Маусымдық белгілер
Дайырбекова Улжан Тохтарбековна
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Өткізген: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия, бастауыш сынып мұғалімі Дайырбекова Улжан Тохтарбековна
Пәні: дүниетану Сыныбы: 4 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Маусымдық белгілер
Сабақтың типі: білімді тексеру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: иллюстративті түсіндіру, қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, миға шабуыл, ассоциация, ой қозғау әдісі.
Талантты және дарынды балалар: Еламан, Диана, Айдария, Аружан
Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған: Ерсұлтан, Айнамкөз, Жанэль
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, қазақ тілі
| Негізгі түсініктер: | Өткен сабақпен байланысы: | Бағалау: | Сабақтың әдіс – тәсілдері: | |
| Маусымдық белгілер, ауа райы, жазғы және қысқы күн тоқырау, күзгі және көктемгі күн мен түннің теңелуі туралы түсінік қалыптасады | Ауа райы және төрт маусымдағы ауа райы ерекшеліктері | · Бақылау
· Жұмысты бағалау (формативті бағалау) · Сапалы білімді бағалау, өзін-өзі бағалау |
Иллюстративті түсіндіру, қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, миға шабуыл, ассоциация, ой қозғау әдісі | |
| Өлшемдік ойлау қабілеті: 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Жаз, күз, қыс, көктем осы төрт маусымның ауа райы ерекшеліктері, өздеріне тән белгілерімен танысу Білімділік: Оқушыларға төрт маусым жаз, күз, қыс, көктем ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр мезгілдерінің маусымдық өзгерістері жайлы әңгімелету. Жазғы және қысқы күн тоқырау, күзгі және көктемгі күн мен түннің теңелуі туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше, жұмыс қабілетін, топпен жұмыс жасау. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін дұрыс жеткізе айтуға, шығармашылық ізденістерін дамыту. Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, бір-бірін тыңдауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. |
||||
| Формативті бағалау нормасы:
тапсырманы толық нақты орындаса (өте жақсы) тапсырманы жақсы орындаса (жақсы) тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық) |
||||
| Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, смайлик, слайд, интерактивті тақта, ребус, бағдаршам, үлестірмелі тапсырмалар, электронды оқулық, қарлы кесек. | ||||
| Уақыты | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің рөлі | Оқушының рөлі | |
| І кезең
Ұйымдастыру кезеңі. |
üқатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру(оқу құрал-жабдықтарын реттеу, түгендеу)
üсыныпты топқа бөлу (қобдишадағы үлестірме қағаздары арқылы топқа бөлемін) üТоп басшысын сайлау, «Алтын ережеле» құру. |
Мұғалім сабақты бастайды.
Оқушыларды арнайы белгілер арқылы (гүл, бұлт, қар, көбелек) 4 топқа бөліп, топ басшысын және топ ережесін құрдырамын. |
Оқушылар тыңдайды, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды, ереже құрады, тілектерін айтады, жаңа сабаққа дайындалады. | |
| ІІ кезең
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі ІІІ кезең Оқушылардың білімін жан – жақты тексеру кезеңі |
Бүкіл сыныптың жұмысы:
Үй тапсырмасын сұрау – Балалар үйге қандай тапсырма берілді? – 44-45 бет «Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні» ØҮй тапсырмасын 4 топқа үлестірме тарату арқылы сұраймын. І топ: Ауа райы деген не? Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім? ІІ топ: Ауа райы қалай өзгереді? Ауа райы болжамын білу не үшін қажет? ІІІ топ: Будақ бұлттар. Алғашқы найзағай (қосымша мәлімет) ІV топ: Кезінде адамдар ауа райын неге қарап білген? Әр топ басшылары өз топ аттарына байланысты ауа райын таңдап, сұраққа жауап береді. ØКүн (жаз тобы)– Бұлттың қандай түрлері болады? ØЖаңбыр (күз тобы) – Жауын шашын түрлерін ата? ØҚар (қыс тобы) – Ауа райы болжамын білу не үшін қажет? ØБұлтты күн (көктем) – Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім? |
Оқушылардың іс-әрекетін бақылаймын, керек кезде бағыт бағдар беремін.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында топ басшыларын интерактивті тақтадағы сұраққа жауап аламын. |
Топпен ақылдаса отырып, тапсырманы орындайтын оқушыны шығарады. Өз білімдерін ортаға салады.
Сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сұраққа жауап береді. |
|
| ІV кезең
Сабаққа мақсат қою V кезең Жаңа сабақ VІ кезең Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі. Кері байланыс. «Қарлы кесек» әдісі Рефлекция VII Оқушылардың білімін бағалау. VIII. Үйге тапсырма |
Қызығушылықты ояту.
«Кім тапқыр?» Әр топқа «РЕБУС» шештірту арқылы жаңа сабаққа тірек, негіз болатын сөздерді тауып алу. Дұрыс әрі толық жауаптар фишкалармен (смайлик) бағаланып отырады. І топ: ТОҚЫРАУ ІІ топ: ТЕҢЕЛУ ІІІ топ: МАУСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕР ІV топ: АУА РАЙЫ – Тоқырау, теңелу деген сөздерді естігендерің барма?(Оқушылар мағынасын білмесе бағдаршамның қызыл түсін көтереді) Тоқырау – бірнеше мағынада қолданады. Жойылу (тоқырау) Жазғы күн тоқырауы – әр жылдың 21 маусымында Күннің экватордан солтүстікке қарай аз ғана ауытқуы. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады Қысқы күн тоқырауы – 22 желтоқсанда күннің экватордан оңгүстікке карай ең алыс болған эклиптикадағы орны; Солтүстік жарты шардағы ең қысқа күн және ең ұзақ түн. Теңелу – 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұрғы теңелу күні (Ол Оңтүстік жарты шарда күзгі теңелу күні), 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңт. Жарты шарда- жазғытұрғы) теңелу күні, Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні. Маусымдық белгілерге не жатады – 4 мезгіл (Жаз, күз, қыс, көктем) және олардың өздеріне тәр ерекшеліктер. – Топтарыңның аттарына назар аударыңдаршы, бұл атаулар тегін емес екен. Сендер 4 топ бірігіп, «төрт маусымды» құрайды екенсіңдер. Олай болса әр топ өз топтарың жайлы қысқаша қорғай кетсеңдер. Ауа райы дегеніміз – ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай – күйі. – Яғни балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты: жаз, күз, қыс, көктем осы 4 маусымдағы ауа райы ерекшеліктерімен танысу. Сабағымыздың тақырыбы: «Маусымдық белгілер» vОқулық бойынша жұмыс. – 4 топ бірлесе отырып тақырып мазмұныны ашайық. Әр топ «Маусымдық белгілер» мәтінінен өздерінетиесілі бөлікті оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын талқылайды. vЖаңа тақырыпқа байланысты электронды оқулықтан видео ролик көрсету vИнтерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді: üЖазғы күн тоқырауынан кейін күн қалай өзгереді? üКүзгі күн мен түннің теңелуінен кейін қандай өзгерістер болады? üҚысқы күн тоқырауынан кейін күн қалай өзгереді? üКөктемгі күн мен түннің теңелуі қай кезде болады? vСергіту сәті vШығармашылық жұмыс І топ: 4 маусымға байланысты мақал – мәтелдер жазыңдар. ІІ топ: «Боран» сөзіне 5 жолды өлең құрастырыңдар. ІІІ топ: Өз топтарың туралы сурет салыңдар. ІV топ: Жыл мезгілдері туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер? vТермин сөздер -Балалар бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық: ØТоқырау ØТеңелу 22 – маусымда … 23 – қыркүйекте … 22 – желтоқсанда … 21 – наурызда … – Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, несімен ұнады, не түсініксіз болды??? – деген сұраққа жауап алу. Бүгінгі сабақ оқушыларға түсінікті және қызықты өтті, фишкалармен бағалау жоғары баға алуға мүмкіндік берілді, пәнгеге деген қызығушылық, өз-өзіне деген сенім пайда болды. Алған білім-білік дағдыны оқушылар талдайды Әр топ басшылары өз топ мүшелерін бағалайды ü46 – 47-бет «Маусымдық белгілер» – оқып мазмұндау üЖыл маусымдарына сурет салу |
Ойын ойнату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Мұғалім ребус шешімі болған тірек сөздерге баса назар аудартады. Мұғалім сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады Мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын қарастырады Білім – білік дағдыларын тексеремін. Жауап берген оқушыларды смайликпен бағалап отырамын. Шығармашылық тапсырмаларын беремін Оқушы жауаптырын тыңдаймын. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандары, несімен ұнағандығы, не түсініксіз болғаны туралы кері байланыс жасаймын. Жиынтық баға қойылады Үйге тапсырма беремін |
Топпен ақылдаса отырып жауап береді.
Оқушылар мағынасын белмесе бағдаршамның қызыл, сары түсін көтереді Әр топ топ аттарын қысқаша қорғайды. Оның ауа райы ерекшеліктеріне тоқтала кетеді. Осы сабақ арқылы балалар жаз, күз, қыс, көктем осы 4 маусымдағы ауа райы ерекшеліктерімен танысады. Әр топ «Маусымдық белгілер» мәтінінен өздеріне тиесілі бөлікті оқиды. Өз оқуына және сыныптастарының оқуына жауапкершілікпен қарайды. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді Сергіту видео роликпен бой сергітеді Шығармашылық тапсырмасын дарынды оқушылар, нашар оқушыларға көмек көрсетіп, бірге жұмыс жүргізеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, не үйренгенін, не түсініксіз, қай жағынан қызықты болғанын ортаға салады. Оқушылардың бойында өзіне деген сенімдері пайда болады. Топ басшысын тыңдайды, өзін-өзі бағалауды, бір-бірін бағалайды Үйге тапсырма алады. |
|
