Fwd2:
ШҚО Семей қаласы
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Бодауов Ербол Рымгазинович
Пән: Дене шынықтыру.
Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын – волейбол.
Сабақтың мақсаты:
► Білімділік: Екі қолмен допты жоғарыдан қабылдау және
беруді меңгерту;
► Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұжымдық тәрбиеге тәрбиелеу
► Дамытушылық: Аяқ қол бұлшық еттерін жетілдіріп дамыту,
ептілікті, икемділікті арттыру, тыныс алу мен қан
айналу жүйесінің қызметін жақсарту.
Сыныбы: 8
Мерзімі: «____» ______________ 200 __ ж.
Сабақтың өткізілетін
орны: Мектеп спорт залы
Уақыты: 45 минут
Керекті құралдар: Доптар, секіргіш жіптер, гимнастикалық орындық,
төсеніштер, қол күшін өлшегіш, уақыт, ысқырық.
| № | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
| КІРІСПЕ БӨЛІМ: 15-20 минут | |||
| І. | – Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт.
– Сәлемдесу, түгендеу. – Сабақтың мақсатын түсіндіру. – Орында саптағы жаттығуларды орындау: оңға, солға, кері бұрылу. 1 қатардан 2 қатарға тұру. А) Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды белге қойып, жартылай отырып жүреміз. Ә) Жүгіру: Оң және сол иықпен секіріп жүгіру. Артпен жүгіру. Тізені алма-кезек көтеріп жүгіру. Қолды желкеге ұстап, аяқты сермеп жүгіру. Терең дем алып, бастапқы қалыпқа келу. Б) Жалпы дамыту жаттығуларын орындау: 1) Бастапқы қалып, аяқ иық деңгейінде, екі қол белде, басты оңға және солға 4 рет айналдырамыз. 2) Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, екі қол алдыға және артқа 4 рет айналдырамыз. 3) Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, қолдың басын біріктіріп толқын жасаймыз. 4) Бастапқы қалып аяқ алшақ, екі қолды белге қойып, белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз. 5) бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, екі қолды тізеге қойып, ішке және сыртқа 4 рет қайталау 6) бастапқы қалып аяқ алшақ, екі қол белде, тобықты айналдырамыз. 8-10 рет ЖДЖ айналмалы дайындық түрінде Ұл балаларға 1-бекет. Гимнастикалық орындықтан қос аяқпен секіру. 2-бекет. Жатып қолды бүгіп жазу 3-бекет. Қол күшін өлшегішпен жаттығу 4-бекет. Секіргіш жіппен секіру 5-бекет. 2-3 кг салмағы бар гирмен түрегеп тұрып, әртүрлі жаттығулар жасау ЖДЖ айналмалы дайындық түрінде Қыз балаларға 1-бекет. Гимнастикалық орындықтан қос аяқпен секіру 2-бекет. Төсеніште дене көтеру 3-бекет. Қол күшін өлшегішпен жаттығу 4-бекет. Секіргіш жіппен секіру 5-бекет. 2-3 кг салмағы бар гирмен түрегеп тұрып, әртүрлі жаттығулар жасау. |
2 минут
1 минут 2 минут 15 минут 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 2 минут 2 минут 2 минут 2 минут 2 минут |
Оқушылардың тазалығымен спорт киімдеріне мән беру
Жүру, жүгіру кезінде арақашықтықты сақтау Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау Он рет жаттығу жасап, дем алу, қайта жасау. Аяқ бұлшықетін қыздыру Қолдың басын және білекті қыздыру. |
| НЕГІЗГІ БӨЛІМ: 20 минут | |||
| ІІ. | 1) Сынып оқушыларын бір қатарға тұрғызып, екі қолмен допты жоғарыдан, төменнен беру және қабылдауды түсіндіру.
2) Қыздар мен ұлдарды екіге бөліп, қарама-қарсы лекке тұрғызу арқылы орынды ауыстырып доп беру. 3) Серіктесіне допты беру кезінде, кеткен қателіктерді айту 4) Жеңілдетілген ережемен волейбол ойынын ойнау. |
2 минут
8 минут 10 минут |
Оқушылардың толық зейін қойып тыңдауын қадағалау
Дәл және дұрыс бере білу Допты тордан асыра алмаған бала ойыннан шығып алаңдағы баламен ауысады. |
| ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: 3-5 минут | |||
| ІІІ. | Оқушыларды сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма беру, қоштасу |
5 минут | Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атау, бағалау.
Аяқ және қолдың күшін көбейтуге арналған жаттығулар |
