Екі ойыншының арасында допты тордан жоғары және астынан асыру

ШҚО Семей қаласы

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Бодауов Ербол Рымгазинович

Сабақтың тақырыбы: Екі ойыншының арасында допты тордан жоғары және астынан асыру.

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Екі ойыншының арасында допты тордан жоғары және

астынан асыру арқылы білімділіктерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ептілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Сыныбы: 8

Мерзімі:

Сабақтың өткізілетін орны: Спорт залы

Уақыты: 45 минут

Көрнекті құралдар: Доптар, тор, уақыт.

№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
I Кіріспе бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу, амандасу:

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Орында саптағы жаттығулар

Оңға, солға, кері бұрылу. 1 қатардан 2 қатарға тұру.

А) Жүру: қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Қолды белге қойып аяқтың іш жағымен және сырт жағымен жүру.

Б) Жүгіру: оң және сол иықпен секіріп жүгіру.

Артпен жүгіру. Тізені алма кезек көтеріп бір аяқпен секіріп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығуын орындау.

Бастапқы қалыптан негізгі қалыпқа тұрамыз, екі аяқтың арасы иық деңгейіне сәйкес болуы керек.

1.Екі қол белде, басты оңға және солға 4 рет айналдырамыз.

2.Екі қол иықта алдыға, артқа 4 рет айналдырамыз.

3.Екі қол алдыға

созып, қайшылаймыз.

4.Қолды біріктіріп кистіні айналдыру.

5.Қолды алдыға ұстап, 1-2 оң жағымызға 3-4 сол жағымызға бұрылу.

6.Оң қол жоғары сол қол белде 1-2 солға, 3-4 оңға.

7.Екі қолды белге қойып, белді оңға, солға 4-рет айнаодырамыз.

8.Еңкейіп қолды сол және оң аяққа жеткіземіз.

9.Екі қолды алдыға созып, оң аяқты сол қолға, сол аяқты оң қолға тигіземіз.

10.Қолды алдыға созып отырып тұрамыз 15 рет.

11.Екі қолды тізеге қойып, ішке және сыртқа 4-рет айналдыру.

12. 1-артқа шалқайамыз, 2-қолды аяқтың ұшына тигіземіз тізе бүгілмейді. 3-отырамыз, 4-тұрамыз.

10-15

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

Оқушылардың тазалығына мән беру

Қолды алдыға және артқа айналдыру. Сол иықпен қарап отыру.

Қолды екі жақ жанына ұстаймыз.

Жаттығуды дұрыс орындау

Жаттығуды дұрыс орындау.

II Негізгі бөлім:

1.Сынып оқушыларын екі сапқа тұрғызып допты тордан асырып беруді түсіндіру. Екі оқушы бір-бірімен допты тордан асыра ойнайды. Бұл жаттығуды орындағанда допты екі қолмен жоғарыдан аламыз.

2.Ұлдарды және қыздарды екі топқа бөліп, жеңілдетілген екі жақты ойын өткізу. Ойын кезінде төрешілік ету.

20-25 Оқушылардың допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
III Қорытынды бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру, қоштасу.

3-5

1 минут

3 минут

1 минут

Аяқ, қолға арналған жаттығулар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше