«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ» Желтоқсан оқиғасының 28 жылдығына
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар
Ауылы №213 «Қыркеңсе» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Әблеметов Рахымжан есенбекұлы
«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ» Желтоқсан оқиғасының 28 жылдығына
(желтоқсан құрбандарына арналады)
| Мақсаты: | Желтоқсан оқиғасының мән-маңызын түсіндіру.1986жылғы 16желтоқсандағы желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік күнінің ара жігін ажырату |
| Түрі: | конференция |
| Әдісі: | Әңгіме, сұхбат |
| Көрнекілігі: | видео, презентация. Желтоқсан оқиғасы жайлы түсірілген «» фильмінен көріністер.Желтоқсан оқиғасының ащы шығуы жайлы М.Шахановтың КОКП ОК съездінде жасаған баяндамасы |
| Өткізілетін орны: | АКТ залы |
| Қатысатындар: | Мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар |
Бағдарламасы:
| І | Кіріспе сөз |
| ІІ | Видеокөрсетілім |
| ІІІ | Пікіралмасу |
| ІV | Қорытынды |
| І БӨЛІМ | |
| Фонда: | Үскірік жел, зарлы әуен |
| Жүргізуші сөзі: | Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан «ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» ежелден құт берке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, «тамырсыз ағаш, тарихсыз халық» болмайды. Жақсысын жасырып, жаманын асырып өктемдеу тарихқа жасалған қиянат. Біз бүгінгі ұрпақ тарихты бар қайғы – қуанышымен, жеңіс – жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы – қилы белдерді асып, тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханұлынан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан – ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет «елім – ай» деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Сол кездегі қазақтың жас жігіттері мен қыздары ар – намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен халықтың тегеурінді күш – қайнарының қуаты еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқығын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Желтоқсан оқиғасында қаза болған боздақтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырамын |
| 1 минит үнсіздік | |
| Жүргізуші сөзі: | Желтоқсан оқиғасы жайлы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мұрағатындағы видеоматериалдар негізінде түсірілген фильмнен үзінді. 1986 жылдың 17 желтоқсаны. Алматы қаласы, Л.И.Брежнев атындағы Орталық алаң (ВИДЕО) |
| Жүргізуші сөзі: | Осы залда 1986 жылы сол кездегі Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) 2 курс студенті Айдаров Әлхожа ағайымыз отыр. Алаңда болған оқиғалар жайлы ағайдың өз аузынан естісек |
| Айдаров Әлхожа ағайға сөз беріледі | |
| ВИДЕО | Аллажар фильмінен көріністер (видеоның 2 минутынан дыбыс зорайтқыш арқылы Желтоқсан құрбандарының хаты) |
| Жүргізуші сөзі: | Желтоқсандағы қайғылы оқиғаға әміршіл – әкімшіл жүйені басы кінәлі деп санап, оған қазақ жастарының ешқандай кінәсі жоқ екендігін сол оқиғадан кейін – ақ көтерген халықтың адал ұл – қыздары болды. Солардың бірі сол кездегі КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарығы Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов еді. 1986 жылғы 6 маусымда өткен КСРО Халық депутаттары съезінде КСРО Президенті М.Горбачевті мен Арал проблемасын айтамын деп алдап, съезд мінберінде 1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда болған Желтоқсан оқиғасының қауіпті сипат алғанын, бейбіт шеруге шыққандарға қарсы сапер күректерін, қызмет иттерін қолданғанын, жас қыздарды дубинкамен сабап, етіктерімен тепкілегенін, бұл наразылықтың ешқандай ұлтшылдық астары болмағандығын айтып, осы оқиғаға байланысты ақиқатты анықтау үшін комиссия құруды ұсынды.
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың КСРО халық депутаттарының І съезінде жасаған баяндамасынан үзінді тыңдайық (ВИДЕО) |
| Жүргізуші сөзі: | Желтоқсан оқиғасы жайлы ақындарымыз жыр арнап, ән жазды. Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әнін Жақсылық Маханбетов пен Ербол Бекаевтың орындауында тыңдаңыздар |
| ІІ БӨЛІМ (ПІКІР АЛМАСУ) | |
| ІІІ БӨЛІМ (ҚОРЫТЫНДЫ) | |
| Жүргізуші сөзі: | 1986 жылғы желтоқсанның 17 – 18 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат көтеріліс болды. Республикада 707 адам әкімшілік қамауға алынып, 57 адам партия қатарынан шығарылды. 210 адам партиялық жазалауға ілігіп, комсомолдан 758 адам, жоғары оқу орындарынан 266 студент шығарылып, 1164 жас комсомолдық жазаға тартылған. Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ жастарын жоғары оқу орындарына қабылдау қиындай түсті. Қазақ жастарын ішкі істер органдарына қабылдау күрт азайған. Тіпті Шымкентте облыстық ішкі істер департаменті алдында «Қазақтарды ішкі істер органдарына қабылдамаймыз» деген жарнама ашық жазылған. 1987 жылы 90мыңнан астам қазақ жастары басқа Республикаларда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. «Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу – ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу – ыза тудырғаны шындық қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт – азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі» дейді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтатын ғана оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, қарулы күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек. Қазрігі таңда 16 – 17 желтоқсан тәуелсіздік мейрамы ретінде жарияланды. Сондықтан 16 желтоқсанды қасіретті күн екендігін жадымызда сақтай отырып, Тәелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. |
| Ән: | Желтоқсан тағылымы. Сөзі мен әні Мұхтар Шаханов
Орындайтын: Жақсылық Маханбетов |
| Қорытынды сөз: | Қалдыбай Елемесов – мектеп директоры |
