«Қуансын балғын балалар» ойын-сауық бағдарламас ы
Қарағанды облысы, “Сәтбаев қаласының оқушылар сарайының”,
Ағылшын тілі” үйірмесінің қосымша білім беру ұстазы
Тайшыкова Айнагуль Омиралиновна
Іс-шараның тақырыбы: «Қуансын балғын балалар» ойын-сауық бағдарламасы.
Іс шараның мақсаты: ҚР тұңғыш Президенті күніне орай баларларға деген мейірімділік пен қайырымдылық негізінде, балаларға қуаныш шаттық, жүздеріне күлкі ұялату.
Барысы:
1-жүргізуші:Қайырлы күн құрметті қонақтар, балалар! ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткелі отырған «Қуансын балғын балалар» атты ойын-сауық бағдарламамызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Вокал» үйірмесінің тәрбиеленушісі Закирова Анельдің орындауында «Айым-ай» әні.
1-жүргізуші:Балалар, бүгін бізбен бірге көңіл көтеру үшін тағы да қонақтар келіпті, қане қошеметпен қарсы алайықшы! (музыка ойнайды, ортаға 2клоун және 2рио билеп келеді)
Птица Рио 1:
Дети-это счастье, дети-это радость,
Дети это в жизни свежий ветерок.
Дети как ни странно, также испытанье,
Им нужна забота, ласка и любовь.
Птица Рио 2:
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.
Қыз Клоун:
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Кел,соғайық балақай.
Ұл клоун:
Сәлем достар қалайсыңдар?
Қыздар,ұлдар жарайсыңдар!
Балалар барлығымыз бірге ойнап, би билейік.Келістік пе? Мен сендерге тамаша бір би үйреткім келіп тұрғаны…(«1 учтель танцев» музыка ырғағымен клоун балаларды күлдіре билейді.)
1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, барлықтарын тамаша билейді екенсіңдер! Олай болса әрі қарай қонақтармен бірге ойындар ойнағыларың келе ме? Ендеше бастайық!
2-жүргізуші: «Күн мен жаңбыр» ойыны.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Жүргізуші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», – дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», – дейді, ойын қайта басталады.
1-жүргізуші: Ендігі ойынның аты « Көңілді маймылдар» деп аталады.
Жүргізуші- «Маймылдарың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!
Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар ең соңғы ойыншы қалғанша шетінен ойыннан шыға береді.
2-жүргізуші: Балалар шаршаған жоқсындар ма, олай болса келесі бір ойынымызды бастайық. Ойынның аты «Айна» деп аталады. Әр бала – «айна» болады. Клоун әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгеріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс жасаған бала сыйлық алады.
1-жүргізуші: Балалар, барлығымыз бір демалып алу үшін ортаға «Жан анам» әнімен Байсеитова Адельді қошеметпен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:Енди балалар, барлығымыз би билейміз.
- (Муз : «Ай, будет круто!»)
- «Фиксики»
- «Аррива»
Соңы: Муз номер. Махамбет Ақмоншақ «Шайхана» әні
Әбдраш Біржан «Ай мүсін» әні
Құрметті қонақтар, оқушылар, бүгінгі «Қуансын балғын балалар» атты ойын сауық бағдарламамыз аяқталды. . Барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз! Кездескенше күн жақсы!
