Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Тіреліп кіші ат тан секіру.
ШҚО Семей қаласы
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
дене шынықтыру мұғалімі
Көкежанов Шоқан Болатханұлы
Пән: Дене шынықтыру 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Тіреліп кіші аттан секіру.
Сабақтың мақсаты: Кіші аттан секіру әдістерін меңгерту.
1 Гимнастикалық үш сайыс жарыстарын үйрету..
2 Жылдамдық , икемділік дағдыларын қалыптастыру,ептілікті,қозғалыс үйлесімін дамыту.
3 Салауатты өмір салтын ұстануға, спортты сүюге тәрбиелеу.
Сыныбы: 10 «Ә»
Мерзімі: 25.11.2014.
Уақыты: 45 мин
Сабақтың өткізілетін
орны: Спорт зал
Керекті құралдар: Гимнастикалық төсеніштер,гим кіші ат,серіппе.
| № | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
| І | КІРІСПЕ БӨЛІМ
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу, кезекшінің мәлімдемесін тыңдау. Сабақтың мақсатымен таныстыру. |
12-15 мин | Спортық киімге көңіл беру |
| Саптағы бұрылу жаттығулары: оңға, солға, шұғыл бұрылу.
Жүру жаттығулары: а) қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру; ә) қолды белге қойып өкшемен жүру; б) аяқтың сыртқы (ішкі) қырымен жүру; в) жартылай отырып жүру; г) толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: а) оң (сол) бүиірмен тіркеме адыммен жүгіру ә)артқа қарап жүгіру б)тізені көтеріп жүгіру в)аяқты артқа сермеп жүгіру Спортық жүріске ауысу : Дем басу жатығулары, үш қатарға тұру |
3-4 рет
2-3 мин 2-3 мин 30 сек |
Команданы орындау
Арақашықтықты сақтау Қол белде Қолды алға артқа айналдырамыз Қол алда Қол белде Қатарға тұруды қадағалау |
|
| ЖДЖ
1.Б.Қ- аяқ иық кеңдігінде , қол белде 1-4 санға басты оңға айналдырамыз, 1-4 санға басты солға айналдырамыз. 2.Б.Қ-аяқ иық кеңдігінде,қол иықта 1-4 санға қолды алға айналдырамыз, 1-4 санға қолды артқа айналдырамыз 3.БҚ-аяқ иық кендігінде қол белде 1-4 санға белді оңға айналдыру, 1-4 санға белді солға айналдырамыз. 4. БҚ-аяқ иық кендігінде қол белде 1-4 санға оң қолды көтеріп солға иілеміз , 1-4 санға сол қолды көтеріп оңға иілеміз 5. БҚ –аяқ иық кеңдігінде екі қол алда 1-4-санға шынтақты ішке қайырамыз, сыртқа қайырамыз. 6. БҚ-аяқ алшақ қол тізеде ,тізені 1-4-санға ішке,1-4-санға сыртқа айналдырамыз 7. БҚ қол белде оң аяқ алдыда тобығымызды ішке 4 рет ,сыртқа 4 рет айналдырамыз, сол аяқа тобығымызды ішке 4рет , сыртқа 4рет айналдырамыз. 8. БҚ аяқ алшақ қол алда 4-6 рет отырып тұрамыз. 9. БҚқол белде 1-4 санға оң аяқпен секіреміз, 1-4 санға сол аяқпен секіреміз, 1-4 санға қос аяқпен секіреміз |
3-4 рет
3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет 3-4 рет |
Басты толық айналдырамыз
Қолды толық айналдырамыз Жаттығуды толық жасаймыз Аяқ алшақ Жаттығуды толық жасаймыз |
|
| ІІ | НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Гимнастикалық үш сайыс жарысы,кубиктермен қайталап жүгіріп жарыстыру. 1. Оқушыларға кіші ағаш аттын тұрысымен,серіппе тұғырының орналасу жағдайларымен таныстыру. 2. Кіші ағаш аттан секіру жаттығулары екі түрлі бағытта орындалады : көлденеңінен және ұзыннан секіру,бұл жаттығуды орындау үшін Алдымен ағаш атсыз серіппенін көмегімен секіруді бірнеше рет қайталау. 3.Оқушы секіру бағытынан жүгіріп шығып серіппеге қос аяқпен секіріп түсіп,екі қолды ағаш атқа тіреп екі аяқты алшақ ұстаған қалыпта секіріп өту, екінші әдісте екі аяқпен бірдей серпіле көтеріліп ,қолды тіреп атқа отыру және денені жаза алға немесе бір жақ жанға секіріп түсу. 4.Секіру әдістерін толық меңгерген оқушыларға серіппені алшақтатып жаттығуды күрделендіре жасату. |
20-25 мин
5 минут 3 минут 10 минут 7 минут |
Қауіпсіздікті сақтау
Жаттығуды дұрыс орындау Секіру кезінде ағаш ат жанында көмек жасау Қауіпсіздікті сақтау |
| ІІІ | ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Оқушыларды сапқа тұрғызу Сабақты қорытындылау Бағалау. Үйге тапсырма беру |
3-5 мин | Сапта дұрыс тұру
Секіруге арналған жаттығулар |
