Ұлттық ойындар

ШҚО Семей қаласы «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

дене шынықтыру мұғалімі Болатов Арман Мұхтарұлы

Дене тәрбиесі. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ұлттық ойынды насихаттау және ойнау тәсілдерін үйрету.

2. Тәрбиелік: оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу

3. Дамытушылық: Ептілік,жылдамдылық қасиеттерін арттыру.

Сыныбы:­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 4

Мерзімі:

Сабақтың өткізілетін орны: Мектеп спорт залы

Уақыты: 45 минут

Көрнекті құралдар: арқан,ағаш аттар,тенге,қамшылар.

№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
Кіріспе бөлім: 10-15 минут
I Оқушыларды сапқа тұрғызу,Рапорт.

Сәлемдесу,түгендеу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Орында саптағы жаттығуларды орындау: оңға,солға,кері бұрылу.1қатардан 2қатарға тұру.

А) Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.Қолды желкеге қойып өкшемен жүру.

Қолды белге қойып аяқтың іш жағымен және сырт жағымен жүру

Ә) Жүгіру: Оң және сол иықпен секіріп жүгіру.

Артпен жүгіру. Тізені алма кезек көтеріп жүгіру.Қолды желкеге ұстап, аяқты артқа сермеп жугіру.Терең дем алып,бастапқы қалыпқа келу.

Б)Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

1.Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде,екі қол белде,басты оңға және солға 4-рет айналдырамыз.

2.Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, екі қол иықта алдыға жене артқа 4-рет айналдырамыз.

3. Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, екі қолды алдыға созып,қайшылаймыз.

4. Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде,қолды алдыға созып білегімізді айналдырамыз

5. Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде,қолдың басын біріктіріп толқын жасаймыз.

6. Бастапқы қалып аяқ алшақ,оң қол жоғары сол қолымыз белде 1-2 солға,3-4 оңға еңкейеміз.

7. Бастапқы қалып аяқ алшақ,екі қолды белге қойып, белді оңға 4-рет,солға 4-рет айналдырамыз.

8. Бастапқы қалып аяқ алшақ, қолымыздың ұшын 1- сол аяққа,2-ортаға,3- оң аяққа жеткіземіз,4-бастапқы қалыпқа келеміз.

9. Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде, қолды алдыға созып отырып тұрамыз 1-отырамыз,2-тұрамыз,3-отырамыз,4-тұрамыз.

10. Бастапқы қалып аяқ иық деңгейінде,екі қолды тізеге қойып,ішке және ыртқа 4-рет айналдыру

11. Бастапқы қалып аяқ алшақ,1-оң аяққа отырамыз, 2-бастапқы қалып, 3-сол аяққа отырамыз, 4-бастапқы қалыпқа келеміз.

12. Бастапқы қалып аяқ алшақ,екі қол белде,тобықты айналдырамыз. 8-10 рет.

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

Оқушылардың тазалығымен спорт киімдеріне мән беру.

Бұрылғанда аяқты дұрыс алуын қадағалау.

Қолдың дұрыс болуын қадағалау.

Басты солға бұру.

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау.

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау

Негізгі бөлім: 20-25 минут
II Оқушылырды топтарға бөлу.

Ойындардың мазмұнын түсіндіру,улгісін көрсету,айнату.

*Бәйге

*Теңге алу

*Аударыспақ

*Егіз тартыс

*Арқан тартыс

Мұғалімді мұқият тыңдау

Ойын ережелерін түсіндіру

Ереже бойынша ойнау,жеңімпаз топты анықтау

Қорытынды бөлім: 3-5 минут
III Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру,қоштасу.

5-минут Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атау,бағалау.

Аяқ және қолдың күшін көбейтуге арналған жаттығулар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше