Футбол ойыны. Допты алып жүру және беру әдістері н меңгерту

ШҚО Семей қаласы

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

дене шынықтыру мұғалімі

Көкежанов Шоқан Болатханұлы

Пән: Дене шынықтыру 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны.Допты алып жүру және беру әдістерін меңгерту.

Өкізу мерзімі :

Сабақтың мақсаты: Допты алып жүру ,беру әдіс тәсілдерін үйрету.

1. Қимыл – қозғалыс әрекеттерін дамыту

2. Ұжымдық жолдастық сезімдерге тәрбиелеу.

3. Аяқ қол бұлшық еттерін жетілдіріп дамыту, ептілікті, икемділікті арттыру, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметін жақсарту.

Сынып: 9

Уақыты: 45 минут

Өткізілетін орын: Спорт зал

Қажетті құрал-жабдықтар: Футбол доптары, кедергілер.

№ Сабақтың мазмұны уақыты әдістемелік нұсқаулар
І

1.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Сапқа тұрғызу, амандасу, сабақтың мақсатымен таныстыру

12-15 мин. Спорттық киімге көңіл бөлу
2. Саптық жаттығулар, оңға, солға, шұғыл бұрылу 3-4 рет Команданы орындау
3. Жүру жаттығулары: Қолды жоғары көтеріп аяқтын ұшымен жүру. Қолды белге қойып, өкшемен жүру. Аяқтың ішкі –сыртқы қырымен жүру. Жартылай отырып жүру. Толық отырып жүру 2-3 мин. Арақашықтықты сақтау

Қол белде

4. Жүгіру жаттығулары: оң (сол) бүйірмен тіркеме адыммен жүгіру. Артқа қарап жүгіру. Тізені көтеріп жүгіру. Аяқты артқа сермеп жүгіру.

Спорттық жүріске ауысу: Дем басу жаттығулары. Төрт қатарға тұру.

2-3 мин.

30 сек

Қолды алға, артқа айналдырамыз.

Қол алда.

Қол белде.

Қатарға тұруды қадағалау

5. ЖДЖ

1.Б.Қ- аяқ иық кеңдігінде, қол белде 1-4 санға басты оңға айналдырамыз, 1-4 санға басты солға айналдырамыз.

2. Б.Қ – аяқ иық кеңдігінде, қол иықта 1-4 санға қолды алға айналдырамыз, 1-4 санға қолды артқа айналдырамыз

3. Б.Қ – аяқ иық кеңдігінде қол белде 1-4 санға белді оңға айналдыру, 1-4 санға белді солға айналдырамыз

4. Б.Қ – аяқ иық кеңдігінде, қол белде 1-4 санға оң қолды көтеріп солға иілеміз, 1-4 санға сол қолды көтеріп оңға иілеміз

5. Б.Қ – аяқ иық кеңдігінде екі қол алда 1-4 санға шынтақты ішке қайырамыз, сыртқа қайырамыз.

6. Б.Қ – алшақ қол тізеде, тізені 1-4 санға ішке, 1-4 санға сыртқа айналдырамыз

7. Б.Қ – қол белде, оң аяқ алдыда тобығымызды ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз, сол аяққа тобығымызды ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз.

8. БҚ аяқ алшақ қол алда 4-6 рет отырып, тұрамыз.

9. БҚ қол белде 1-4 санға оң аяқпен секіреміз, 1-4 санға сол аяқпен секіреміз, 1-4 санға қос аяқпен секіреміз.

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

Басты толық айналдырамыз

Қолды толық айналдырамыз

Жаттығуды толық жасаймыз

Аяқ алшақ

Жаттығуды толық орындаймыз

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,өз тізбегінің ең соңына барып тұрады:

5 мин Допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті.

Ойыншылар уақытында орын алмастыруға тиісті.

Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,жыл-дам қарсы тізбектің соңына барып тұрады: 5 мин. Допты аяққа екі рет тигізіп беруге тиісті.

Бір тізбектен екінші тізбекке орын алмас-тыру өте шапшаң- дықпен өтуге тиісті.

В) Бір –біріне қарама-қарсы екі тізбек,ор-тасында бір ойыншы,сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен,оған доп берген ойыншымен кезекпе-кезек доп алмастырады: 5 мин Ойыншылардың доп беру кезінде уақы-тында орын алмас-тыруы.Ортадағы ойыншы 1 минут өткесін басқа ойын-шымен орын алмас-тыруы керек.
Г) Тізбектегі ойыншылар алма – кезек допты жүргізу,кеглилерді айналып өту,басқа ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап,тізбектің соңына барып тұрады. 5 мин Допты жүргізу кезінде басын жоғары ұстап, айналадағылар-ды да көтуге міндетті.
Д) Екі жақты ойын 5 мин Ойын ережесін сақтау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

1. Сапқа тұрғызу

2. Сабақтың қорытындысын шығару, баға қою.

3. Үйге тапсырма, қоштасу

3-5 мин Сапта дұрыс тұру,

Доппен жасалатын жаттығулар

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше