың қызығушылық деңгейін анықтау мақсатында «жасырын құтыша» психологиялық ойынын өткізу. Балалар сендер мына құтышада не бар екенін көргілерің келе ме? Кімнің көргісі келеді? Деген сұрақтармен балаларды қызықтыруға әрекет жасалады. Ол құтыша қызығушылығы артқан оқушыға көрсетіледі және оның ішінде не нәрсе бар екендігі басқа балаларға айтылмайды. Ойын соңында қызығушылықпен құтышаны келіп көрген оқушылар туралы, олардың қызығушылығының неден туғаны, неліктен құтышаны көруге ниеттенгені топ оқушылары мен мектеп психологы өз пікірлерін білдіреді.

Рефлексия парақшасын постерге толтыруға ұсыну. «Менің таңдауым» тақырыбында оқушылар жоғарыда аталған тақырыпты талқылау барысында түйген ой-қорытындылары, әсерлері мен білімдерін, өз көзқарастары мен түсініксіз болған тұстарын және сұрақтарын рефлексия парақшасына жазып қалдырады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше