Жас талап
№4 облыстық дарынды балаларға арналған
мектеп – интернатының тәрбиешілері
Байарыстанова Гүлнұр
Смадулла Алтыншаш
Тақырыбы: «Жас талап»
Мақсаты:
§ өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
§ үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;
§ әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу;
§ танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: шар,слайд
Әдісі: сайыс
Қанатты сөздер: (А3)
1.«Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің қорын игерумен бірге, басқа тіл-дердің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал», – деп жазған еді қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы.
2. Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де,ең алдымен өзінің ана тілін,әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттанған соң да,мамандық,білім беретін жоғарғы мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек. Мұхтар Әуезов
3.Ана тілі – жүректің терең сырларын,басынан кешкен дәуірлерін,қысқасы,жанның барлық толқындарын ұрпақтын – ұрпаққа жеткізіп отыратын қазына.
Жүсіпбек Аймауытов
Айзат: Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Қазақ, орыс, ағылшын,
Тілдері жайында.
Сайысымызды бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық-
Қазақ, орыс, ағылщын тілдері
Құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
Көп тіл білу- өте қажет бүгінде!
Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
Аружан: Русский язык – это не только национальный язык русского народа, это язык межнационального общения. Язык – это окно в мир. Чем лучше ты владеешь языком, тем больше прав у тебя называться человеком!
Айдос:Good day dear guests and оқушылар
Welcome to our party. I’m glad to see you at our competition, which will be help in the form of competition between our оқушылар. I’ m sure you will demonstrate what you know about three languages.
Аружан: Тіл – қарым — қатынас құралы. Әлемде 3000 астам тіл бар. Ағылшын, орыс тілдері халықаралық қатынас тілдері. Бұл тілдер біздің аса сүйіп оқитын Пушкин, Шекспир, Лермонтов, Байрон, Есенин, Бернст тілдері болып табылады. Ал қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Сол себептен біздің сайыс сабағымыз 3 тілде өткізілмек.
Айзат: Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.Елбасымыз айтқандай, үш тілді игеру мақсатында «Жас талап» атты 10 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып отыр.
Айдос: Еліміз көп ұлтты болғандықтан қаламыздың әр тұрғыны үш тілді бірдей меңгеретіні анық. Сайысымызды бастамас бұрын тіл құдіретін қастерлей білетін оқушымыз Азаматтың өз шығармашылығымен ортаға шақырамыз.
Аружан: Наш конкурс оценивает уважаемое жюри в следующем составе:
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
Әділ – қазы апайларымызға бағалау парағаның ұсынамыз.
І кезең бойынша: Ең жоғарғы балл 7 деп есептеледі.
ІІ –кезең бойынша: Әр дұрыс сұраққа 2 балл
ІІІ кезең бойынша: Ең жоғарғы балл 7 деп есептеледі.
ІҮ кезең бойынша: Әр дұрыс сұраққа 2 балл
Ү кезең бойынша: Әр дұрыс сұраққа 2 балл
Айзат: «Жас талап» сайысымыз басталды,
Білгірлерді жұртшылық, қарсы алайық!
Көшбасшысы тілдердің-қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық!
Ортаға топтарды шақырамыз.
І. Таныстыру
І – топ: «___________»
ІІ – топ: «___________»
Айдос: Our competition consists of 5 tasks. They are:
І Таныстыру (топтың атын, эмблемасын,ұрандарын қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ «Жеті жұрттың тілін біл». (мақал – мәтел үш тілде айту)
ІІІ «Сөз қаруы – ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )
ІV – «Ең үздік аудармашы»; үш тілде қойылған сұраққа жауап беру.
V – «Тіл білгірі» (интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі,сол суреттердің үш тілде айту)
Аружан: Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр. «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.Келесі кезекте:
ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл» атты сайысымызды бастаймыз.
Айдос:
Шарты: мақалдың қалып қойған сөзің тауып орысша ағылшынша баламасын табу.Ойын шарты түсінікті болса,ойынымызды бастайық
І – топқа:
1.Мектеп кеме, білім ………..(теңіз,море,sea)
2.Қорада малың болын,кешеде ………. болсың (талың,дерево,tree)
3.Адам көркі шүберек,ағаш көркі………….(жапырақ,лист,foliage)
4.Құлан құдыққа құласа,құлағында…………ойнайды.(құрбақа,жаба,frog)
5.Жалғыз кірпіш қорған болмас,жалғыз ағаш……..болмас.(орман,лес,forest)
6. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)
7. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
Айзат: ІІ – топқа:
1. Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары,дети,children)
2. Қыз өссе елдің көркі, ……….өссе жердің көркі.(гүл,цветок,flower)
3. Біреуге мал қайғы,біреуге…………жан қайғы.(жан,душа,soul)
4. Мақтаның анасы жер,атасы-………..(су,вода,water)
5. Ақыл,……… тілмашы-тіл,бұл кепіл,
Жарық төгіп,елжіретер тіл деп біл!(білім,знания, knowledge )
6. Action speaks louder than ….. (word, слова, сөз)
7. Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
Айдос: Құрметті әділ қазылар мен қонақтар.Қатысушылар мен көрермендер! Сіздердікөңіл көтеруге және шаршағанымызды басатын сергіту сәтіне қатысуларыңызды сұраймыз.Алдарыңызда «Жұмыр қылыш» видеоролик қосылады. Бәріміз бірге ат салысайық!
Аружан: Ал қатысушылар енді кезекте өте қызықты сайыс.Орыс тіліндегі грамматикалық және орфографиялық және тіл байлықтарыңыздың деңгейінің дәлелдеудің реті түсіп тұр. «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Бұл сайысымыз: «Сөз қаруы – ой» деп аталады. Дайынбыз ба?Шарты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде ) Сіздерге интерактивті тақтадан суреттер ұсынылады. 7 мин уақытпен шектеледі.Бағалауда грамматикалық және орфоэпия қателіктеріне мән беріледі.
І топ «Дарын»
Суреттер: елбасы, оқушылар, жастар, мамандар
ІІ Топ «Жасұлан»
Суреттер: мәңгілік ел – 2050, ұш тұғырлы тіл,отбасы бақыты, мамандар
Айзат: Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім – дей келе, ендігі сайысымыздың аты «Ең үздік аудармашы» деп аталады.
Шарты: Үштілде берілген сұрақтарға жауап беру керек.Ал енді сұрақтарға кезек берелік.
Айдос: І – топқа сұрақтар:
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы? (Ы.Алтынсарин)
2. Give the translation of this word «Railway» (теміржол)
3. Кому, чему? Қай падеждің сұрағы? (Д.п.)
4. When was born Abai Kunanbaev? (1845 ж.)
5. «Абай жолы» авторы? (М.Әуезов)
6. Части речи, обозначающая предмет? (Существительное )
7. Орыс алфавитінде неше әріп? (33)
8. Give the translation of this word «knowledge» (Білім)
9. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (3)
10. How many seasons in the year? (4)
11. Ағылшын тіліндегі созылмалы осы шақтың етістігі қалай аталады? (Present Continuous)
12. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
13. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
14. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)
15. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
16. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)
17. Ағылшын Біріккен патшалығының Үкімет басшылығында кім отырады? (Ханшайым)
18. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
Аружан: ІІ– топқа сұрақтар:
1. Орыс тіліндегі тұрлаусыз мүшелері (Определ.,дополн.,обстоят.)
2. Антоним қандай сөздер? (мағынасы қарама-қарсы)
3. А.Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған? (И.Крылов)
4. Give the translation of this word « Parents» (ата-ана)
5. Слово «белый»по отношению к слову « черный» (Антоним )
6. Give the translation of this word «Friend» (дос, друг)
7. Тұрмыс-салт жырлары қандай әдебиетке жатады? (ауыз әдебиеті)
8. Неопределенная форма глагола (Инфинитив )
9. «Василий Тёркин» поэмасының авторы? (А.Т.Твардовский)
10. Give the translation of this word «Passenger» (жолаушы)
11. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)
12. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)
13. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
14. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)
15. Ұлыбритания Біріккен патшалығының құрамына қандай елдер кіреді? (Англия, шотландия, Уэльс, солтүстік Ирландия)
16. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -s жалғауын жалғайды)
17. Забияка, сирота относятся к какому роду? (Общий род)
18. Какое животное и корабль имеют одно название? (Броненосец)
Айзат: «Тіл білгірі»
Шарты: интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі,сол суреттердің үш тілде айту 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек.
І топ «Дарын»
Суреттер:
1. Киім – одежда – clothes
2. Тамақ – еда – food
3. Спорт – спорт – sport
4. Айна-зеркало-mirror
5. шаш — волосы –hair
6. друг – дос – friend
7. Қоңыраулы сағат – будильник – alarm clock
8. Қол ара – ножовка – handsaw
9. Балық – рыба – fish
10. Өшіргіш – ластик – rubber
11. Сызғыш – линейка – ruler
12. Степлер- степлер- stapler
13. Тоқылдақ – дятел – woodpecker
14. шыбын – муха- fly
15. Соқпалы аспаптар –барабан– drum kit
ІІ – топ «Жасұлан»
1. Итбалық – тюлень – seal
2. сарымсақ-чеснок – garlic
3. Қаламсауыт – пенал – pencil case
4. Бесік арба – коляска – pram
5. Үтік – утюг – iron
6. Тырма – грабли – rake
7. Шәрбат – сироп – syrup
8. Киім ілгіш – плечики – coat hanger
9. Шүберек – тряпка – duster
10. Жасанды шаш – парик – wig
11. Қайшы – ножницы – scissors
12. Сүлгілер – полотенца-towels
13. Жәшік – ящик – drawer
14. Күнделік – ежедневник – notebook
15. Мал дәрігері – ветеринар – vet
Қорытынды:
Айдос: Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тіл – халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу – уақыт талабы. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз! Қорытындылай келе сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз!
Аружан: Осымен, «Жас талап 2014 » үш тілді игеру мақсатында болған сайысымыз аяқталды. Жарыс болған жерде жеңіс те жеңіліс те бар.Сондықтан, жеңілдік деп мойынсынбай, алға қарай ұмтылайық! Жеңімпаз топ _____________ танылды.Сіздерді құттықтаймыз! Жеңіске жеңіс қоса беріңіздер! Әділ – қазылар мен қонақтарымызға көп рахмет уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге! Сау саламатта болыңыздар!
