Шаңғы дайындығы.Ауыспалы екі адымды жүріс

ШҚО Семей қаласы «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

дене шынықтыру мұғалімі Болатов Арман Мұхтарұлы

Дене тәрбиесі. 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы дайындығы.Ауыспалы екі адымды жүріс..

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ауыспалы екі адымды жүрісті меңгеру.

2. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Шаңғы тебу арқылы оқушының күшін, шыдамдылығын,төзімділік қасиеттерін жетілдіру.

Сыныбы:­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 8

Мерзімі:

Сабақтың өткізілетін орны: Мектеп спорт алаңы.

Уақыты: 45 минут

Көрнекті құралдар: Шаңғылар,таяқшалар,уақыт.

№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
Кіріспе бөлім: 10-15 минут
І Оқушыларды далаға шығарып белгіленген орынға апарып,сапқа тұрғызу.Рапорт.

-Сап түзеліңдер

-Тік тұрыңдар!

-Салеметсіңдерме

-Еркін тұрыңдар!

Түгендеу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

– Саптық жаттығулар

1. Орнында орындалатын жаттығулар:

А)- қол алдыда

– сол қолды алдыда

– оң қолды жоғарыда

– сол қолды жоғарыда

Б) – таяқ төменде

-аяқтың ұшына көтерілу, таяқты жоғары көтеру

-аяқтың өкшесімен тұру, таяқты жерге қою

В) – аяқтар алшақ орналасқан. Таяқ төменде.

-сол аяқпен таяқшаға итеріле адым жасау

– сол сияқты оң аяқпен жасау

10 мин

3-4р

3-4р

Оқушылардың тазалығымен спорт киімдеріне мән беру.

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау.

Негізгі бөлім: 20-25 минут
II 1. Шаңғының ұзындығы мен таяғы әр оқушының бойына қарай өлшелініп алынады.Шаңғыны аяққа киіп ең әуелі таяқсыз қалай жүруді үйрету. Кеудені сәл еңкейтіп, сол аяқпен алға сырғаната қадам жасап, дененің салмағын сол аяққа түсіреді. Осымен бір мезетте оң қол кеуде тұста шынтақтан бүгіле, алға қарай шұғыл сермеледі. Сол қол артқы кетеді. Енді оң аяқ ілгері басылады да, сол аяқ кеуде тұста, шынтақтан бүгіле алға қарай шұғыл сермеледі, бұл мезетте оң қол артқа кетеді. Осылайша қол мен аяқтың бұл қимылдары алма кезек қайталанып отырады.

2 Шыдамдылыққа арақашықтықты жүріп өту.

Спорт алаңын айналарда сырғанаған жағдайда тепе- теңдігін сақтауды үйрену.

Таяқшалардың көмегімен сырғанап үйрену.

Шаңғыны дұрыс киюін қадағалау.

Оқушылардың қалай жүріп келе жатқандығын бақылап, қолдың дұрыс қимылдауын қадағалап отыру.

Қорытынды бөлім: 3-5 минут
III Оқушылар сапқа келіп тұрады. Шаңғыларын шешеді де, иықтарына көтереді. Саппен жүріп келіп шаңғыны қоймаға қояды.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.Қоштасу.

5-минут Шаңғымен сырғанауды үйреніп келу.

–ШҚО Семей қаласы ерікті тілші Ермухамбетова Жанар

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше