Допты қабылдап торға тастау

ШҚО Семей қаласы

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Бодауов Ербол Рымгазинович

Сабақтың тақырыбы: Допты қабылдап торға тастау .

Сабақтың мақсаты: Баскетбол ойының меңгерту.

Сабақтың міндеті: 1. Баскетбол ойынының айла-тәсілдеріне үйрету

2. Оқушыларды адамгершілікке, ақыл-ой,

эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу

3.Денсаулықты нығайту, ағзаның барлық жүйесін

дұрыс және өз уақытында дамыту

Сыныбы: 9

Мерзімі:

Сабақтың өткізілетін

орны: Мектеп спорт залы

Уақыты: 45 минут

Керекті құралдар: Баскетбол добы, кедергілер, секундомер,

ысқырық.

№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
1 КІРІСПЕ БӨЛІМ 12-15мин
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, тақырыппен таныстыру, спорттық аяқ киімдерін тексеру, техника қауіпсіздік ережесін ескерту. 2-3 минут Сапта тыныш тұру, сұрақ-жауап
Денені қыздыру

Жүрістер: аяқтың ұшында, өкшеде, аяқ басының сыртқы және ішкі қырымен

1-2 минут Қол белде, денені тік ұстаймыз
Жеңіл жүгіріс: оң (сол) жақ қырмен және арқаны алға беріп

Жүрістер: тыныс алу жүйесін қалпына келтіру

2-3 минут Арақашықтықты сақтау, қол белде
Ж.Д.Ж.

Бастақы қалып – екі қолды бүгіп, кеуденің тұсында ұстау

1-2 – қолды артқа сермейміз

3-4 – қолды жазып артқа сермейміз

7-8 рет Арақашықтықты сақтау, деніні тік ұстау, қолды артқа толық сермейміз
Бастапқы қалып – оң қол жоғарыда, сол қол төменде

1-2 – қолды артқа сермейміз

3-4 – қолдың тұрысын өзгертеміз

7-8 рет Арақашықтықты сақтау, қолды бүкпей, тік ұстаймыз, артқа толық сермейміз
Оң (сол) аяқта секіру және екі аяқты біріктіріп секіру; қолды төмен жіберіп, қолдың басын еденге параллель ұстап, аяқ басының сыртқы қырын тигізу; қолды алдыға қарай жіберіп, аяқ басының ішкі қырын тигіземіз 2-3 рет Арақашықтықты сақтау, қол белде, денені бүкпейміз, қолды қимылдатпаймыз, денені тік ұстаймыз
Қолды белге қойып, жартылай отыру, қолды алдыға беріп, толық отыру, қолды белге қойып, отырып секіру 1-2 рет Белді бүкпейміз, басты тік ұстаймыз, арақашықтық

ты сақтау

Бастапқы қалып – қол иықта

1-4 – қолды алдыға айналдырамыз

5-8 – қолды артқа айналдырамыз

7-8 рет Бұйрықты орындаймыз, иықты толық айналдырамыз
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 20-25мин
1. Допты алып жүру

а) б)

5-7 минут

А) 2-3 м

Б) 2-3 м

А) Сыныпты төртке бөліп, залдың екі жағында бір-біріне қарама-қарсы қойып, допты жүгіріп алып келіп, қарсы тұрған әріптесіне беріп, өзі сол команданың соңына тұрады. Сөйтіп жаттығу жалғаса береді.

Б) Бұл жаттығу тура алдыңғы жаттығу сияқты, бірақ допты кедергілерден өтіп алып жүреді.

2. Допты бір және екі қолмен беру

а) б)

3. Допты нысанаға жақын және орта қашықтыққа лақтыру

«Ұлдар! Қыздар! Сызықтан аспаңдар»

ойыны

4-5 минут

А) 2-3 м

Б) 2-3 м

4-5 минут

2-3 минут

4-5 минут

Сыныпты төртке бөліп қарама-қарсы тұрғызып, допты екі қолмен кеуде тұсынан қарсы тұрған әріптесіне беріп, өзі сол команданың соңына барып тұрады.

Сыныпты төртке бөліп, допты бір қолмен иықтың тұсынан қарсы тұрған әріптесіне беріп, өзі сол команданың соңына барып тұрады.

Сыныпты екіге бөліп, бірінші команда допты соғып алып, нысанаға жақын қашықтықтан екі адым жасап тастап, екінші команда орта қашықтықтан тастап, допты әріптесіне беріп, саптың соңына тұрады. Содан кейін командалар жаттығу орындарын айырбастайды

Оқушыларды екіге бөліп, берілген уақыт ішінде допты кедергілерден алып өтіп, нысанаға тастап, әріптесіне лақтырып беріп, саптың соңына барып тұру. Қай команда көп ұпай жинайды, сол жеңімпаз.

Оқушыларды екіге бөліп, ұлдар ортаңғы сызықтың бір жағында, бірінші команда шабуылда, екінші команда қорғаныста, қыздар екінші жағында, керісінше бірінші команда қорғаныста, екінші шабуылда, 2-3 минуттан кейін орын

Айырбастай

ды

.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 4-5мин
Сапқа тұрғызып, спорт залды айналдыра тыныс алу жүйесін бастапқы қалыпқа келтіріп, өтілген тақырыпты талқылап, жетістіктері мен кемшіліктерін айтып, бағалау, үйге тапсырма Мұғалімнің

бұйрығын бұлжытпай орындау,.

Сұрақ-жауап

Таңғы жаттығу, ойынның ережелерін жаттау.

–ШҚО Семей қаласы ерікті тілші Ермухамбетова Жанар

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше