Қайталау + 8 санын қосу және азайту
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Қоссейіт аулы
«Сырдария» жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурабекова Акнур Абилкасимовна
Сабақтың тақырыбы: Қайталау + 8 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу
тәсілдерімен таныстыру.
8 – ді қосу және азайту тәсілдерін жетілдіру , тереңдету және тиянақтау. Қарапайым әріпті өрнектермен, теңдеулермен , есептеулермен байланысты әр алуан іс- әрекет барысында кестелі қосу және азайтуды орындауға машықтандыру.Қоршаған ортаға аңдарға деген сүйіспеншілігін арттыру . Достықты қадірлеуге қиындыққа шыдау, қол ұшын беріп көмектесуге тәрбиелеу.
