“Негізгі және туынды етістік”
ШҚО Курчатов қаласы “Қурчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі”КММ бастауыш сынып мұғалімі Саркина Арай Иманбековна
3 сынып қазақ тілі
Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік
Мақсаты:Негізгі және туынды етістік туралы білімдерін бекіту.
- Оқушылардың негізгі және туынды етістік жайлы түсініктерін кеңейту, түрлі тапсырмалар негізінде білімдерін пысықтау;
- Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып ізденімпаздылығын, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын дамыту, сауаттылығын қалыптастыру;
- Оқушылардың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі-тәсілі: «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Семантикалық кесте» стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістері.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, интерактивті тақта.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1 слайд. Сабақтың ұраны:
Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым қазақ тілі-деп ұлы ақындарымыз жырға қосқан қазақ тілі сабағын бастаймыз. Топ ережесін түсіндіру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
2 слайд. «Қазақстан» сөзін естігенде ойларыңа не келеді? 2 минут уақыт беру.
«Топтастыру» стратегиясы. Топта орындау, жалпы топта қорғау.
– Дұрыс айтасыңдар, өте жақсы!3 слайд Елбасымыз өзінің халыққа жолдауында «Еліміздің болашағы –білімді ұрпақ қолында» деп баса айтқан. 4 слайд Ендеше негізгі және туынды етістік жайлы білімімізді ортаға салып, егеменді еліміздің көркеюіне өз үлесімізді қосайық. 5 слайд. Еліміз жер көлемі жағынан әлемде 9- шы орын алады. Бес мемлекетпен шекаралас жатыр. Еліміздің шығысында Қазақстанның ғылыми орталығына айналып келе жатқан біздің курчатов қаламыз орналасқан. Топпен жұмыс жасай отырып, Тәуелсіз Қазақстан елін гүлдендірейік!
Сұрақ-жауап әдісі. 6 слайд.
-Қандай сөз таптарын білесіңдер?
-Зат есім дегеніміз не?
-Сан есім дегеніміз не?
-Етістік дегеніміз не?
-Сын есім дегеніміз не?
-Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
-Негізгі етістік қалай жасалады?
-Туынды етістік қалай жасалады?
Өте жақсы, бүгінгі сабағымыздың мақсаты негізгі және туынды етістік туралы білімімізді бекіту.
7 слайд.1-тапсырма. Берілген сөздерден туынды етістіктерді тауып оқу, дәлелдеу.
8 слайд.1 тапсырманы орындап өз үлесімізді қостық.
Оқулықпен жұмыс.2-тапсырма. 9 слайд. 3 топқа 3 тапсырма беру, Уақыт беру. Топта ақылдасу, 1 оқушы тақтаға жазады, қалған оқушылар дәптерге орындайды.
Дәптермен жұмыс.
10 слайд
4 -топқа 25 жаттығу. 11-слайд.Өлеңнің авторы туралы мағлұмат сұрау.Өлең кім туралы? Өлеңге ат қойғызу. 5-топқа Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдату. Уақыт беру. Топта ақылдасу, 1 оқушы жалпы топта мәнерлеп оқып, талдайды.
12 слайд. Еліміз жасыл орманға орана бастады.
13-слайд.Сергіту сәті. «Не өзгерді? Не істеді?» ойыны.
14-слайд. 3-тапсырма. 26-жаттығу. «Етістік» сөзінен баспалдақ жасау, топта бірлесіп орындау, уақыт беру. Жалпы топта қорғау.
15-слайд еліміз сендердің арқаларыңда әдемілене түсті.
ІV. Ой толғаныс. 4-тапсырма. Кестемен жұмыс. Топта орындау, жалпы топта қорғау. Оқушылармен жекелеме жұмыстар жүргізу
16- слайд. Еліміз мәңгілік жасыл елге айнала бастады.
V. Қорытынды. 5-тапсырма. Өз елімімізге деген махаббатымызды өлең құрастыру арқылы білдірейік.
17- слайд. Шығармашылық жұмыс.
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. сезімді білдіретін сөз тіркесі
5. мағынасы жуық сөз
Уақыт беру. Оқушылар топта құрастырып, жалпы топта оқиды.
18 слайд. –Рақмет балалар, өз елімізге деген сүйіспеншілігімізді білімімізбен көрсетіп біз еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз! 19-слайд
VІ. Үйге тапсырма. 20-слайд. 173 бет 27-жаттығу. Сөйлемнің жалғасын тауып, сәйкестендіру. Туынды етістіктерді табу.
VІІ. Бағалау. Бағалау парағы бойынша жүйелеп бағалау.
